ПАРСОНС ТАЛКОТТ (1902-1979 жж.) – көрнекті американдық
әлеуметтанушы. 1949 ж. Америкалық әлеуметтік ассоциациясының президенті
болып сайланды. Парсонс - әлеуметтануда жүйелік-функциялық мектептің
және іс-әрекет теориясын жасаушы. Американдық әлеуметтану - эмпирикалық
зерттеулеріне талдау жасағанда, Парсонс, керісінше оның саналуандылығына,
адам шындығын қамтитын жалпы аналитикалық, логикалық-дедуктивтік,
теориялық жүйе жасауға ұмтылды.
Антропологиялық функционализм мен тепе-тең күш теориясының
әсерінде тұрып, Парсонс қоғамның қалыптылығы мен өмір сүру шарттарын
зерттейді,оның құрылымдық-функциялық әдісіне іргетас болып саналатын
жүйеде кез-келген басқа жүйенің сақталуын және өмір сүруін қамтамасыз
ететін негізгі төрт функциялық талаптарды белгілейді: бейімделу, мақсатқа
жету, интеграция және үлгіні қолдау. Әлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу
функциясын экономикалық желі, мақсатқа жету функциясын – саяси,
интеграция функциясын – құқықтық институттар мен дәстүрлер, модельді
қолдау функциясын – сенім жүйесі, мораль мен саяси субъект органдары
(отбасы, білім институттары және басқалары) қамтамасыз етеді.
Парсонстың пікірінше, әлеуметтік жүйені зерттеу үшін осы үлгілер үш
қызмет атқарады,олар: құндылықтар, белгіленген заңдар және ұжымдық
ұйымдар қызымет атқарады. Кез-келген әлеуметтік жүйенің саяси қызметі
жүйеге енгізілген жалпыға бірдей, ұжымдық мақсаттарды жүзеге асыру
процестеріне қатынас тұрғысынан қарағанда, оны ұйымдастыру мен
функциялауға келіп тіреледі. Дифференцияланған қоғамда саяси іс-әрекет
әдетте мемлекеттің ұжымдық ұйымдары кешенінде қалыптасқан. Билік
жүйесінің дамуы, ұжымдық мақсаттар мен шешімдер жасақтау және оны
жүзеге асыру мемлекеттің негізгі саяси функциялары болып табылады.