43
болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы, Қазақстандағы
парламенттің бір палатасы Мәжіліс деп аталуы т.с.с.
Келесі ерекшелік - саяси биліктің сапасы көбінесе қоғамның саяси-
құқықтық мәдениетінің деңгейімен байланысты болуы. Саяси билік –
теориялық проблема. Қоғамда неғұрлым саяси биліктің теориялық
проблемаларын танып-білуге, меңгеруге жағдай жасалған болса, соғұрлым
саяси биліктің қарқынды дамуына жолдар ашылып оның сапасы жоғарылайды.
Мысалы, бұл процесті альпинизммен салыстыруға болады. Тауға
көтеріліп бара жатқан альпинист алға ұмтылған сайын таудың шыңы
альпинистке жақындай түседі. Саяси билікте те солай – ол саяси білімнің,
теорияның шыңы, оны меңгеріп ұққан сайын билік қоғамға жақындай түседі.
«Әр елдің билігі өзіне лайық» деген саясаттанудағы тұжырымдама осыны
көрсетеді.
Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделікті
қарапайым түсінік деңгейі. Жер жүзіндегі адамдардың көпшілігі әлі де болса
саяси билікті біреулердің қолындағы құрал, олар сол құралды өз қажетіне
пайдаланады деп есептейді.
Саяси билікті түсінудің бұл бірінші, төменгі деңгейі.
Екінші, жоғарғы деңгей – саяси билікті қалыптастырудағы қоғам
мүшелері өздерінің мемлекеттегі орнын, ролін жақсы түсіну. Бұл деңгейдегі
түсінік бойынша, саяси билік біреулердің күшімен, еркімен, не болмаса
ақылымен ғана ұйымдастырылмайды, саяси биліктің қызметі, белсенділігі әр
адамның қосқан үлесіне байланысты.
Осы бірінші деңгей мен екінші деңгейдің аралығы алыс, алшақ жатыр.
Екі аралықтың арасын жақындату, қоғам мүшелерінің түсінігін көбірек бірінші
деңгейден екінші деңгейге көтеру – саяси ғылымның негізгі мақсаттарының
бірі.
Билік теориясына байланысты туындайтын тағы бір мәселе – билік пен
жеке адамдар еркіндігінің ара қатынасы. Әрине, билік қоғамды басқару үшін,
тәртіп орнату үшін қажет. Бірақ тәртіпті нығайту үшін билік өте қатал болып
мейірімсіздікке барса, онда азаматтардың еркіндігіне зиян келутіруі де мүмкін.
Бұл қайшылықты қалай үйлестіру керек?
Осы сұраққа саясаттану ғылымының беретін жауабы: саяси биліктің
өзінен, не болмаса билік пен адамның қарым-қатынасынан әрбір жеке адамға
тікелей қиянат келмеуі мүмкін. Бірақ адам құқығына, еркіндігіне зиян
келтіретін –саяси биліктің бір қолға шоғырлануы, топталуы. Яғни, билік пен
жеке адамның арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібінің бұзылуы.
Саяси билік неғұрлым бір орталыққа шоғырланған, топтастырылған
болса, бостандыққа соғұрлым шек қойылады, қысым жасалады.
Шексіз билік -
Достарыңызбен бөлісу: