18
.
бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған
шет елдердің
заңдылықтарына мүмкіндігінше жақын үйлестіру. Тек
қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы
экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан
өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға ты-
рысады.
.
екінші жағдай –
кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық
бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді
болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық
ережелер мен нор-
малар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді
және нашар реттелген міндетті
талаптар кәсіп иелерінің жұмысын
шектейді.
Осы жағдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты бағыты –
тексеру жұмыстарының маңызды бөлімдерін реформалау, шаруашылық
іс-әрекеттерге қатысушыларға қойылатын мемлекеттің міндетті та-
лаптарын инвентаризациялау. Қазақстан Республикасының Консти-
туциясы бойынша кәсіп иелерінің іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы
шектеледі және Конституция нақтылы түрде қорғайтын жағдайларға
қатысты жүргізіле алады. Осындай Конституция қорғайтын жағдайлар
– адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер
дүниесіне зиян келтірмеу. Міндетті талаптарды үйлестіруге тыры-
су, жоғары деңгейдегі
нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің
қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға
тән дүниежүзілік тәжірибеден туындайды. ҚР-ның «Техникалық реттеу
туралы» Заңында келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы
тәжірибені ескере отырып құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: