«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
21 -
күнделікті тақырыптар аясында және таңдау тақырыбына байланысты:
ғылыми және т.б. белгілі бір уақыт ішінде (қысқа) еркін сөйлесу;
-
ауызша тілдесімді түсіне білу және оны қысқаша мазмұндай білу, оны
жалғастыру;
-
ақпараттардағы негізгі байланысты анықтай білу және оны жүйелі
баяндау;
-
әртүрлі мәтіндердің стильдері мен ерекшеліктерін түсіне білу және
бағалау;
-
бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіну;
-
тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
-
мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту;
-
тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
-
мәтін бойынша жоспар құру;
-
тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
-
мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
-
ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және
нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
-
жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру (мысалы,
«Бізге, яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет?»);
-
жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу
(мысалы,«Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);
-
ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
-
берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілгенпәнінен оқылым дағдысын дамытуға
ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-
қазақ тіліндегі әртүрлі оқылым материалдарын меңгеру, яғни бүгінгі
таңдағы газет-журналдар, қысқа әдеби мәтіндер, пікірталас туғызатын және
белгілі бір мәселе қозғалған мақалалар, хаттар және т.б.;
-
көз жүгіртіп оқу, жалпы мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу
үшін оқу, ақпараттарды алу үшін оқу, көркем шығармаларды оқу, автор
көзқарасын табу үшін оқу;
-
кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;
-
интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша
презентациялар, жобалар дайындау);
-
мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның
дамуын болжау;
-
әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау);
-
көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
-
мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
-
ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін
оқу.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілгенпәнінен жазылым дағдысын
дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: