Аристократиядегеніміз – билік ақсүйектер өкілдерінің қолында
болатын мемлекеттік басқару түрі. Аристократиялық және меритократиялық
басқарудың шынайы демократияның негізін қалауына тарихи мүмкіндік болған
еді. Бірақ тарихта билік басқаша жолмен орнықты. Құл иеленуші құрылыс
ыдырағаннан кейін, (әсіресе Еуропа мемлекеттерінде) меншіктік қатынастар
шиеленісе бастады, әлеуметтік топтар мен таптардың өзара қайшылығы
күшейді, мемлекет билеушілер әулеті қалыптасты. Саяси билік құрып,
мемлекет басқарып, оның өздері, әулеті үшін пайдалылығын, ұтымдылығын
байқаған патшалар билікті мұра ретінде өз ұрпақтарына бере бастайды.
Мысалы, Ежелгі Грекияда Іскендір Македон империясы пайда болды, Ежелгі
Рим империясы орнықты.
Бұл мемлекет басқару түрін саяси ғылымда монархия деп атайды.