Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


ФИЗИОТЕРАПИЯ ӘДІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА



Pdf көрінісі
бет4/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

ФИЗИОТЕРАПИЯ ӘДІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.82 
Физиотерапия әдістерінінің бірі –фототерапия.............................83 
БИБЛИОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК..................................87 
Библиотерапияның міндеттері мен артықшылықтары..................88 
АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ  ӘДІСТЕРІ  МЕН  ЭЛЕМЕНТТЕРІН 
ЖӘНЕ 
ТРЕНИНГТЕРІН, 
САБАҚ 
БАРЫСЫНДА 
ҚОЛДАНУ........................................................................................90 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................108 
 
 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
 
Қазіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі 
ол  арт-терапия  болып  саналады.  Арт-терапия  даму  үстіндегі 
психотерапияның  әдістердің  жаңа  түрі  болып  есептеледі.  Қазір 
Қазақстанда  арт-терапия  өзінің  қалыптасу  кезеңінде.  Бұл  сала 
Қазақстанда  әлі  де  болса  толығымен  зерттелмеген  деп  айтуға 
толық  негіз  бар,  себебі  осы  салада  елімізде  ғылыми  жұмысты 
айтпағанның  өзінде  бітіру  жұмысыда  жоқ  екендігі  дәлел. 
Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен 
қалыптаспаған. 
Арт-терапиямен 
айналысу 
үлкен 
профессионалды 
дайындықты,  психология  аймағында  іргелі  білімді  талап  ететін 
қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар 
жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген 
қызығушылық өте жоғары.  
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек 
қана  психологтарға  ғана  емес,  сонымен  қатар  педагогтарға, 
әлеуметтік  жұмыскерлерге,  қарт  адамдар,  жасөспірімдер 
психикалық  ауру  адамдарға  тағы  басқа  көптеген  жерлерде 
қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.  
Арт – терапия мәселесімен Қазақстанда зерттеген ғалым жоқ. 
Арт  –  терапия  мәселесімен  әйгілі  Австриялық  ғалым 
психоанализдің  негізін  салушы  З.Фрейд,  Швейцария  ғалымы 
К.Г.Юнг,  Америкалық  ғалым  гуманитарлық  психологияның 
негізін салушылар К.Р.Роджерс және А.Маслоу. Қазіргі таңда арт 
–  терапия  ғылымын  Американдық  М.Наумбург,  Э.Крамер, 
Л.Гантт, 
Б.Болл. 
Ресейлік 
ғалымдар 
А.И.Копытин, 
Е.А.Медведева,  И.Ю.Левченко,  Л.Н.Комиссарова,  И.В.Сусина, 
Д.М.Лебедева,  О.И.Качурина  сынды  ғалымдар  көптеген  арт  – 
терапияға  байланысты  еңбектер  жазып,  қорқыныш,  үрей, 
мазасыздық жағдайларына әсерін зерттеген болатын.  
Алғашқыда  арт-терапия  түсінігі  енгізілген  кезде  оны  тек 
сырқат  ауру  немесе  демалыс  үйіндегі  емделушілерге  ғана 
қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл 
дегеніміз  арт-терапия  адамның  шығармашылық  жағдайын 
дамытып  қана  қоймай,  адамның  бойындағы  ресурстарының 



 
мүмкіндігін  түсініп  ашуғада  жағдай  жасайды  деген  сөз.  Мұнда 
адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі 
басынан  өткен  сезімдерді,  қобалжуларды  бейне  арқылы  жеткізу 
болып  табылады.  Түс  көрген  адамның  сөзі:  мен  мұны  сезініп 
тұрмын  бірақ  қалай  айтарымды  және  бейнелерімді  білмеймін. 
Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы австриялық ғалым 
З.Фрейд  айтқандай  бұл  барлық  уақытта  оңай  емес.  Яғни  бұдан 
шығатын  қорытынды  толығымен  сезімдерді  жеткізе  білгенде 
ғана,  сол  кезде  арт-терапия  өз  мақсатына  жетіп,  эффективті 
болары сөзсіз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет