154
4) 1914-1918-1939 жж. “Версаль жүйесінде” идеологиялық фактор іс-қимылға
ауысты, ұлттық мемлекеттер арасындағы шиеленіске идеология қайшылығы
қосылды (фашизм, коммунизм және либерализм);
5) 1945ж. – ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, ІІ
дүниежүзілік
соғыстан
кейінгі
халықаралық
тәртіп.
Халықаралық
қатынастардың жаңа құрылымының сипаты – биполярлық және конфронтация
(әскери-саяси, экономикалық, идеологиялық ымырасыздық). Жоғарғы
державалар идеология арқылы өзінің қуатын айқындай бастады. Осы кезеңде
халықаралық қатынастар акторы ретінде халықаралық ұйымдардың (әсіресе
БҰҰ) ролі күшейді, халықаралық құқықтың мәні
және оның ұлттық мақсаттары
мен
бағдарламалары мойындалды;
6) ХХ ғ. 90-жылдарының басынан жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыру
кезеңі басталды. Бұл халықаралық саясат балама бағыттардың пайда болуымен
сипатталып жаһандануға, ынтымақтастық пен интеграцияның дамыған
бағытына бетбұрыс, өзара іс-қимыл шиеленістерін сақтайтын ағымдарға бағыт
беру, өзара байланыс, трансұлттық және ұлттық сепаратизм идеяларының
түйісуі болды. Олар проблематикалық және ретсіздікті іс жүзінде шешудің
тәсілдерін енгізді. Биполярлықтың күйреуі империялық (бір ғана жоғарғы
державаның болуы мен көпполярлық (мемлекеттердің мәртебесі мен
ықпалының тепе-теңдігі) баламаларын туындатты.
Достарыңызбен бөлісу: