150
даму банкісі – МБРР, Халықаралық валюта қоры – МВФ, халықаралық даму
ассоциациясы – МАР, Халықаралық қаржы корпорациясы – МФК); ауыл
шаруашылығы саласында (БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы
ұйымы – ФАО, Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры - ИФАД);
көлік және байланыс (халықаралық азаматтық авиация ұйымы – ИКАО,
халықаралық теңізшілер ұйымы – ИМО, Бүкіләлемдік пошта одағы – ВПС,
халықаралық электрлік байланыс одағы - МСЭ); метереологияда (Бүкіләлемдік
метереологиялық ұйым – ВМО), сондай-ақ арнаулы автономиялық ұйымдар –
халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ), БҰҰ-ның сауда
және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), БҰҰ-ның даму бағдарламасы
(ПРООН), БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП). Кейде
БҰҰ-ның жүйесіне Халықаралық инвестиция жөніндегі агенттікті (МАИГ)
және Бүкіләлемдік сауда ұйымын (ВТО) қосады. НПО деген ұйымның
айырмашылығы-- аумақтық емес құрылым. Олардың мүшелері егемен
мемлекеттер болып танылмайды. НПО (“егемендіктен тыс акторлар” үш
мақсатқа сәйкес келеді: құрамы мен қызметі жағынан халықаралық сипатта,
құрылтайшылығы – жеке сипатта, қызметі – ерікті сипатта). Тар мағынада
алғанда НПО – мемлекеттік емес институттар мен бірнеше елді жекелей
біріктіретін арнаулы саладағы ынтымақтастық құрылымдары – діни ұйымдар
(шіркеулердің Экуменикалық кеңесі), ғалымдар ұйымдары (Пагуош
қозғалысы), құқықтық (Халықаралық рақымшылдық) және басқа ұйымдар. Кең
мағынада алғанда НПО құрамына іс жүзінде халықаралық қатынастардың
барлық мемлекеттік емес қатысушылары кіреді: саяси қозғалыстар
(Социалистік интернационал), гуманитарлық (Халықаралық Қызыл Крест және
Қызыл Жарты Ай Федерациясы). Басқа сипаттағы трансұлттық кәсіпорындар
(ТНП) мүшелері: “өндіруші мемлекеттер ассоциациясы”, «мысты экспортқа
шығарушылар ұйымы»; «темірді экспортқа шығарушылар ұйымы». Бұлардың
көпшілігі БҰҰ жүйесіндегі мамандандырылған мекемелер жанындағы кеңесші
мәртебесіне ие болған ұйымдар мен мекемелер.. Олар саяси, экономикалық,
әлеуметтік,
ғылыми-техникалық
проблемаларды
шешуде
БҰҰ-мен
ынтымақтасады. Мысалы, Бүкіләлемдік бейбітшілік одағы – ВСМ,
халықаралық ғылыми одақтар кеңесі – МСНС және басқалары.
Үкіметаралық ұйымдар
қатысушылар шеңбері жөнінде ғаламдық
(бүкіләлемдік) және шектеулі құрамдарға бөлінеді. Ғаламдық (“Ислам
конференциясы” ұйымы - ОИК). Аймақтық шектеулі (Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы – ТМД, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы –
АСЕАН, ШЫҰ, араб мемлекеттерінің лигасы – ЛАГ, африкалық бірлік ұйымы
– ОАЕ, Бенилюкс ұйымдары.)
Достарыңызбен бөлісу: