Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Жүрек Кәсіби-адамгершілік тұтастық



Pdf көрінісі
бет13/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Жүрек
Кәсіби-адамгершілік тұтастық
Мұғалімдер  ұстаз  мамандығының  этикалық  және  моральдық 
құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, 
оқушыларға  аяушылық,  мейірім  және  құрмет  көрсете  білетін 
әділ адамдар. 
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды 
қызмет  екенін  түсініп,  осыған  қатысты  нақты  ұстанымдары 
қалыптасқан  жандар,  олардың  бұл  ұстанымдарын  осы 
мамандықтың басқа иелері де бөліседі.


11
Сапалы және табысты оқыту жайында тұжырым қалыптастыру
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. 
Бірінші тәсіл бойынша, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің 
іс-әрекетінің  тәжірибе  талаптарына  сәйкестігін,  яғни  –  мұғалім  жұмысының  тиімділігін, 
оқушылармен  өзара  байланысының  сипаты  мен  жиілігін  анықтау  мақсатында  жүргізіледі. 
Бұл  жағдайда  баға  мұғалім  жұмыс  істейтін  оқушыларға  байланысты  қарастырылып,  оқыту 
үдерісіне тәуелді болмайды. 
Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен 
орындағаннан  гөрі,  көбірек  күш-жігерді  талап  ететін  сапалы  әрі  табысты  оқытуға  ерек-
ше  көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын 
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де сара-
лай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, 
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып 
туралы мәнмәтіндік мәлімет  қажет болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет