Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ЖАМБЫЛДЫҢ СУЫРЫП САЛМАЛЫҚ (ИМПРОВИЗАЦИЯ) ӨНЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет46/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

yannon-fiction@yandex.kz
 
 
ЖАМБЫЛДЫҢ СУЫРЫП САЛМАЛЫҚ (ИМПРОВИЗАЦИЯ) ӨНЕРІНІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПОЭТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ 
 
Аннотация: мақалада ХІХ ғасырдың екінші және ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби 
процесте  жетекші  ықпалды  орын  алған  дәстүрлі  ауызша  авторлы  поэзия  алыбы  –  Жамбыл 
Жабаевтың  (1846–1945)  поэтикалық  әлемі  қазіргі  заманғы  әдебиеттану  қисындары  аясында 
жаңаша 
қарастырылу 
барысында, 
Жамбылдың 
лирикалық-дидактикалық 
өлеңдерінің, 
айтыстарының  және  дастандарының  ұлттық  сипаты,  көркемдік  ерекшеліктері  ғылыми-
теориялық  тың  тұжырымдармен  байыпталған.  Ақынның  шығармашылық  әлеміндегі  көркемдік 
тұтастығын,  Жамбылдың  суырып  салмалық  өнерінің  психологиялық-поэтикалық  табиғатын, 
шығармашылығындағы  ұлттық-этнографиялық  болмыс  және  көркемдік  ерекшеліктерін  егжей-
тегжейлі  ашып,  эстетикалық  танымдарын,  ой  тереңдігін,  сөйлеу  тіліндегі  шеберлігін  арнайы 
зерделеу – мақаламыздың негізгі мақсаты болып табылады. 
Тірек  сөздер:  поэтикалық  әлем,  суырып  салмалық  өнер,  ұлттық-этнографиялық  болмыс, 
эстетикалық таным, ақпа-төкпе ақындық, Жамбыл дәстүрінің ақындық мектебі 
 
Халық өнерінің ежелгі замандарда қалыптасқан үлгілері өнер тұтастығына негізделе жасалғаны 
мәлім. Халықтың ортасындағы жекелеген дарынды, талантты тұлғалардың алуан түрлі өнер түрлерін 
біртұтас  жинақтай  меңгеруі  де  дәстүрлі  құбылыс  болып  қалыптасады.  Халық  әдебиетіндегі 
лирикалық,  эпикалық  шығармалардың  авторлық  нақтылықпен  жасалуы  ұжымдық  сипаттарға 
ауысқанда  да  жаңғыра  сақталуында  үнемі  сол  әуелгі  ежелгі  қалыптасуындағы  өнер  тұтастығы, 
сипаты ұмытылмаған. 
Жамбыл – қазіргі әдебиеттану ғылымындағы жаңа көзқарастармен тиянақтала тұжырымдалған 
ғылыми  саралаулар  аясында  танылған  ақын.  Қазақ  әдебиетінің  тарихында  авторлық  тұлғасы 
сақталып,  ауызша  жасалып,  дүниеғе  келген  туындылары  өзгерістерге  ұшырамай  сақталып  келген 
тұлғалардың мұраларын қазіргі уақытта «Жыршы ақындар поэзиясы» тіркесімен атаймыз. Академик 
З.Ахметовтің  осы  мәселенің  жаңаша  қорытындыланған  пікірін  біз  өз  мақаламыздың  арқауына 
аламыз: «Жыршы ақындар поэзиясы – ауыз әдебиеті дәстүріндегі ақындық поэзия, қазақ әдебиетінде 


124 
 
бірнеше ғасырға  ұласып келетін  поэзиялық өнердің  үлкен арнасы.  Бұл  термин  шартты  түрде жазба 
әдебиеті  және  ауыз  әдебиеті  деген  ұғымдардан  ажыратылып  алынып  отыр.  Жыршы  ақын  дегенде 
жазба әдебиетінің өкілі жазушы, ақын екеуін бөліп қарау жағын құнттау үшін керек» [1, 99]. 
Жамбыл  –  суырып  салма  ақын.  Суырып  салмалық  өнердің  табиғатындағы  ауызша  айтылып, 
төгіле жырланып тұрған шығармалардың тақырыптық-идеялық, композициялық тұтастығы, жанрлық 
пішіні  көркемдік-стилдік  жақтарынан  жымдаса,  өріле  қосылып,  туындыға  тән  көркемдік  қасиеттер 
биігінен көрінуі – ерекше дарындылықтың, таланттылықтың жемісі. Сондықтан, Жамбылдың ауызша 
жыршы ақындық өнері туралы өзі жырлағандай дара шығармашылық шынайы қалпын танимыз. 
Жамбыл  –  халық  әдебиеті  үлгілерін  жасаушылардың  дәстүрлі  өкілдерінің  бірі.  Өзінің 
бойындағы туа біткен табиғи дарынын, қабілетін елдің ортасында танытқанынан кейін, ол халықтық 
мәдениеттегі жан-жақты өнерпаздық болмыс бітімімен ерекшеленеді. Жамбылдың күнделікті қарым-
қатынастардың өзінде өлеңмен сөйлейтіні, қанатты, ұшқыр ойлы тіркестерді қолданатыны, домбыра 
әуені  мен  өлеңді  сөзді  қосыла  өретіні  –  ақындық  шабыт  нәтижелерін  бірнеше  синкретті  өнер 
қосындылары арқылы дүниеге әкелетіндігін дәлелдейді. 
Жамбыл – халық тарихының, тұрмыстық-салттық дәстүрлерінің асқан білгірі. Ол – көкірегі ояу, 
көзі  ашық  дана  ойшыл.  Халқының  материалдық  және  рухани  мәдениеті  тарихындағы  этностық-
этнографиялық қазыналарды жетік білетіндіктен, өлеңдерін шығарғанда сол мол деректілік байлығы 
көркем  сөзді  жыр  кестелерімен  өріледі.  Халқының  пайда  болуы,  қалыптасуы,  дамуы  тарихындағы 
елдің  ата-тектік  жүйесі,  тұрмыс-салттық  дүниетаным  сырлары,  еңбек,  шаруашылық  кәсіптеріне 
байланысты  дәстүрлер,  ата-бабалық  тәңірілік,  бақсылық  наным-сенімдер  және  т.б.  мәселелер 
Жамбыл  жырларының  халықтық  өнер  дәстүрлері  синтезі  жағдайындағы  мазмұнын  байқатады. 
Ақынның суырып салмалығы, жыршылығы  – әлемдік мәні бар әдеби-фольклорлық құбылыстардың 
бірі.  Осы  мәселелерді  жекелеп  пайымдау  арқылы  оның  шығармашылығының  жаңа  сырларына 
қанығамыз. 
Жамбыл ақындығының негізгі сипаты – ауызша ақындық. Домбырамен сырласа, соның үнінен 
шабыты қоза, жыр тасқынын селдететін Жамбыл ақындығын оның өзінің жырларындағы сөздері де 
дәйектей түседі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет