Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Пластмассалардың  аса  маңызды  өкілдерін  синтездеу



Pdf көрінісі
бет10/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

  5.  Пластмассалардың  аса  маңызды  өкілдерін  синтездеу. 
Полиэтилен  –  қолмен  ұстағанда  май  тәріздес  сезілетін,  ақтүсті 
шайыр  зат.  Сыртқы  түрі  жағынан  парафинге  ұқсайды,  судан 
жеңіл.  Жаққанда  күйесіз  көгілдір  түсті  жалынмен  жай  жанады. 
Бөлме температурасында ешқандай еріткіште ерімейді, тек 700С-
ден  жоғары  қыздырғанда  ісініп,  төртхлорлы  көміртекте, 
толуолда,  ксилолда  ериді,  салқындатса  полимер  қайта  қатаяды. 


 
 
20  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Электр  оқшаулауыш  қасиеттері  өте  жоғары.  Химиялық  заттарға, 
суға тұрақты, физикалық-механикалық көрсеткіштері өте жоғары. 
  Полиэтилен  радиотехника  мен  телеқондырғыларда  электр 
оқшаулауыш,  химия  өндірісінде  антикоррозиялық  жабындар 
ретінде,  сондай-ақ  орама  қабыршақтар  мен  ыдыстар  жасауда, 
мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады. 
  Полиэтиленнен  химия  өнеркәсібінде  корпустар,  химиялық 
белсенді  және  күйдіргіш  заттар  әсер  ететін  жағдайларда  жұмыс 
істейтін  қондырғылардың  әр  түрлі  бөлшектері,  құрылыс 
жұмысына  қажетті  су  құбырлары  жасалады.  Олар  жеңіл  әрі 
иілгіш болғандықтан, орға – траншеяға салуға ыңғайлы, ішіне су 
қатқанда  жарылмайды.  Олардың  мөлдір  қабыршақтары  су  өткіз-
бейді,  ал  ультракүлгін  сәулелерді  жақсы  өткізеді.  Сондықтан  ол 
жылы  жайлардың  терезелеріне  ауыр  әрі  тез  сынатын  силикат 
шынылардың 
орнына 
қолданылады. 
Көптеген 
пайдалы 
қасиеттерінің  болуына  байланысты  полиэтиленнің  қолданылу 
саласы жыл санап артып келеді. 
  Полипропилен  –  полиэтиленге  өте  ұқсас.  Түсі  ақ,  қолға 
майдай 
сезілетін 
термопластикалық 
– 
берік, 
жоғары 
температурада  (160-170
0
С)  жұмсарады.  Жоғары  температураның 
өзінде  қышқыл,  негіз  және  майлардың  әсеріне  төзімді.  Әдеттегі 
температурада  ешбір  еріткіште  ерімейді,  ал  800С-ден  жоғары 
температурада қыздырғанда ароматты көмірсутектер мен хлорлы 
парафиндерде 
ериді. 
Полипропиленнен 
аса 
берік 
оқшаулауыштар, 
түтіктер, 
машина 
тетіктері, 
химиялық 
құрылғылар  жасалады.  Беріктігіне  байланысты  қажалуға  төзімді 
арқан, тор, техникалық мата алуда қолданылады. 
  Тефлон  немесе  политетрафторэтилен  – балқу температурасы 
320-327
0
С.  Оны  100  –  250
0
  С-ге  дейін  қыздырғанда  қасиетін 
өзгертпейді. Ешбір затта ерімейді. Азот, күкірт, тұз қышқылдары, 
сілті,  әр  түрлі  органикалық  еріткіштердің  әсеріне  төзімді,  яғни 
химиялық  беріктігі  жағынан  алтын  мен  платина  тә-різді  «асыл» 
металдардан да артық. Тефлонды жоғары температурада тек фтор 
және балқып сұйылтылған сілтілік металдар ғана бүлдіре алады.  
  Тефлонның  диэлектрлік  қасиеті  өте  жоғары  болатындықтан, 
ол жоғары жиілікті механизмдерде электр оқшаулауыш материал 


 
 
 
21
 
ретінде  қолданылады.  Одан  сондай-ақ  ең  зиянды  заттармен 
жұмыс  істейтін  химиялық  құрылғылардың  түрлі  бөлшектерін, 
түтіктер, насостар, отқа төзімді талшықтар және т.с.с. жасайды. 
  Полистирол  –  мөлдір,  қатты,  шыныға  ұқсас  материал.  Ол 
ароматты 
көмірсутектерде, 
суда, 
спирттерде 
ерімейді. 
Қышқылдар  мен  сілтілердің  әсеріне  төзімді,  жақсы  диэлектрик. 
Механикалық  беріктігі  төмендеу,  температураға    тұрақтылығы  
шамалы,    ауаның  қатысуымен  қыздырғанда  150
0
  С-де  айырыла 
бастайды. 
  Полистиролды  синтездеу  және  айыру  тәжірибесін  мектептер 
зертханасы жағдайында да жүргізуге болады. Оны инициаторлар 
қосу арқылы радикалдық полимерлеу әдісімен стиролдан алады. 
  Полистирол  өте  термопластикалық  материал  болғандықтан, 
тиісті пішінге келтіру қиын емес. Оны көбіне электр оқшаулауыш 
материал  ретінде  жоғары  жиілікті  токты  пайдаланатын 
қондырғылардың,  радиотехника  мен  телеқондырғылардың 
бөлшектерін және пенопластар жасауда қолданады. Одан сондай-
ақ  сәндік  және  тұрмыстық  бұйымдар  (балалар  ойыншықтарын, 
ыдыстар) және т.с.с. жасайды. 
  Каучук  синтезі.  Каучук  –  майысқақ,  созылғыш,  серпімді, 
тозуға  төзімді  эластикалық  материал.  Негізінен  резеңке  және 
резеңке  бұйымдарын  жасауға  пайдаланылады.  Табиғатта 
көптеген  өсімдіктердің,  Қазақстанда  таусағыз,  көксағыз  секілді 
өсімдіктердің  құрамында  кездеседі.  Бразилияда  өсетін  гевея 
ағашы шырынының құрамында 30 % каучук (као чоу  – ағаштың 
көз жасы) кездеседі. 
  Каучуктың  практикалық  маңыздылығы  –  оның  жоғары 
серпімді,  эластикалық  қасиетінде.  Ол  автомобиль,  ұшақ, 
велосипед  доңғалақтарын,  резеңке  аяқ  киім,  электр  сымдарын 
оқшаулайтын  материал,  көптеген  медициналық  бұйымдар 
жасауға  қол-данылатын  болғандықтан,  зор  маңызға  ие  болуда. 
Қазіргі техниканың дамуына байланысты каучукқа деген сұраныс 
дүние жүзінде жылына 2500000 тоннаға жетіп отыр. 
  Әлемде  каучуктың  қоры  шектеулі  болғандықтан,  ғалымдар 
алдында  өте  майысқақ  синтездік  материалдар  жасау  қажеттігі 
туындады.  Ұзақ  жылғы  қажырлы  еңбектен  кейін  орыс  химигі, 


 
 
22  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
академик  С.В.Лебедев  каучукты  синтездік  жолмен  алу  әдісін 
тапты.  Осылайша  1932  жылдан  бастап  каучук  синтездік  әдіспен 
өндіріле  бастады.  Ол  ең  алдымен  бутадиенді  пайдаланды. 
Бутадиен  алу  үшін  шикізат  ретінде  этил  спирті  жұмсалды.  Ал 
этил спиртін астық пен картоптан алады. 
  Бутадиенді каучуктың қасиеті табиғи каучуктан нашар болды, 
өйткені табиғи каучук дегеніміз – бұл изопренді каучук. Кейіннен 
синтезделген  изопренді  каучук  майысқақтығы  жөнінен  табиғи 
каучуктан 
төмен 
болып 
шықты. 
Мәселе 
оның 
стереоқұрылысында  еді.  Соңында  құрылысы  табиғи  каучукқа 
ұқсас цис-изопренді каучук синтезделді. 
  Қазіргі  уақытта  каучукты  синтездеуге  мұнай  газдары  мен 
мұнайдың  өңделген  өнімдерінде  болатын  көмірсутектер 
пайдаланылады. 
  Еріткіштердің,  температураның  және  әр  түрлі  химиялық 
реагенттердің 
әсеріне 
төзімді 
болу 
үшін 
каучукты 
вулканизациялайды.  Вулканизация  дегеніміз  –  каучук  пен 
күкіртті  қосып,  қыздырған  кезде  жүретін,  қос  байланыстар 
тұсынан каучук молекулаларының дисульфид S – S  көпіршелері 
арқылы үш өлшемге келіп тігілуі. 
  Вулканизациялауға  күкірт  қана  емес,  күкірт  қосылыстарын, 
күйе,  бор  секілді  заттарды  қосады.  Вулканизация  процесін  1839 
жылы Генкокок пен Гудьир ашқан. Осындай күрделі физикалық-
химиялық  процесс  кезінде  каучуктың  қасиеттері  күрт  өзгереді. 
Оның  серпімділігі,  беріктігі,  эластикалығы,  температура  мен 
еріткіштерге  төзімділігі  артады.  Осылайша  алынған  өнімді 
резеңке  деп  атайды.  Ол  өзінің  бастапқы  ұзындығынан  екі  есеге 
дейін ұзара алады және қайта қалпына келеді. 
  Соңғы  жылдары  диен  көмірсутектерінің  басқа  қанықпаған 
қосылыстармен  біріге  полимерленуінен  алынатын  сополимерлі 
каучуктар кеңінен қолданыла бастады. 
  Қолданылатын мақсатына қарай каучуктың әр түрін алу үшін 
әр  түрлі  мономерлер  пайдаланылады.  Мысалы,  доңғалақ 
шиналарын  жасауға  жұмсалатын  каучук  алу  үшін  бутадиенді 
стиролмен бірлестіріп полимерлейді. 


 
 
 
23
 
  Осы  заманғы  өнеркәсіп  басқа  да  бірқатар  синтездік  каучук 
шығарады.  Олардың  бірі  –  механикалық  тұрғыдан  аса  берік 
болса,  екіншісі  –  химиялық  өте  тұрақтылығымен,  үшіншісі  – 
еріткіштердің  әсеріне  ерекше  төзімділігімен  сипатталады.  Олар 
өздерінің қасиеттеріне қарай түрлі мақсаттарда қолданылады. (2-
сурет). 
 
Шиналар
 
 
Аяқ киім, мата
 
 
Каучук
 
 
 
Құрылыс
 
Материалдары
 
 
Электротехникада
 
 
Таспалар, 
түтіктер, 
қайыстар
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет