Бағдарламасында молекулалар жасаңыз: тетранитрометана



Дата11.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#49531
түріБағдарламасы
Байланысты:
лабка (копия)


№2 зертханалық жұмыс

Тапсырма 1.2.1:
Gaussview бағдарламасында молекулалар жасаңыз:
1. тетранитрометана;
2. гексанитроэтан;
3. орто -, мета - және пара-нитроанилина;
4. 2-ацетилоксибензой қышқылы
5. 1-метил-2-этилбензол;
6. 2,2-динитроэтилендиамин (H2N) 2C = C(NO2) 2;
7. 1,2,3-тринитроксипан
Жұмыстың мақсаты: GaussView бағдарламасымен танысу.
Бағдарламаның негізгі терезесінде Негізгі мәзір және Құралдар мәзірі элементеріне шолу жасай отырып, химиялық элеметтердің кеңістіктегі визуалды моделдерін құрастыру.
Оқытушы берген тапсырмаларды GaussView бағдарламасы арқылы қосылыстардың молекулаларын атомдарының моделін құру және зерттеу.
1.тетранитрометан;
Құру алгоритмі:

  • GaussView бағдарламасының негізгі терезесінің құралдар мәзірінде "элементтер кестесі" түймесін екі мәрте басу;

  • "Элементтер кестесі" терезесіндегі көміртек атомын таңдау;

  • Метан молекуласындағы барлық сутегі атомдарын радикалдар тобынан таңдалған азот пен оттек атомдарына алмастыру;

  • Нәтижесінде қос байланыстың түзіліп, тетранитрометан алу.



2.орто -, мета - және пара-нитроанилин
Құру алгоритмі:

  • GaussView бағдарламасының негізгі терезесінің құралдар мәзірінде " Ring Fragments " түймесін екі мәрте басу;

  • " Ring Fragments" терезесінде бензол молекуласына сәйкес келетін фрагментті таңдау;

  • H2-і атомдарының бірін NH2 молекуласымен алмастыру және H2-і атомдарының басқа біреуін NO2 молекуласымен алмастыру;

  • Нәтижесінде молекулалардың орналасу аймағына қарай орто- пара- мета- нитроанилин құрылымдарын алу.


орто-нитроанилин метро-нитроанилин

пара-нитроанилин
3. 1-метил-2-этилбензол

Құру алгоритмі:

  • GaussView бағдарламасының негізгі терезесінің құралдар мәзірінде " Ring Fragments " түймесін екі мәрте басу;

  • " Ring Fragments" терезесінде бензол молекуласына сәйкес келетін фрагментті таңдау;

  • 1-ші көміртекке жалғанған Н2 атомының орнына СН3 метил радикалын қою;

  • 2-ші көміртекке жалғанған Н2 атомын С2Н5 этил радикалын қою;

  • Нәтижесінде 1-метил-2-этилбензол қосылысының құрылымын алу.

4. Гексанитроэтан
Құру алгоритмі:

  • GaussView бағдарламасының негізгі терезесінің құралдар мәзірінде "элементтер кестесі" түймесін екі мәрте басу;

  • "Элементтер кестесі" терезесіндегі көміртек атомын таңдау;

  • Көміртек атомын 2 рет бір-біріне жалғау арқылы этан молекуласын алу;

  • 6 Н2 атомдарының орнына азот пен оттек атомдарымен алмастыру және сол арқылы қос байланысты орнату;

  • Нәтижесінде гексанитроэтан алу.


5. 1,2,3-тринитроксипан

Құру алгоритмі:

  • GaussView бағдарламасының негізгі терезесінің құралдар мәзірінде "элементтер кестесі" түймесін екі мәрте басу;

  • "Элементтер кестесі" терезесіндегі көміртек атомын таңдау;

  • Көміртек атомын 3 рет бір-біріне жалғау арқылы пропан молекуласын алу;

  • пропан молекуласындағы үш Н2 атомдарының орнын азот пен оттек атомдарымен алмастыру және сол арқылы қос байланысты орнату;

  • Нәтижесінде 1,2,3-тринитроксипан алу.


6. 2-ацетилоксибензой қышқылы
Құру алгоритмі:

  • GaussView бағдарламасының негізгі терезесінің құралдар мәзірінде " Ring Fragments " түймесін екі мәрте басу;

  • " Ring Fragments" терезесінде бензол молекуласына сәйкес келетін фрагментті таңдау;

  • көміртекке жалғанған Н2 атомының орнына О2 және басқа бір Н2 атомының орнын ОН молекуласымен алмастыру;

  • 3-ші көміртектегі бір Н2 атомын О2 және СН3 метил радикалымен алмастыру арқылы этил радикалын алу;

  • Нәтижесінде 2-ацетилоксибезой қышқыл қосылысының құрылымын алу.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет