2. Сӛз тіркестері. Сҿз тіркестері кҿбінесе ҽдеби тілдің
материалдары негізінде сҿз болып жүр де, диалектілердегі сҿз
тіркестерінің мол қоры жҿнінде арнаулы еңбектер жазылмай
келеді. Бұл материалдарды жинаудың, зерттеудің қазақ тіліндегі
сҿз тіркестерін жан-жақты тексеруде, заңдылықтарын ашуда
жҽне қазақ тілінің жалпы тіл байлығын кҿрсетуде үлкен маңызы
бар.
Говорлардағы сҿз тіркестерінің құрамындағы сҿздердің ҿзара
байланысу тҽсілі немесе жасалу жолдары ҽдеби тілдегідей.
129
Говорлардағы кҿптеген сҿздердің тіркесу қабілеті күшті.
Кейбір сҿздер бірнеше тіркестердің жасалуына негіз болады.
Мысалы, батыс говорлар тобында ҿз алдына жеке қолданылатын
ілкі (алғашқы) мен әзірде сҿздері ҿзара тіркесіп те, басқа сҿздермен
тіркесіп те кҿптеген тіркестердің жасалуына негіз болады. Мысалы:
ілкі мезетте (алғашқы кезде). Қанша сенбестік болса да, оған ілкі
мезетте Филипп Петрович ойына сап ете түсті (Ғ.Сланов). Ілкі
әзірде
(алғашқы
кезде).
Мысалы:
Шалғай
қоныстарда,
бригадаларда ілкі әзірде жұмыс ойдағыдай болмады да, кейін жолға
қойылды (Орал., Чап.). Осы сҿйлемдегі әзірде сҿзі кезде сҿзінің
синонимі ретінде қолданылып тұр. Бұлар келген, соңғы, бҧрынғы,
жаңағы, манағы сҿздерімен де тіркесіп айтылады. Келген әзірде
(келген бойда), жаңағы әзірде (жаңағы кезде, жаңа ғана), манағы
әзірде (манағы кезде), бҧрынғы әзірде (бұрынғы кезде).
Говорлардағы сҿз тіркестерінің ерекшелігі, біріншіден,
олардың құрамындағы сҿздерге байланысты. Кҿптеген сҿз
тіркестерінің құрамында ҽдеби тілде жоқ сҿздерді кездестіруге
болады. Ол сҿздердің ҿзді ҿзінің тіркесуі арқылы да, ҽдеби тілдегі
белгілі сҿздермен тіркесуі арқылы да бұрын белгісіз сҿз
тіркестері жасалған. Мысалы: шанышпай шаралау (қорасанға
қарсы егу) тіркесіндегі сҿздердің екеуі де дҽл осы ұғымда ҽдеби
тілде жоқ сҿздер. Ал зыбан ҧру (ҽлек салу), мәнтті болу
(ықыласты болу), күстҽнҽ қылу (сықақ ету), боржа болу (қолдың
бос болуы) тіркестеріндегі ҽдеби тілде жоқ зыбан, мәнтті,
кҥстәнә, боржа сҿздері ҽдеби тілдегі болу, ҧру, қылу сҿздерімен
тіркесіп айтылады. Екінші ерекшелік – сҿздің мағыналық жағына
байланысты. Кҿптеген сҿз тіркестерінің құрамындағы сҿздер -
ҽдеби тілде бар сҿздер. Бірақ олар ҽдеби тілде бір-бірімен
тіркесіп айтылмайды. Мысалы: жан созу (жан таласу), дыбысты
адам (атақты адам) т.б.
Говорлардағы сҿз тіркестерінің енді бір тобы ҽдеби тілде де
кездеседі, бірақ олар говорда тұрақты тіркес түрінде, ал ҽдеби
тілде еркін тіркестер түрінде кездеседі. Мысалы: шетіне шығу,
жҥзі жапырылу деген тіркестер ҽдеби тілде қаланың шетіне
шықты, жҥзі жапырылған пышақ тіркестеріндегідей нақтылы
мағынасында қолданылып еркін тіркес құрап тұр, ал говорларда
асып туған, жҥзі шыдамау деген сияқты тұрақты тіркес ретінде
кездеседі. Мысалы: Абай - адам баласының ниетіне шыққан адам
(Қ.орда, Арал). Алажағы бар адам кездессе, жүзі жапырылып
жүре береді (Қ.орда, Арал).
130
Кейбір сҿз тіркестерінде кҿбінесе кҿмекші етістіктердің,
ҽсіресе деп жҽне бол кҿмекші етістіктерінің түсіп қалуы жиі
кездеседі. Мысалы мақсат білу- мақсат деп білу. Қатысып
жүрген ұрыстарыңа халық қатары түсіп шыққанды мақсат
білесің бе, жоқ, ҽлде сол ұрыстан ойыңа ҿріс боларлық мағлұмат
алып жүрсің бе? (Ҽ. Нұрпейісов). Міндет білу – міндет деп білу.
Шегірткемен күресуді ауыл кеңес ағасы Қойбасұлы басты міндет
біліп, кҿпшілікті тартуға түсінік жүргізді (Қ.орда, Арал)
Сирек болғанмен де бұл айтылғандарға керісінше
құбылыстар
да,
яғни
ҽдеби
тілдегі
баламаларымен
салыстырғанда, құрамында басы артық сҿз тіркестері де
кездеседі. Мысалы: ешқандай нҽрсе – еш нҽрсе. Жаңа тҿлқұжат
алғанын білемін. Құланды жайлы ешқандай нҽрсе білмеймін (Қ.
Орда. Арал).
Достарыңызбен бөлісу: |