Түйін сөздер: сутегі, риформинг, газдандыру, фотоферменттеу, қараңғылық ферменттеу
11.1 Кіріспе Сутегі - бұл таза, сенімді, жаңғыртылатын және арзан дәстүрлі емес энергия көзі. Ол маңызды
энергия тасымалдағыш болып табылады және өнеркәсіпте практикалық түрде, автокөліктерде және
ракеталарда сұйық отын ретінде қолданылады. Сутегі судан алынуы мүмкін және жанғаннан кейінгі
өнім су болады. Демек, ол мүлдем табиғатта қайта қалпына келеді.
Белгілі болғандай, сутегін шағын түзетулермен іштен жану қозғалтқыштарында пайдалануға
болады. Сондай-ақ, ол сутекті-оттектік отын элементтерінде тікелей электр қуатын өндіру үшін,
жалғыз өнім - "сумен" пайдаланылуы мүмкін. Энергия қуатын пайдаланудың ПӘК тиімділігі 60%-ға
дейін жетуі мүмкін. Екінші жағынан, қазбалы отынмен жұмыс істейтін жүйенің тиімділігі, әдетте
34%. Жоғары температуралы отын элементтерін қолданғанда, электр қуатын, сонымен қатар, жылыту
мақсатында отын элементінде тудырылған жылуды қолдану мүмкін болды. Осындай тәсілмен, жалпы
энергия тиімділігі 80%-ға дейін жетеді. Көлік құралдарында электр жетегі бар электр
қозғалтқыштардың ПӘК 90% шамасында болуы мүмкін, ал әдеттегі іштен жану қозғалтқыштардың
ПӘК-і 25%-ға жуық. Қазіргі кезде отын элементтері дәл сондай қуаты бар іштен жану
қозғалтқыштарына қарағанда 100 есе артық тұрады. Кез келген жағдайда, отын элементтерін жаппай
өндірісте және одан әрі дамытуда шығындардың азаюын күтуге болады [1].
Оның тартымды қасиеттерін мен әмбебап пайдалануының арқасында сутегі болашақ
энергетикалық жүйелерде маңызды рөл атқаратыны және әлем "сутекті энергетика экономикасын"
қабылдауы әбден мүмкін. Энергияны өндіру үшін ол не жану кезінде, не отын элементтерінде
оттегімен реакцияға түседі, және жалғыз өнім су болып табылады. Ол судан электролизден қайта
тудырылуы мүмкін. Демек, бұл ешқандай химиялық байланыс құрылмайтын және бұзылмайтын
тұйық химиялық цикл, тек таза энергия ағыны бар.