Саясаттану


Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі



Pdf көрінісі
бет29/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі 
проблемалары
Билік  мәселесінің  шығуы  әртүрлі  саяси  пікірлердің  қалыптасуына  негіз 
болды.  Бұл  мәселе  туралы  қағидалар  бірте-бірте  мифологиялық  ұғымнан 
тазарып, біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырлардың өзінде рационалдық 
негізге ие бола бастады. Осы бағыттағы Конфуцийдің “Ойлар және әңгімелер” 
атты  трактатындағы  саяси  биліктегі  «теңгергіштік  жүйе»  қағидағасының 
бүгінгі  күннің өзінде  құндылығы  жоғары.  Конфуцийдің  тұжырымдамасы 
бойынша  қоғамда  да  табиғаттағы  сияқты  бір  жерде  бір  нәрсе  қосылса,  басқа 
жерде  сонша  кемиді.  Ойшыл  бұл  ұстанымды  саяси  билік  проблемасына 
таратады. Біреудің  саяси  билігі  үстем  болып  бара жатса, онда  екінші  біреудің 
бостандығы сонша кеми бастайды. 
Конфуцийдің  осы  қағидасынан  мынадай  қорытынды  шығады:  әділетті 
мемлекеттік  билік  –  ол  біреудің  тәуелділігі,  не  біреудің  тәуелсіздігі  емес  -
әділетті билік ол өкімет пен адамдардың  арасындағы өзара тәуелділік. Ғұлама 
ойшылдың:  “Әкім  билігі  заңды  болуы  керек,  сол  уақытта  ол  киелі,  ардақты, 
яғни құдай сыйы болып табылады. Егер (әкім билігі) ардақты болмаса, онда ол 
құдайдан  емес,  ондай  биліктен  құтылу  керек”  -  деген  қағидасы  қазіргі 
демократияның  негізгі  принципі  –  саяси  билік  халық  алдында  есепті  болуы 
керек деген ұстанымға сәйкес келеді. 
Ұлы грек ойшылы Платон өзінің “Заңдарында” саяси билік жүйесі туралы 
былай  деп  жазады:  “бірінші  –  бәрінен  жоғары  әкімдердің  тұруы,  екінші  -
әкімдердің заңға бағынуы”. Және оның: “Билік пен философия бір адам болып 
қосылғанда  ғана  халық  салауаттылыққа,  игілікке  жетеді”  -  деп  атап  көрсетуі 
ерекше  көңіл  аударады.  Ойшылдың  осы  сөздерін  қалай  түсіну  керек? 
Біріншіден,  философия  даналық;  екіншіден  –  барлық  ғылымның  атасы. 
Платонның заманында философиядан жеке ғылымдар бөлініп шыққан жоқ еді. 


45
Осы тұрғыдан қарағанда Платонның ойы бойынша ел басқарушылар, биліктегі 
адамдар дарынды, білімді, саяси тәжірибесі мол тұлғалар болуы тиіс.
Саяси билік мәселесіне байланысты Аристотель іліміндегі басты қағида –
«орташылдық»  (концепция  срединности),  орта  таптық.  Ойшылдың  осы 
қағидасының  мәні  –  мемлекет  басқаруды  жеңілдетудің  негізгі  жолы  –
кедейлердің мүддесін  қорғау, жоқшылыққа  қарсы күресу, кедейлерді әрдайым 
орта  таптың  қатарына  қосып  отыру.  Аристотель  өзінің  осы  саяси  ойын 
түсіндіруді  өмірдегі  қарапайым,  жалпыға  белгілі  болмыстан  бастайды.  Оның 
ойынша, әлемде, табиғатта, материяда ортаға ұмтылу заңы бар, ортаға тартқыш, 
ортаға бағытталған күш бар. Мысалы, адамға салқын ауа райы жағдайсыз әсер 
етсе,  ыстық  та  солай  әсер  етеді.  Ал  адамға  жайлысы  орташа  температура, 
қоғамда  да  сол  сияқты.  Егер  қоғамда  аз  ғана  топ  байлар,  ал  қалғандарының 
көпшілігі  тек  ғана  кедейлер  болса,  онда  саяси,  әлеуметтік  тұрақтылық 
болмайды.  Екі  таптың  ара  қатынасы  үнемі  шиеленісте  болады,  көтерілістер, 
толқулар  орын  алады,  неғұрлым  кедейлер  көп  болса,  соғұрлым  мемлекеттің 
жауы көбейеді. Мұндай жағдайда мемлекеттік билікті күшейтудің негізгі жолы 
кедейлерге қарсы күш қолдану емес, немесе төңкеріс арқылы байларды жойып 
жіберу  емес,  биліктің  өкілеттілігін  жоғарылату  арқылы  орта  тапты 
қалыптастыру.  Егер  қоғамда  орта  таптағы  адамдардың  жалпы  саны  шеткі  екі 
таптың  санынан  асып  түсетін  болса,  сонда  қоғам  тұрақтылыққа  жетеді,  саяси 
биліктің басқару қызметі жеңілдей түседі. 
Саяси  билік  туралы  теорияның  даму  тарихындағы  айтарлықтай  ой 
қалдырған  ежелгі Рим ғалымы Цицерон Марк Тулий болды. 
Цицерон тарихта атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл болып 
танылады. Оның саяси билікке байланысты шығармалары: “Мемлекет туралы”, 
“Заңдар туралы”, “Міндеттер туралы”. Цицерон мемлекет басқаруды үш түрге 
бөледі:  патшалық  билік,  аристократия  (ақсүйектер)  және  демократия  (халық 
билігі). Ол бұлардың әрқайсысының жақсы жақтарымен қатар кемшіліктері де 
бар екенін көрсетеді.
 Атап  айтқанда,  патша  рақымшылдығымен  жұртқа  ұнайды,  бірақ  бұнда 
басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның билігі 
зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. 
Аристократтар  ақылдылығымен  бағалы,  бірақ  олар  үстемдік  еткенде 
халық  өз  еркіндігін  пайдалана  алмайды,  билік  толығымен  ақсүйектердің 
қолында қалуы мүмкін. 
Демократия  болса  бостандығымен  құнды,  бірақ  халықтың  толық  билігі 
келеңсіз жағдайларға, “тобырдың зорлығы мен есалаңдығына” әкеліп соқтыруы 
мүмкін.
Сонымен,  Цицерон  мемлекеттік  биліктің  түрліше  болатынын  байқап, 
оның  әрбір  түрін  кеңінен  зерттеп,  тиімді  түрін  қалыптастыру  мүмкін  екенін 
көрсетеді. Қазіргі кезеңде мемлекеттік биліктің Цицерон атаған үш түрі кейбір 
мемлекеттерде  қалыптасқан.  Мысалы,  олар  Англияда,  Жапония,  Швецияда, 
Бельгия, Испанияда және  т.б.
 Саяси  билік  проблемаларына  көп  көңіл  бөліп  ғылыми  -  зерттеуде  зор 
үлес қосқан  біздің қандас бабамыз, ұлы ойшыл Әл-Фараби болды. Ғалымның 


46
саяси  билік  туралы ой-пікірлері  “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары 
туралы”,  “Азаматтық  саясат”,  “Саясат  туралы”  деген  еңбектерінде  кең  орын 
алған. 
Саяси  билікті  Әл-Фараби  рахымды  және  рахымсыз  деп  екіге  бөледі. 
Қайырымды, мәдениетті, білімді басқару халықты бақытқа бастайды, олардың 
іс-әрекетін,  ерік-қасиетін  дұрыс  жолға  бағыттайды.  Ол  үшін  басқару  заң 
күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан билеушілер теріс 
әрекеттер мен жаман қасиеттерге бой алады. Сондықтан Әл-Фараби надан адам 
басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір 
сынайды. 
Жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана адам шын мәнінде бақытты 
өмір  сүре  алады  деп  айта  келіп,  сол  себептен  азаматтардың  дұрыс  билік 
қалыптастыруды талап етуі заңды деп қорытындылайды. 
Әл-Фараби  Платонның  философ-билеуші  идеясын  қолдайды.  Ел 
басқарушы (билеуші) қоғамдық организмнің жүрегі деп санайды. Оның қызметі 
денені  емдейтін  дәрігердің  қызметіндей,  бірақ  ел  билеуші  денені  емес,  адам 
жанын емдейді деп түсіндіреді. 
Ел билеушінің  мынадай адамгершілік қасиеттері  болуын атап  көрсетеді: 
шындықты сүю, ізгіліктілік, игіліктілік, парасаттылық, білімділік және т.б. 
Саяси  билік  мәселесінің  дамуына  өз  үлесін  қосқан  ойшылдардың 
қатарына  жоғарыда  аталған  Фома  Аквинский  де  жатады.  Оның  ұсыныстары 
орта  ғасырлардағы  Батыс  Еуропа  елдеріндегі  саяси  жағдайға  байланысты 
болатын.  Осы  аумақтағы  елдердегі  католиктік  шіркеу  басшылары  мен 
монархияның  (зайырлы  биліктің)  арасындағы  билікке  таласу  шиеленісі 
ғасырларға  созылды.  Шиеленістің  зардабынан  халық  әртүрлі  соғыстарға 
ұшырап,  ойшылдар,  зиялылар,  Джордано  Бруно,  Галилео  Галилей,  Николай 
Коперник  және  тағы  басқалары  қатал  азап  шекті.  Шіркеудің  билікке  таласуы 
ғылымның дамуына кедергі келтірді.
Осындай жағдайда жауласып жатқан екі жақты бірлестіруге амал іздеген 
Фома Аквинский болды, өзі теолог (діни ілім өкілі), құдайшыл болғанымен ол 
ғалым  да  болатын,  сол  себептен  ғылымның  даму  жолдарын  қарастырып, 
зайырлы қауымды қолдайтын, екі жақты бірлестіретін амал іздеді. Оның шешуі 
– құдай мәселесі болды. “Билік шіркеуден де емес, монархтан да емес – билік 
құдайдан»,  -  деп  тұжырымдады  Фома  Аквинский.  Ғалымның  осы  қағидасы 
саяси ғылымға “университас” деген ұғыммен кірді (universitas – латын тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет