Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет55/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

мұрт орыс оянып, қырынан жатып, Ақбілекке көз салды. Ол өзгелердей сөйлескен де, күлген 
де жоқ, көп күліп жатқанда, біреу сазарып отырса, оның жаны жұмбақ қой. Жұмбақ нәрсе 
адамды құштар қылмақ қой. Әлде өзіне бастас қылғысы келді ме, немесе одан бір жылы сөз 
күтті  ме,  болмаса  әйелге  біткен  жеңсікқойлық  мұны  да  жеңді  ме,  әйтеуір  қапаста 
қапаланып,  жалынарға  жан  таба  алмай  отырған  Ақбілектің  көзі  еріксіз  қара  мұртқа 
түсті». 
Ақбілектің қара мұртқа үмітпен қарауы одан бір көмек күткендікті білдіреді. Кейін өзі үшін екі 
орыстың жекпе-жекке шыққанын естігенде Ақбілекті мақтаныш сезімі билейді: «Алды-арты тұйық, 
қараңғылық, не болары белгісіз… сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу… Ол елден асты. Қазақ тұрсыз, 
атағын  орыс  естіп,  іздеп  келіп,  алып  қашты…  орыс  біткен  бұған  бола  қырқысты…»  [2,  160]. 
Ақбілек бұл істің Мұқаштан келгендігін білмегендіктен осылай ойлады. 
Жазушы  осында  жалпы  адам  баласының  өмірдің  кез  келген  жағдайына  көндігетінін 
айтып отыр. 
Ақбілектің  көзқарасынша  Қара  мұрттың  өзіне  бәйек  боп,  жас  баладай  күтуі  ерсі, 
таңсық. Қазақ ғұрпында еркектің әйелге олай кішіреймейтінін білетін Ақбілек Қара мұрттың 
мінезін оғаш көреді. Ұлттық ерекшелікті көреміз. 
Ақбілек  жас  болса  да  ширақтығымен  өзін  қара  мұрттың  мылтығынан  аман  алып 
қалады. 
Мені өлтірме! Қасықтай қанымды қи! Мен саған тағы керек болмасымды қайдан білесің? Мен 
түсімде саған еріп қала барып жүр едім. Сен бұл жолдан аман-есен қайтасың, елге аман барасың…- 
деді [2, 173]. 
Ақбілектің  қасқырларды  көргенде ойына бірден от жағу келмейтіні нанымды берілген. 
Қолындағы таяғын сермеп, айналып жүргенде аяғы күлге тиіп кетіп, шоқ шашырағанда ғана 
есіне от түсуі жазушылық шеберлікті білдіреді.  
Еліне  қарай  кетіп  бара  жатқан  Ақбілектің  сезімін  жазушы  психологиялық  параллелизммен 
шебер  жеткізеді:    «Асуға  шыға  бергенде,  артына  бір  қарады.  Аяқ  астында  томардай  томпиып 
қостар  тұр.  Анау  тау  жылғасындағы  ағаш,  анау  көгал,  анау  сай-сала,  анау  орқаш-орқаш  тас 
Ақбілектің адамгершілігін аяққа таптаған, абыройын төккен жер. Оларға көзі түскенде күйінген, 


142 
 
өкінген,  жиренген  -  әйтеуір  өзегін өртеген  бір жаман  сезім  пайда  болды.  Төрдегі  таза  төсенішті 
былғап  кеткен  күшікті  желкесінен  ұстап,  өз  тезегіне  өзінің  тұмсығын  тигізсең,  қандай  жеріп, 
қыңсылап,  кейін  шегінеді.  Артына  қарағанда,  Ақбілек  те  сол  күшік  тәрізді  болды.    Қарағысы 
келмеді, теріс айналды» [2, 177]. 
Осы    үзінді  роман  жанрының  психологиялық  екенін  айқындай  түседі.  Намысы 
тапталғаннан  кейінгі  қыздың  қорлануын  жазушы  бейнелі  суретпен  көз  алдымызға  дәл 
келтіреді. 
Ақбілектің аяғы ауыр екенін жазушы әуелі нақты айтпайды, жанамалай білдіреді. «… тағы бір 
өрге      шыққанда  аяғы  қорғасын  құйғандай  ауырлап  кеткен  тәрізденді;  сүйектері  сынып  бара 
жатқандай болды. Ақ сүйек ойнағанда ор қояндай орғып, бір қажымайтын аяғы түскірге не болды? 
[2,  177].  Қыз  тәжірибесіз  болғандықтан  екіқабат  екенін  білмейді.  Қыздың  аяғының  ауырлап  кетуі  – 
деталь. Жазушы Пушкиннің «бәрін айтпау» деген қағидасын ұстанған.   
Жолда  бір  ауылға  тоқталғанда  да  қыз  кедейдің  үйіне  барғанды  қалайды.  Себебі 
көпшіліктің  көзіне  күйсіз  қалпында  түскісі  келмейді,  бейсауат  жүрісінен  де  қысылады. 
Мұнда  да  қыздың  байыптылығы,  ақылдылығы  білінеді.  Аулына  келе  жатып  Ақбілек  өз-
өзінен жирене бастайды: «Енді бұрынғы нәрестедей уыз денесі былғанып, арамданып қалған 
тәрізді, бұрынғы кіршіксіз, аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді; күнә-
сұмдықты білмейтін  ақ жүрегі арамдықтың неше атасын біліп, бұрынғы қыз басы қатын боп 
қалған  тәрізді:    бұл  былғанған  дененің  кірі,  жанның  күнәсі  өмірі  тазармайтын  тәрізді.  Өз 
аулының тауына, жеріне жақындаған сайын таза жерді басуға өзінен-өзі ұялып, атылып өліп 
кетпей,  қара  мұрттың  мылтығына  бекер-ақ  жармасқан  екем  деген  өкініш  пайда  болды;  ит 
жалап  кеткен ыдыстай, өзінің денесін де арам деп білді…» [2, 194].  Бұл монолог Ақбілектің  
ішкі  арпалысын,  тартысын  білдіреді.  Ақбілек  аулына  келгенде  біраз  уақыт  ауыл  адамдары 
оған  бәйек  боп,  жаны  ашитындай,  сыйлайтындай  көрінеді.  Ақбілек  «жұрттың  көзқарасы 
маған өзгермепті, менен ешкім жиренбейді екен» деген ойда болады. 
Сіңлісі Сара мен інісі Қажікенді күтіп, бауырмалдығын көрсетеді. 
Бірақ  Ақбілекте  басқа  қайғы  пайда  болады.  Әкесі  бұрын  қызы  дегенде  өліп  тұратын 
болса,  енді  қарамайтын,  сөйлемейтін  болған.  Онсыз  да  қорланып  жүрген  Ақбілекке  әкенің 
суып  кетуі  ауыр  тиеді.  «Әкесінің  қабағы  қашан  жадырар  екен,  қашан  жылы  қарар  екен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет