Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
41
(Ж): Дәптермен жұмыс: Әр оқушы 2 етістіктен таңдап алып, келер шақта
сөйлем құрастырады. Қасындағы досына сөйлемін оқып береді, бір-бірін
тыңдап, қатесі болса түзетеді. Қорытынды
(Т): Ойнау, жұмыс жасау, оқу етістіктерін келер шақта 3 топ ауызша
жіктеп шығады.
Рефлексия.Стикерлерді тақтаға жабыстыру арқылы сабаққа кері байланыс
жасайды[9]. Сабақтың тақырыбы: «Бізді қоршаған орта» Оқу мақсаты:
Т2. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
А4. Диалогқа қатысушылардың айтқанын түсінеді.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады:
Жауабында жаңа сөздерді (орман, тау, көл, өзен) қолдана алады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Зат есім мен сын есімді тіркестіріп қолдана алады. (қалың орман, биік тау,
терең өзен, үлкен көл)
Оқушылардың кейбірі орындай алады:
Көрсеткен суреттерді атай алады.
Тілдік мақсат:
Негізгі терминдер мен сөз тіркестер:орман, тау, өзен, көл, байлық, т.б.
Сабақтың басы
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Шаттық шеңбері
«Жүректен жүрекке» Оқушылар мұғалімнің көмегімен келесі сөйлемдерді
қайталай отырып, бір-біріне тілектерін білдіреді.