Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет14/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

  6. 
Қазақстанда 
жоғары 
молекулалы 
қосылыстар 
өндірісінің дамуы. Қазіргі кезде синтездік материалдар өндіретін 
өнеркәсіп  қарқынды  дамуда.  Көптеген  табиғи  материалдардың 
(ағаш,  металл  және  т.б.)  орнын  синтездік  материалдар 
алмастыруда.  Алайда  соңғы  уақытқа  дейін  бізде  жасанды  және 
синтездік  талшықтар,  пластмассалар  және  басқа  синтездік 
материалдар  өндірісі  жеткілікті  дамымай  келді.  Бұл  өндіріс 
қарқынды  дамуы  үшін  қажетті  шикізатпен  қамтамасыз  етілуі 
тиіс.  Айталық,  полиэтилен  өндіру  үшін  этилен  қажет;  ал 
полихлорвинил 
ацетиленнен 
және 
этиленнен 
алынады, 
полистирол  алу  үшін  бензол,  этилен  және  басқалары, 
фенолформальдегид  пластмассалары  өндірісіне  фенол  мен 
формальдегид,  капрон  жасау  үшін  негізгі  зат  ретінде  бензол, 
каучук алу үшін бутан, изопентан және т.с.с. керек болады. 
  Кіші молекулалы заттар қайдан алынады?  
  Полимерлер  өндіруге  қажетті  этилен  -  мұнай  өңдеуде  және 
көмірді  кокстеуде  түзілетін  газдардан,  ацетилен-  кальций 
карбидінен  және  табиғи  газдардан,  метаннан  алынады; 
формальдегидті  метанды  тотықтырып  алады;  бензол  мен  фенол- 
мұнай  мен  тас  көмірден,  бутан  мен  изопентан-  мұнайға  серік 
газдардан және мұнай өңдеуде түзілетін газдардан алынады және 
т.с.с. 
  Табиғи  мұнайға  серік  газдар  ең  арзан  шикізат  қоры  болып 
табылады.  Алайда  соңғы  уақытқа  дейін  бұл  заттар  химиялық 
әдіспен  өңдеу  мақсатына  толық  пайдаланылмай  келді.  Табиғи 
газдар  мен  мұнайға  серік  газдар  негізіндегі  химиялық  синтезді 
дамытуға қазір ерекше назар аударылатын болды. 
  Синтездік 
материалдар 
өнеркәсібі 
өндірістің 
басқа 
салаларының  даму  дәрежесіне  белгілі  бір  шамада  тәуелді  бола 
отырып,  өз  тарапынан  ол  салалардың  өнімдеріне  тиісті  талаптар 
қояды  және  оларды  синтездік  жаңа  материалдармен  жабдықтап, 
өндірістің бұл салаларының дамуына әсер етеді. 
  Қостанай жасанды  талшық  зауыты,  Қарағандыдағы  «Карбид» 
өндірістік  бірлестігі,  Теміртау  синтездік  каучук  зауыттары  және 
т.б. 
Қазақстанда 
полимерлік 
материалдар 
шығаратын 
кәсіпорындар 
қатарына 
жатады. 
Атырауда 
полиэтилен, 


 
 
 
31
 
полипропилен  шығаратын  ірі  химиялық  өндіріс  қатарға 
қосылмақ. 
 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Экологиялық  токсикология  ғылымының  қалыптасуы  қалай 
өткен? 
2.  Ғалымдар  экотоксикология  ұғымына  қандай  анықтамалар 
береді? 
3.  Әлемде  болып  жатқан  қандай  ядролық  апаттарды 
білесіңдер? 
4.  Қоршаған ортада қандай ластану түрлері кездеседі? 
5.  Шекті рауалы концентрация (ШРК) дегеніміз не? 
6.  Экотоксикология  –  неліктен  синтездік  ғылым  болып 
табылады? 
7.  Қандай  жоғары  молекулалы  қосылыстарды,  қолданыстағы 
полимерлерді білесіңдер? 
8.  Полимерлердің, 
пластмассалардың  қандай  қасиеттері 
белгілі? 
9.  Қазақстанда  жоғары  молекулалы  қосылыстар  өндірісінің 
даму деңгейі қандай? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет