4. Курстың қысқаша мазмұны (таңдау компоненті) -
Қарапайым математикалық түсініктерді
қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны. Пәнді зерттеу әдістері.
Басқа ғылымдармен байланысты. Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және
қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі.Математикалық ұғымдар: сан,
санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы.
Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және
есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұғымда қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру
әдістемесінің құрылымы. В.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым
математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.И.Внекердің балабақшада
қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына
дейінгі балалрдың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдістемесі мен
теориясына А.М.Леушинаның қосқан үлесі. Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың
қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Мектеп жасына дейінгі
балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен
бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы. Қарапайым математикалық
түсініктерді
дамытуда
қолданылатын
әдістер,
ұйымдастыру
түрлерінің
жалпы
сипаттамасы.Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ееркшеліктері және заттарды қайта
жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды
қалыптастырудың міндеттері.2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру
әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш көлеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру,
сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5
жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауға үйрету, санның натурал
қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды
дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем ұғымдарын қолдануға және сандардың рет
қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге маншықтандыру әдістемесі. 6-7 жаста жиырмаға
дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға
үйрету әдістемесі.Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі. Балалардың
арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері. Есептермен жұмыс кезіндегі әдістемелік
тәсілдер мен жүйелік +, -, >, <, = белгілерді қолдану әдістемесі. Заттардың көлемі және өлшеу
тәсілдері. Өлшемнің көлемі мен сан арасындағы функциональды байланыс. Мектеп жасына
дейінгі балалардың геометриялық түсініктері. Қарапайым геометриялық пішін туралы
4
түсініктер қалыптастыру әдістемесі.Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік. Балалардың кеңістікті
бағдарлау генезисі. Кеңістікті бағдарлаудың сезімдік негіздері. Кеңістікті бағдарлау және
қабылдаудағы сөздің ролі. Кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру міндеттері.Тәулік ұғымы.
Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін тусіну және кеше, бүгін, ертең сөздерінің мағынасын
түсінуі. Ересектер тобындағы балалардың уақытты сезінуін дамыту жолдары. Екі өлшемді
кеңістікте бағдарлауға үйрету әдістемесі. Кеңістікті бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын
дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты
сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |