Саясаттану



Pdf көрінісі
бет64/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Либерализм –  азаматтарға  қатысты  мемлекеттік  және  қоғамдық  әртүрлі 
басымдықтарды  жою  немесе  жұмсартуды  мақсат  ететін  идеология  түрі.  Бұл 
идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк. Осы ғалымның 
ұсынысы  өз  заманының  қажеттілігінен  туындады.  ХҮІІ  ғасыр  адамзаттың 
ортағасырлық  бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихында 
орта  ғасырлар  баршаға  әйгілі  монархияның,  шексіз  биліктің,  тұйық 
сословиеның,  еуропа  елдеріндегі  шіркеу  түнегінің  үстемдігінде    болды.  Әрбір 
адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады. 
Осылайша  адамдарды  мәжбүрлеу  тәртібі  қоғамдағы  тоқыраушылық 


106
көріністерін  күшейтті.  Дж.Локк  өзінің  либералдық  идеясында  әрбір  адам  өз 
қабілетін  іске  асырмайынша,  елдің  дамуына  өзінің  үлесін  қоспайынша  қоғам 
қарқынды  дами  алмайды,  адамдарды  мемлекеттік  дәстүрлі  жіктеуліктен,  дін 
құрсауының  ықпалынан  босату  керек  деп  түсіндірді.  Либералдық  идеяны 
көпшілік жақтап шықты,   әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық 
таптың  тез қабылдауының  арқасында кейін   идеологияға  айналды. Экономика 
саласында нарықтық қарым-қатынас қалыптаса бастады, енді біреулері кішкене 
шеберхана  ашса,  біреулері  жеке  меншік  жерге  ие  болды,  сөйтіп  өндіріс 
дамыды.  50-100  жылдан  кейін  осы  кішкене  шеберханалар    ірі  зауыттарға, 
фабрикаларға, ал кішкене бау-бақша  жерлері үлкен фермерлік шаруашылыққа 
айналды, нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы қалыптасып жақсарды. 
Қорыта  келгенде,  либерализм  идеологиясы  капитализмнің қалыптасып 
дамуына зор әсер етті. 
ХХ  ғасырдың  басында  либерализм  идеологиясының  одан  әрі  дамуына 
байланысты  бұдан  өзгеше  саяси  идеология  ретінде  жаңа  либерализм  –
неолиберализм бөлініп шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет