8
– жаттығу. Мақал-мәтелдерді кӛшіріп жазып,
мағыналарын түсіндіріңіздер. Мақал-мәтелдердегі диалект
сӛздердің баламаларын тӛмендегі мағынасымен алмастырып,
қайта жазып кӛріңіздер. Әр диалект сӛзге ӛзіңіз сӛйлем
құрастырыңыздар.
Шыры болса қомында, Алты айшылық жолында, Атан түйе
арымас. Жат үйінде жатық бол! Жайынның жаңсасын жеген
жатпас. Қазадағы балық - қазандағы балық. Қопал бҿрі қой
үйретеді, Ақуа адам ел үркітеді. Жҥдәні жерде қалмайды.
Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ. Қарау адам – күншіл, Менер
адам – меншіл. Жалтсыз бұйырмағаннан татар. Алапатты олжа
үшін ҿледі, Күншіл күндеумен ҿледі.
Шыры– майы
Жатық - ҽдепті, сыпайы.
Жаңса – жайынның жон еті.
Қаза – аудың бір түрі.
Қопал – аңқау, ақуа – ақымақ
Жҥдәні – білімді
59
Пәрмені – арызы, сылтауы
Менер – қу, залым, айлалы
Жалтсыз – ұятсыз
Алапатты – озбыр
Студенттің ӛзіндік жҧмысы:
1) «Шекер» сӛзінің тӛркіні туралы мәлімет табу, осы
сӛздің синонимдерін кӛрсету
2) Жҥсіпбек Аймауытовтың жергілікті жерде кездесетін
сӛздер туралы мақаласын тауып, талдау
60
5-модуль
Танымдық блок
Диалектілік сипаттағы кәсіби сӛздер
Қазақ тілі сҿздік құрамының аясы ҿте кең. Ол қазіргі ҽдеби
тілде қолданылып жүрген сҿздерден, сҿйлеу тіліндегі лексика
мен диалектілік лексикадан ғана тұрмайды. Қоғамдағы ҽр түрлі
топтардың тіліндегі арнаулы сҿздер де ұлттық тілдің сҿздік
құрамына кіреді. Олар ҽлеуметтік диалектілер деп аталып жүр.
Қазақ тіліндегі сҿз тудыру заңдары негізінде жасала отырып,
бұлар да лексиканың басқа салалары сияқты, ұлттық ҽдеби тілден
нҽр алатын негізгі арналардың бірі болып табылады.
Ҽдетте ҽлеуметтік диалектілер жергілікті халық тілінде
болатындықтан,
кҿп
жағдайда
говорлық,
диалектілік
ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Говорлардағы лексикалық
ҿзгешеліктердің қалыптасу себептерінің бірі жергілікті жердегі
шаруашылық, кҽсіп түрлерімен байланысты. Сҿйтіп олардан да
белгілі жерге тҽн ерекшеліктер кҿрінеді. Арнаулы бір кҽсіппен
шұғылдану ҽр жерде кездеседі, бірақ оның ҿзінде сол кҽсіптен
туған сҿздер бірыңғай болып келе бермейді.
Себебі жергілікті диалектілер сияқты, олар да нақты
қоғамдық-ҽлеуметтік ортада, белгілі жағдайда қалыптасады.
Мҽселен, Арал, Каспий, Зайсан, Алакҿл маңында балықты кҽсіп
ету кең тараған. Қазір бұл ірі шаруашылыққа айналып отыр.
Бірақ осы жерлердегі балық кҽсібіне байланысты сҿздерде
айырмашылық бар. Мысалы, Аралдағы аушы, ау қайық, кӛрінім
сҿздері Каспийде лапса, реюшка, закрой болып айтылады. Балық
атауларында да айырма бар:
Аралда Каспийде
Бекіре қортпа, бекіре
Тісті кҿксерке
Торта қаракҿз
Қаяз теңге балық
Күркін мҽлек
Ҽлеуметтік тұрмыспен байланысты диалектілік ерекшеліктер
жергілікті диалектизмдермен бір емес. Олардың негізгі
айырмашылықтары ―Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл‖
деген тақырыпта айтылған болатын. Оған қоса тек мынаны
ескеру керек. Ҽлеуметтік диалектілердің қалыптасу, пайда болу
61
жағдайы, себептері жергілікті диалектілерден басқаша. Қай тілде
болсын, жергілікті диалектілердің негізі кҿне замандарда
салынып, қалыптасуы феодалдық заманмен ұштасып жатыр.
Мұнда ең басты себеп халықтың жергілікті аудандарының
экономикалық бытыраңқылығымен байланысты.
Ҽлеуметтік диалектілердің анықтамасы, түрлері жайында ҽр
түрлі пікір бар. А. С. Чикобава ҽлеуметтік диалектілерге белгілі
мамандықтағы жұмысшылардың (тоқымашы, етікші, балташы,
қалаушы т.б.), ой еңбегі адамдарының (дҽрігер, агроном,
математик, филолог) арнаулы сҿздерін жҽне буржуазия мен
дворяндық
аристократияның
―таптық‖
диалектілерін
(жаргондарын) жатқызады. Л.А. Булаховский ҽлеуметтік
диалектілер деп ―таптық‖ диалектілерді, жаргондар мен салондық
тілдерді ғана есептейді.
Біз ҽлеуметтік диалектінің түрлері ретінде қазақ тіліндегі
жергілікті кҽсіби сҿздер мен кейбір жаргондық сипаты бар
сҿздерге ғана тоқтаймыз. Диалектологиялық материалдарға
қарағанда, жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер
мен тарихи сҿздердің, тіпті неологизмдердің жергілікті
диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мҿлшерде
кҿркем ҽдебиеттен де орын алады. Ондай сҿздерді талдап,
оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір
кҿмекшісі диалектологиялық сҿздіктер болмақ.
Мҽселен, Маңғыстау қазақтарының тілінде қыз ұзатуға
байланысты: алапа (кҽде), дойыр жығар, бастам-барай (қыздың
жеңгелеріне күйеу тарапынан берілетін кҽделер); Жаугершілікке
байланысты: жаншы (жансыз), ҧран от (атой, от жағып белгі
беру), шамшар (сауыт) сияқты тарихи сӛздер; кӛшек (бота),
шақы (мҥйіз), сҥмесін (шалап) тәрізді архаизмдер; жар газеті
(қабырға газеті), жатыс (демалыс кҥн), жҥндіхана (жҥн
қабылдайтын орын), қатерлеу (хабарлау), еңбеккҥн қҧю
(еңбеккҥн есептеу) сияқты неологизмдер кездеседі.
Мен қарақұстан туған қалақпан. Еділді кҿріп емсеген,
Жайықты кҿріп жемсеген. Аламанға жол бердік. Аса жұртты
меңгердік. Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, шамырқансам , тағы
кетермін, Аса шапқан құлаша ат, Зымырандай болған күн.
Бұлар жергілікті жерде ҽр алуан кҽсіптің, ҿндірістің туып
дамуымен қалыптасады, соларға байланысты заттардың, ҿндіріс,
еңбек құралдарының, еңбек ҿнімінің, процесінің атауларын
62
білдіреді. Мұндай сҿздер белгілі кҽсіппен шұғылданған
адамдардың арасында қолданылады да, кҿбінесе солардың
ҿздеріне ғана түсінікті болады. Мҽселен, Арал, Каспий
балықшылары тіліндегі шола (балықтың азаюы), ұйық
(балықтың бір жерге шоғырлануы), ҽттік (қармақтың тілі), бал
керкі (қалтқы) т. б. сҿздерді балықпен кҽсіп етпейтін басқа
жердің адамдары білмейді де түсінбейді. Диқаншылыққа
байланысты кҿптеген сҿздерді жұрттың бҽрі білгенмен, бау-
бақша кҽсібі жақсы дамыған оңтүстік аудандардағы бҽдірен
(қияр), ақнауат (үлкен сары қауын), оман арық (үлкен арық),
қитақ (атыздың іші), жадау (үлкен арық) т.б. сҿздерін ҽркім біле
бермейді. Ҽрине, белгілі кҽсіп, шаруашылықпен байланысты
сҿздердің бҽрін де халыққа түсініксіз деп қарамау керек.
Олардың ішінде ежелден жалпы халықтық болып, тіпті негізгі
сҿздік қорға еніп кеткендері де аз емес. Мысалы, шортан, қармақ,
алабұға, жайын сҿздері ешкімге де жат емес. Ал кҽсіби сҿздер
жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кҽсіппен
шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын, соларға
түсінікті сҿздер мен сҿз тіркестері. Қазақ тілінде кҽсіби сҿздердің
түрі мол. Оларды кҽсіптік, ҿндірістік сипатына, қолдану жайына
қарай екі үлкен салаға бҿлуге болады.
Олардың бір саласы ҽр түрлі шағын кҽсіпке, ұсақ
мамандыққа (балташылық, ҿрімшілік, зергерлік, тоқымашылық
т.б.) байланысты. Мұндай сҿздер жергілікті халық тілінде қай
жерде болсын кездеседі. Мҽселен, Маңғыстауда зергерлікке, ою-
ҿрнек түріне байланысты қас (зергерлік бұйымдарға салынатын
жарқырауық тас), сабақ (бауы қысқа сырға), сірке (затты
мҽнерлеу үшін салынатын түртпе бедер), нҽл (етік, кебіс сірісіне,
былғары белбеуге, қамшының алақанына түсті металдан
салынатын ҽшекей), бауырдақ (былғары бұйымға салынатын
ҽшекей) т.б. сҿздер бар. Түрікмен қазақтарында кілем тоқуға
байланысты ашық (кілем жиегіндегі мҽндер), арқа (кілемнің
тақыр жағы), палас (түксіз кілем), топырақ (түкті кілемнің
шетіндегі жалпақтығы 4-5 елідей тақыр жері), басылық (кілем
тоқып жатқанда екі жағына салынатын жіп) т.б. сҿздер кездеседі.
Бірақ бұл саладағы сҿздер ҽлі түгел жиналып, зерттеу обьектісі
болған жоқ.
Кҽсіптік сҿздердің екінші бір саласы – ірі кҽсіпшілік,
ҿндірістік сипаттағы сҿздер. Олардың неғұрлым айқын
63
сараланып, молырақ кездесетін түрлері егіншілік, диқаншылық
(астық, бау-бақша, күріш, мақта, темекі, балық кҽсібі, тау-кен
ҿндірісі, мал жҽне аңшылық шаруашылықтарына байланысты.
Мысалы, балықшылардың тілінде қиратпа (жайын аулауда
пайдаланатын шанышқы), қортпа (белуга, қызыл балықтың бір
түрі), шоқыр (севрюға), нарел (ұзын сырық ағаш), аламан ау
(майшабақ аулайтын ау), басқал (қайыққа мінетін орын), без еге
(үлкен балықтың жұлыны), торман (ұсақ сазан), қаза басу (бұрын
ау құру мағынасында айтылған), кҿңгей (жіңішке кендір жіп),
инелек (ағаштан жасалған ау жамайтын құрал), бҿген (қайықтың
ішіндегі керме ағашы), шіпшік (аудың арқанын жерге бекітетін
қазық), шашал (мұз үстінде балық аулайтын құрал) т.б. сҿздер
бар.
Кҽсіби сҿздер жергілікті жерде алуан кҽсіптің, ҿндірістің
туып, дамуымен қалыптасады. Соларға байланысты заттардың,
ҿндіріс еңбек құралдарының, еңбек ҿнімінің, процесінің
атауларын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |