Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет53/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 Бозінгеннің бақталас, дүниеқор, көрсеқызар мінездері де қимыл-әрекеті арқылы көрсетіледі. 
 «Бозінген  отбасының  әйелі  емес,  бір  болыс  елдегі  әңгімені  үйде  отырып  біліп 
отыратын, еркектердің партиясына да, дау-шарына да кірісіп кететін, сақ құлақ, еті тірі 
көшелі кісі ғой. Және біздің «Бозінген» еркектермен дойбы, карта, асық ойнайтын, насыбай 
ататын,  қонаққа  өлең  айтқызбай  жібермейтін,  бозбала  келсе,  екі  езуі  жиылмайтын  сері 
кісі  ғой.  …  таза  көрпелері  салтақ-салтақ  боп,  төсек-орны  жуырда  жиналмай,  қоқып, 
ыбырсып жатар еді»
Жазушы  Бозінгенді  мақтап  отырған  жоқ,  кекетіп  отыр.  Жақсы  әйел  «Бозінген» 
атанбайды  ғой.  Бозінген  –  әйелдер  арасында  кездесе  беретін  шаруаға  қыры  жоқ,  өсек-аяң, 
қыдыруды жақсы көретін, еркекке жеңілтек әйелдердің бір үлгісі. 
Ал  Өрік  –  нағыз  тасбауыр  өгей  шешелердің  жиынтығы.  Оның  портретінің  өзі  сөйлеп 
тұрғандай:  «Ақбілек  жаңа  шешесіне  көз  қырын  салды.  Көзі  тікшиген,  жұқа  қабақ,  қаймақ 
ерін, таңқы мұрын, тымырайған, қайқаңдау, қара сұр адам екен. Үйге жылан кіріп келгендей 
Ақбілектің жүрегі су ете түсті»
Өріктің қандай адам екенін түрі айтып тұр. Ауыл әйелдері де оның шеше боп жарытпайтынын, 
көк  долы  екенін  аңғарады.  Өрік  келе  шаруаны  қолға  алады,  бір  сабақ  жіп  бермейтін  сараңдығын 
көрсетеді. Балаларға мейірімсіз болады. Өрік бейнесін жазушы өзін сөйлету арқылы ашады.Кейіпкер 
қолданған  қарапайым  сөздер  оның  ой  өрісі  мен  мінезін  даралайды.  Мысалы,  Жүсіпбек  Аймауытов 
шығармаларындағы кейіпкер тіліндегі қарапайым сөздер кейіпкер мінезін ашуға қызмет етеді. 
Мысалы, 
- Сенің-ақ жылыншығың құрып тұр ма? Неткен бала өзі! – деп Сараны төбеге бір ұрды... 


140 
 
- Ой қағынды! Ой, түйнеме келсін! Добалдай боп, көзің шығып кетті ме, Көк шешек! – деп... 
- Тәйт әрі, албасты қатын қар! Сенікі не? Сен неге қыстырыла қалдың! Менен тумады дейтін 
шығарсың...  Қарғамақ  түгілі  отқа  тастап  жіберсем де,  менің  қолымнан  алатын  кісі  жоқ.  Балаға 
ара түскенді көрсетпе! Паһ! Бауырың екен көрдік [2, 291]. 
Өріктің  аузынан  шыққан  дөрекі,  эмоционалды  сөздер,  яғни  қарапайым  сөздер  шоғыры  оның 
адуынды, ұрысқақ, қатал адам екендігін ашуға ерекше қызмет етіп тұр. Қағынды, түйнеме келсін, көк 
шешек,  албасты  деген  сөздер  қарғыс  мәнді  сөздер  Кейіпкер  тіліндегі  «Бауырың  екен  көрдік.  Паһ!» 
деген    сөйлемдердің  де  экспрессивтік  мағынасы  ерекше.  Қаламгер  Өріктің  бейнесін  ашу  үшін 
қарапайым сөздерге стильдік жүк артқан 
Ара түскен Ақбілек: 
Ойбай-ау! Ұят қой! Пәленшенің қатыны дейді ғой, - деп тағы бірдеңе айтпақ болып 
еді, Өрік одан жаман дәуірлеп: 
Қатыны  болсам,  не  ғыппын?  Ойнас  қылыппын  ба?  Өтірік  айтыппын  ба?  Құдайға 
шүкір,  оң  қолым  таза,  аузым  оймақтай?  Құдай  сендей  абиыры  кеткеннен,  орыс 
салдақылағаннан  сақтасын!  –  деп    бастырмалатып,  аузынан  көбігі  бұрқырап  жатқанда, 
Ақбілек шыдай алмай, еңіреп шыға жөнеледі» . 
Ақбілек пен әкесін араздастыра түседі. Ақбілектің аяғы ауыр екенін білу үшін түймеңді 
салып шық деп өтірік қамқорсыған болады. Өзіне камзол пішпек боп, Ақбілекке «түймеңді 
салшы, қиғанын көрейін» деп аярлық істейді. Тіпті болмаған соң Ақбілек ұйықтап жатқанда 
ішін ұстап көреді. «Ақбілекпен өштігі әуелде өткен күнін көксеуден туса да, жүре-жүре ол 
себеп  ұмытылып,  енді  тек  өштіктің  қызығына  түскендіктен  өшігуші  еді.  Жығылғанды 
жұдырықтау оған өнер, мақтан есепті көрінуші еді. Үйткені адам – айуанның айуаны ғой. 
Кімнің басына күн туса, соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет