11.3.1 Биомассадансутегін алу Биомасса жер бетіндегі бүкіл тірі материяны қамтиды. Ол ауыл шаруашылығы мәдениетін,
жануарлардың көңін, балдырларды қосқандағы өсімдіктерді өсіруден пайда болады. Барлық
жаңартылатын энергия көздерінің ішінде биомасса бірегей болып табылады, өйткені ол күн
энергиясын тиімді жинақтайды. Сутегін алудағы барлық биотехнологиялық процестер сутегін
құрайтын ферменттердің болуына байланысты. Осы ферменттерге тән белсенділік саны бүкіл
процесті тежеуі мүмкін. Барлық ферменттер белсенді орталықтар ретінде күрделі металл
кластерлерді қамтиды. Бұл белсенді орталықтар қосалқы ферменттер мен ақуыздың жетілу
кезеңіндегі күрделі процесте синтезделінеді. Осы типтегі реакцияға қатысатын бұл ферменттер
нитрогеназды, Fe-гидрогеназды және Ni-Fe-гидрогеназды болып саналады. Негізінен, сутегін
биомасса көмегімен алуға болатындай үш процесс бар, олар төменде сипатталған.
11.3.1.1 Риформинг нәтижесіндегі биомассадан алынатын отыннан пайда болатын сутегі Бұл әдістің көмегімен биомасса алдымен этанол, бутанол және т. б. сияқты сұйық отынға
айналады. Келесі кезеңде бұл биоотын кәдімгі қазба отын сияқты алгоритм бойынша өңделеді,
мысалы, бу риформингі арқылы өндірілетін сутегі үшін табиғи газ.
11.3.1.2 Газдандыру арқылы биомассадан алынатын сутегі Бұл процесте биомасса өртеу арқылы синтетикалық газға (сингаз) айналады. Бұл газ CO, CO
2
және
H
2
құрайды. Сулы газ конверсияс реакциясының көмегімен сингаз көбірек сутегін өндіре алады .
11.3.1.3 Сутегінің биологиялық және биомиметикалық өндірісі (биофотолиз және ферменттеу) Бұл процестер әдетте екі түрге бөлінеді. Бір түрі түсетін күн сәулесін қарастырады (биофотолиз
және фотоферменттеу), ал екінші түрі жарық болмағанда да жүргізіліледі (қараңғы ферменттеу).
Биофотолиздің басты процесі фотосинтез болып табылады, бұл кезде күн сәулесінің көмегімен су
оттегіге, протондарға және электрондарға ыдырайды (судың ыдырауы). Фотоферменттеу кезінде
сутегі анаэробты фотосинтетикалық бактериялармен өндіріледі. Ол гидрогеназа орнына
нитрогеназаны органикалық заттарды (органикалық қышқылдарды артығырақ) қалпына келтіру
қабілетін
күшейту
үшін
пайдаланылады.
Органикалық қышқылдар қатарлас қараңғы ферменттеу кезінде CO
2
, сондай-ақ, органикалық
субстраттардан күн сәулесінің болмағанында жүргізіледі. Осылайша, атап айтқанда, гидрогеназа
бактериялары сутегін анаэробты жағдайларда ылғалды биомассадан өндіреді.