11
2 - т а р а у
ФИЗИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ
2.1. Физиологияның ғылым ретінде қалыптасуы
Адам мен жануарлар организмінің қызметтері жайлы ал ғаш-
қы деректерді Көне грек дəрігерлері Гиппократ (біздің э.д. 460-
377 ж.), Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.), Көне рим дəрігері Гален
(171-200 ж.) жинақтаған. Ал Орта Азия мен қазіргі Қазақстан
жерінде X-XІ ғасырда аттары əлемге белгілі ғұламалар Əбу На-
сыр əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037) өмір
сү ріп, осы уақытқа дейін құндылығын жоймаған ғылыми зерт-
теулер жүргізген. Олардың медициналық ғылыми трактаттарын-
да организмнің кейбір маңызды қызметтері жайында (тыныс алу,
ас қорыту, зəр шығару, т.б.) бағалы мағлұматтар баяндалған.
Физиология дербес, тəжірибелік (эксперименттік) ғылым ре -
тінде ағылшын дəрігері Вильям Гарвей (1578-1657) зерттеуле-
рінің нəтижесінде қалыптасты. Ол өзінің 1628 жылы жария-
ланған “Жануарлардың жүрегі мен қанының қозғалысы жайлы
анатомиялық зерттеу” деген еңбегінде жануарлар организмінде
қанның тұйықталған жүйемен артерия жəне вена тамырларында
бір бағытта жылжитынын жəне оның ағуы жүрек жұмысымен
байланысты екенін дəлелдеді.
Адам денесінің құрылысы жайындағы білімнің дамуына
микроскоптың ашылуы қуатты түрткі болды. Осы тұрғыда Гар-
вей зерттеулерін италия ғалымы М. Мальпигидің (1628-1694)
толықтырғанын айтқан орынды. Ол артерия мен вена тамыр-
ларының капиллярлар арқылы жалғасатынын дəлелдеп, қан
түйір
шіктерінің, терінің, өкпенің, бүйректің микроскопиялық
құрылысын ашты.
XVІІ-ХVІІІ-ғасырларда физиология анатомиялық зерттеу-
лер дің негізінде дамыды. Жеке органдардың қызметтері көбіне
физикалық жəне химиялық құбылыстар тұрғысынан баяндалды.
Мысалы, көру процесі оптика заңымен, еттің əрекеті - механика,
қанның ағуы - гидравлика заңдарымен түсіндірілді. Организмнің
биологиялық ерекшеліктерін ескермегендіктен мұндай көзқарас
көп жағдайда қате тұжырымдарға əкеліп соқтырды. Бұл бағыттың
өкілдері организмді қалыптасқан автоматты механизм ретінде
12
бейнелеп, тіршілік құбылыстарының ерекшеліктерін ескермеді.
Мысалы, ми “түрлі түйсіктерді қорытып, бауырдың өт бөл гені
сияқты ой бөліп отырады” деген де түсінік қалыптасты. Бұл
ағым кейінірек механикалық немесе вульгарлық материализм деп
аталды.
Тіршілік əрекеттерінің мəні жайлы нақтылы мағлұматтардың
жетіспеуі биологияда идеалистік бағыттың (витализм) дамуы-
на əкеліп соқты. Витализм тіршіліктің, түйсіктің, сананың пай-
да болуын, тіршілік əрекетінің ерекшеліктерін материядан тыс
құдіретті күштің əсері ретінде түсіндірді.
Физиология жайлы 8 томдық нұсқауды алғаш рет 1757-1766
жылдары Швейцария ғалымы А. Галлер жазды. Ал XІX ғасырдың
бірінші жартысында чех ғалымы Г. Прохаска, неміс оқымыстысы
И.Мюллер, орыс ғұламасы А. М. Филомафитский жазған физио-
логия оқулықтары жарық көрді.
XVІІІ-XІX ғасырлардағы ірі жаңалықтар: зат пен энергияның
алмасу жəне сақталу заңы, организмдердің торшалық құрылы-
мының ашылуы, органикалық дүниенің эволюциялық теория сы-
ның құрылуы тірі организмдегі күрделі кұбылыстардың мəнін
түсініп, табиғат құпиясына диалектикалық көзқарастың қалып-
тасуына ғылыми негіз болды.
XІX ғасырда əртүрлі елдерде нақтылы тəжірибелерге негіз-
делген физиологиялық мектептер қалыптаса бастады. Олардың
көрнекті өкілдері: Германияда - И. Мюллер (1801-1858), Г. Гель-
мгольц (1821-1894) Э. Дюбуа - Реймон (1818-1896), Р. Гейденгайн
(1834-1897), К. Людвиг (1816-1885); Францияда - Ф.Мажанди
(1783-1855), К.Бернар (1813-1878); Англияда - Ч.Белл (1774-
1842), Дж. Ленгли (1850-1916), Ч. Шеррингтон (1855-1949);
АҚШ-та - У. Кеннон (1871-1945) т.б. болды. Бұл ғалымдар тыныс
алу, қан айналым, ас қорыту, зат алмасу процестерін зерттеуде,
орта лық жүйке жүйесі мен вегетативтік жүйкелердің организм-
нің тіршілік əрекетін реттеудегі маңызын анықтауда үлкен еңбек
жасады.
Ресейде физиология XVІІІ ғасырдың басында қалыптасты.
Оның дамуына орыс ғалымдары И. М. Сеченов, И. П. Пав-
лов, Ф. В. Овсянников, Н. Е. Введенский жəне басқалар үлкен
үлес қосты.
Ресейдегі эксперименттік физиология негізін А. М. Филома-
фитский (1807-1849) қалады. Ол тыныс алу процесі мен жылудың
түзілуі жайында еңбектер жариялап, орыс тілінде тұңғыш физио-
логия оқулығын жазды.
13
Физиология ғылымының дамуында Ресей ғалымдары
А. П. Валь тер мен В. А. Басовтың да үлесі айтарлықтай. Вальтер
жүй ке жүйесінің ішкі органдардағы процестерге əсерін зерттесе,
Басов созылмалы тəжірибелер жүргізу үшін малдың қарнына кө-
бек (фистула) орнату əдісін ұсынды.
И. М. Сеченов (1829-1905) қанның газдық құрамын зерттеу
үшін абсорбциометр аспабын ойлап тапты, эритроциттердің от-
тегі мен көмір қышқыл газын тасымалдаудағы рөлін зерттеді.
Өзінің “Ми рефлекстері” атты еңбегінде ол психикалық процес-
тердің ми қызметімен байланысты екенін, орталық жүйке жүйе-
сінде тежелу процесінің болатынын дəлелдеді. И. М. Сеченов
орыс ғылымының мəртебесін арттырып қана қоймай, дүние
жүзінде физиология мен психологияның дамуына зор ықпал жа-
сады, сондықтан ол орыс физиологиясының атасы деген құрметті
атаққа ие болды.
И. М. Сеченовтан кейін физиологиядағы ірі тұлға И. П. Пав-
лов (1849-1936). Ол материалистік физиологияның бас ты прин-
циптері - организм мен сыртқы ортаның бірлестігі, ор га низм нің
біртұтастығы, физиологиялық функциялардың арабайланыста-
рын қалыптастырудағы жүйке жүйесінің маңызды қызметі туралы
қағиданың негізін салды. И. П. Павлов өзінің ғылыми қызметінің
бастапқы кезеңінде қан айналымын зерттеп, жүрек қызметінің
жүйке арқылы реттелу механизмін ашты.
Физиологияда И. П. Павловқа дейін жедел тəжірибелерге
негізделген талдау (анализдік) əдістері кеңінен қолданылды. Ал
ол ғылымға созылмалы тəжірибелер тəсілін енгізіп, жинақтау
(синтездік) бағытының негізін қалады. Бұл əдіс жануарлар
организмінің түрлі органдарының тіршілік əрекетін олардың
арасындағы байланыстардың, өзара ықпалдарының бұзылмаған
қалпында зерттеуге мүмкіндік берді.
И. П. Павлов 20 жыл бойына ас қорыту процесіне байла-
нысты мəселелерді зерттеді. Ол 1897 жылы “Негізгі ас қорыту
бездерінің қызметі туралы дəрістер” деген еңбегін жариялап,
физиология ғылымының классигі деген атаққа ие болды.
1901 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін И. П. Павлов
орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі - ми қыртысының
қызметін зерттеді. Бұл жұмыстардың қорытындысы “Жануар-
лардың жоғары дəрежелі жүйкелік қызметін объективті зерт-
теудің жиырма жылдық тəжірибесі” (1923), “Үлкен ми жар-
ты шарларының жұмысы жөніндегі дəрістер” (1927) атты
еңбектерінде жарияланды. Ол шартты рефлекстер туралы ілім-
14
нің негізін салып, оны жануарлардың мінез-қылығын зерттеу дің
объективті əдісі ретінде ғылымға енгізді. Шартты рефлекстер
туралы ілім физиологиялық функциялардың өзара қатынастары-
ның, организмнің ұдайы өзгеріп отыратын сыртқы орта жағ-
дай ла рына бейімделуінің механизмін ашуға мүмкіндік берді.
Ға лым ның идеялары оның көптеген оқушылары мен ізбасарла ры -
Л. А. Орбели, К. М. Быков, И. П. Разенков, П. К.Анохин еңбек-
терінде одан əрі дамыды.
Жүйке жүйесі физиологиясын дамытуда орыстың көрнекті
физиологы Н. Е. Введенский (1852-1922) жəне оның шəкірті
академик А. А. Ухтомский (1875-1942) аса ірі үлес қосты.
Н. Е. Введенскийдің негізгі еңбектері тірі ұлпаның əртүрлі
тіті р
кендіргіштерге жауап қайтару заңдылықтарын зерттеуге
арналған. Ол өзінің “Қозу, тежелу жəне наркоз” (1901) атты
ең
бегінде қозу мен тежелу процестері жөніндегі ой-пікірлерін
қорытындылай келіп, бұл процестер табиғатының ортақтығын
анықтаған. А. А. Ухтомский жүйке орталықтарының негізі
қасиеттерінің бірі басымдылық (доминанттық) құбылысын аш-
қан. Ол өзінің басымдылық жəне ұлпалардың тітіркендіру ыр-
ғағын игеру заңдылықтары туралы іліміне сүйене отырып, қа-
жудың табиғатын анықтауда үлкен еңбек сіңірді.
Достарыңызбен бөлісу: |