Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар» Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды
толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы ны-
санды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтeр, ынталандырушы,
аффектілік теоретиктер және когнитивті психологтeр.Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін
«тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай
бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері
тобы қосылған деген болжам жасауға болады (5-сурет). Біз ғылыми қордың мұраларын
қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи
идеялармен танысамыз.