2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім.
Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне,
ұсыныстарына, идеяларына негізделеді.Идеялардың негізгі көзі, бастауы
ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея
ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің
мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің
орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі,
Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл
адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік,
реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.