“Әлемдік саясат” және “халықаралық саясат” ұғымдарына
халықаралық аренада болып жатқан оқиғалар жатады. Олардың арасындағы
негізгі айырмашылықтар дәстүрлі емес субъектілердің қатысу деңгейімен
анықталады; халықаралық саясат белсенділігі мемлекеттердің халықаралық
аренадағы өзара іс-қимылын, қызметін бейнелейді және олардың арасында
әртүрлі салада екіжақты және көпжақты байланыс орнатады.
Елдің сыртқы саясаты – мемлекеттің халықаралық саясатындағы
жалпыәлемдік және ұлттық мүдделерін білдіруге қажет негізгі принциптерін
нақты жүзеге асыру, өзге мемлекеттермен және халықтармен қатынастарды
реттеу, тұтастай алғанда халықаралық процестерге тиімді ықпал жасау; бұл
мемлекеттің халықаралық саясаттың жалпы бағыты.
Мақсаттар мен құралдар қатынасының бірлігі негізінде перспективалық
мақсатқа жетудің ұзақ уақыттық жолдарын тиімді таңдау мен пайдалануды,
меңгеруді бейнелейтін саяси-стратегия ұғымы. Стратегия құралдары ретінде
мемлекет бақылауында болатын, мемлекеттік билік органдары қолдануды
жоспарлайтын және мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға жету үшін
пайдаланатын мемлекет ресурстары (материалдық және рухани) танылады.