Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет8/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

Екінші  кезең.  Музыкалық  материалды  іріктеу  кезең  күрделі 
әрі  толық  зерттелмеген  мәселе  болып  табылады.  Кейбір 
зерттеулерде  музыканың  адам  тұлғасының  рухани  дамуына 
ықпалы 
ескерілмейді. 
Мысалы, 
Р.С.Урброк 
өндірістегі 
функциялық  музыканың  түпкі  мақсаты  жылдамдату  деп 
есептейді. Яғни оның пікірінше тез екпінде орындалатын музыка 
еңбек  өнімділігіне  ықпал  етеді.  Көптеген  шетелдік  зерттеушілер 
джаз музыкасын қолданған жөн деп есептейді. 
Функциялық  музыка  ретінде  поп,  рок,  брейк  стиліндегі 
музыкаларды пайдалану мәселесі туындайды. Осындай музыканы 
қолдану біріншіден, адамға қатты әсер етеді, екіншіден жастарға 
ұнайды деген пікірлер де бар. Жалпы алғанда осындай музыканы 
қолдану  дұрыс  сияқты  болады.  Себебі,  ол  жастарды 
қызықтырады  әрі  сән  болып  табылады.  Дегенмен,  терапияға 
арналған  музыканың  тек  физиологиялық  қана  емес,  сонымен 
қатар  әлеуметтік  функциясы  бар  екендігін  ескерсек  мұндай 


13 
 
музыкаларды  қолдану  дұрыс  емес  деген  пікірге  келеміз. 
Шынында  поп,  рок,  брейк  музыкалық  шығармаларының 
көмегімен  студенттердің  күшті  эмоциялық  қозуы  мен  қимыл-
қозғалыс  белсенділігінің  күрт  өсуіне  қол  жеткізуге  болады.  Оқу 
іс-әрекетінің  кейбір  түрлерінде  (мысалы,  дене  тәрбиесі 
сабақтарында)  уақытша  нәтижеге  қол  жеткізуге  болады.  Бір 
сәттік нәтижеден стратегиялық мақсат – болашақ маман тұлғасын 
тәрбиелеуді жіберіп алуға болады. 
Әлемдік өнердің шынайы құндылықтары болып композитор-
классиктер 
дәрежесіне 
жеткен 
авторлардың 
музыкалық 
шығармалары  есептеледі.  Нақ  классикалық  музыканы  (ұлттық 
қана  емес,  әлемдік  мәдениетте  құндылығы  жоғары)  функциялық 
музыка ретінде қолдануға болады. Біз өз жұмысымызда төмендегі 
классикалық музыка шығармаларын үлгі ретінде ұсынамыз: 

Қорқыныш және өзін-өзіне сенімсіздікті азайту үшін – 
Шопен  "Мазурка",  Штраустың  "Летущяя  мышь",  «Весенний 
вальс», Рубинштейннің "Пьеса" (Фортепианоға арналған). 

Ашуланшақтықты,  шаршағанды  басу  үшін  –  Бах, 
"Кантата №2", Бетховен "Лунная соната". «Прелюдия и фуга» ре 
минор (d moll,  a moll). 

Жалпы  тыныштандыру  үшін  –  Бетховен  "Симфония 
№6",  2  бөлім,  Брамс  "Колыбельная",  «Венгерский  танец  1,5,6» 
Шуберт "Аве Мария". 

Гипертония  белгілері  мен  өзге  адамдармен  қарым-
қатынастағы  кернеулікті  жою  үшін  –  Бах.  Скрипкаға  арналған 
"Концерт ре-минор", соль минор, ля минор. 

Эмоциялық  кернеулікпен  байланысты  бас  ауруды 
азайту  үшін  –  Моцарт  "Дон  Жуан",  Лист  "Венгерская  рапсодия 
№1", Хачатурян "Сюита Маскарад". 

Көңіл-күйді  жақсарту,  белсенділікті  көтеру  үшін  – 
Чайковский  "Шестая  симфония",  3  бөлім,  Бетховен  "Уверюта 
Эдмонд". 

Қатігездікті,  қызғаншақтықты  жою  үшін  –  Бах, 
"Италянский концерт", Гайдн "Симфония". 

Зейінді 
шоғырландыру, 
тұрақтандыру 
үшін 

Чайковский  "Времена  года",  Дебюсси  "Лунный  свет", 
Мендельсон "Симфония №5". 


14 
 
Бұл  шығармаларда  адам  эмоциялары  мен  сезімдерінің  кең 
диапазоны  қамтылған.  Классикалық  музыканың  артықшылығы 
адамның  эстетикалық  және  интеллектілік  эмоцияларына  күшті 
ықпал етуі болып табылады. 
Музыкалық  терапия  материалы  ретінде  әр  ұлттың 
фольклорлық  музыкасын  қолдануға  да  болады.  Бірақ  ұлттық 
ерекшеліктерге  байланысты  әр  ұлттың  студенттеріне  түрліше 
әсер етуі мүмкін. Дегенмен ұлттық музыканы мүлдем қолдануға 
болмайды деген сөз емес. 
Енді бір маңызды сәт студенттерге жақсы таныс, таныс емес 
не болмаса аз  таныс музыканың  қайсысын ұсынған  дұрыс деген 
сұрақ туындайды. Көбіне адамға жақсы таныс әуен ұнайды деген 
пікірді  жиі  естиміз.  Бірақ  музыка  неғұрлым  таныс  болмаса, 
соғұрлым  аз  ассоциация  тудырады.  Себебі,  ассоциациялар  әр 
түрлі  болуы  мүмкін  әр  жиі  кедергі  келтіріп  жатады.  Сондықтан 
да терапияға қажетті музыканы таңдаған кезде таныс емес немесе 
аз  таныс  материалды  алу  қажет.  Музыканы  алғашқы 
тыңдатқаннан  кейін  пайда  болатын  ассоцияциялар  қайталап 
тыңдатқанда ықпал ету дәрежесін күшейтуі мүмкін. 
Нақты музыкалық шығарманы таңдау педагог, психолог және 
психофизиологтың 
талаптарына 
сай 
жасалынуы 
қажет. 
Музыкалық материалды іріктеу екі тәсілмен жүзеге асырылады:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет