Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы



Pdf көрінісі
бет1/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Кәсіпкерлік-құпиясы




Аманжол РЫСМЕНДИЕВ

ТАБЫСТАРҒА ЖЕТУДІҢ 7 ҚҰПИЯСЫ

Жетістікке жетуге, өзінің ортасында көшбасшы болуға, жақсы

өмір сүруге əркімнің-ақ таласы бар. Десе де алдына қойған

мақсатының бəрі бірдей орындалып, биік шыңнан көрінетіндер көп

емес. Сіздің қолыңыздағы кітап алдына қойған мақсаты орындалмай,

белгілі бір салада табысқа жете алмай жүрген жандарға арналады.

Автор өзінің осы күнге дейінгі алған білімі мен өмірлік тəжірибесімен

бөлісе отырып, Сіздердің армандарыңыздың шындыққа айналуына,

əлемді шарпыған кризистен еш қиындықсыз шығуға жəрдем береді.

Оқыңыз, ой түйіңіз, табысты болуға əрекет етіңіз!



Кіріспе

Амансыз ба, талғамы биік, талпынысы зор оқырман! Мына өмірге

келгендегі əрбір адамның мақсаты — белгілі бір дəрежеде табысқа жету,

өзінің соңынан ерген ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай іс жасау, қолынан

келсе айналасындағыларға жəрдем беру, бес күндік жалған дүниеде

ештеңеден таршылық көрмей, қалағанына қол жеткізе отырып өмір сүру.

Рас қой? Бəріміздің де жақсы өмір сүргіміз келеді...

Бірақ, өмір — біз ойлағандай бола бермейді. Бұрылыс-қалтарысы,

қиылысы, аялдамасы көп. Кейде сəттіліктер кездесіп, көңілің көтеріледі,

мерейің артады, ал кейде ұнжырғаң түсіп, өмірден түңілдіретін жағдайлар




кездеседі. Əйтеуір бір нəрсе жетіспей жүргендей көрінеді. Кейде ақша,

кейде денсаулық, ал кейде жақындарымыздың қолдауы, т.б. Бірақ соның

нақты себебі қандай? Неге біздің өмірімізде қиындықтар кездеседі? Одан

шығудың жолдары бар ма? Осы сұрақтарға көп адам терең мəн беріп,

жауабын табуды ойламайды. Соның салдарынан күйзеліске тап болып,

алдынан түрлі қиындық, кедергілер пайда болады.

Негізінде мұның бəрінен еш қиындықсыз арылуға болады. Өміріңізді

100 пайыз жақсы арнаға бұрып, телегей табысқа кенелуге де мүмкіндік бар.

Тек оған адам ниет етуі тиіс. «Енді қайттім?! Біткен жерім осы шығар?!»

деп


дабыра қылмай, «Мен қайткен күнде де өзгеремін! Кризистен қиналмай

шығамын! Тіпті кризиске қарсы əрекет етіп, кірісімді бірнеше есеге

өсіремін!»

деп алға қадам басу керек.

Құрметті оқырман! Кітаптағы əрбір ақыл-кеңес Сіздің тығырықтан

шығуыңызға, тұлға ретінде, мықты кəсіпкер ретінде дами түсуіңізге,

отбасыңызда, туған-туыс, дос-жаранның алдында абыройыңыздың

артуына,


бəрімен ынтымақ-бірлікте болуыңызға көмектеседі. Тек оны оқып қана

қоймай, із жүзінде қолдану керек. Сонда ғана нəтижесін, жемісін көресіз.

Бұл өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды. Кейде ойға алған арман-

тілектеріміздің орындалуына өзіміз мүлдем ойламаған нəрсе себеп болып,

соның арқасында ниеттенгенімізге жетіп жатамыз. Бұл кітап та – солай.

Кітап Сіздің қолыңызға ешқандай себеп-салдарсыз тиген жоқ. Сіздің ішкі

түйсігіңізде «Менің өзгеруім керек! Кризистен еш қиындықсыз шығуым

керек!» деген ой болған. Сол ойдың орындалуына біздің кітап себеп болып

отыр.



Кітаптағы əр кеңес, тапсырма бірнеше ондаған жылдардан бері

əлемге аты танымал миллиардерлердің іс-тəжірибесінен алынған,

миллиондаған адамның кризистен жеңіспен шығуына көмектескен. Сізге

де

көмектеседі деген сенімдемін.



Ендеше, іске сəт!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет