31
мемлекет басқарудың тек бір ғана түрі - монархия болған болса, енді екінші
түрі пайда болды – ол
конституциялық монархия. Мемлекет басқарудың бұл
түрі Англияда осы күнге дейін сақталып кейін басқа мемлекеттерге де тарады.
Мысалы, Швеция, Дания, Испания, Жапония және т.б.
Парламенттің пайда болуының екінші маңызы, ол демократия туралы
идеяны
іске асырудың құралының, тәсілінің шығуы. Идеяны
іске асыратын әдіс
болмаса, ол идея күйінде қала беруі де мүмкін. Парламент дегеніміз - тек
жоғарғы саяси биліктің түрі ғана емес, ол жалпы сайланбалы органдар жүйесі.
Мысалы,
жергілікті сайлау органдары, мәслихат та парламенттік жүйе.
Демократияның дамуындағы келесі үлкен қадам 527 жылдан кейін
жасалып, 1792 жылы Францияда республика қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: