Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет136/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   542
71-сурет. Гейденгайн (А) жəне 

И. П. Павлов (Ə) əдістерімен 

оқ шауланған қарын қалтасын 

жа сау сызбасы: 

1 - оқшауланған 

қа рын қалтасы; 2 - қарынның кесіл-

ген жері; 3 - кезеген жүйке тармағы; 

4 - не  гізгі қарын мен қарын қалтасын 

байланыстыратын жүйке-ет мой-

нағы; 5 - оқшауланған қарын қалта-

сын қоректендіретін тамырлар ор-

наласқан шарбы




167

Ерін - ауыз қуысын көмкеріп тұратын терілі ет қыртысы. 

Ерінде көптеген сезімтал жүйке ұштары орналасады да, ол 

қабылданатын азықты түйсінуде зор рөл атқарады.

Ауыз қуысы алдыңғы жəне бүйір жағынан тістермен шекте-

леді. Əрбір тістің сауыты, мойыны жəне түбірі болады. Тістің 

негізгі затын дентин дейді, оның сауытының сыртын кіреуке 



(эмаль), ал түбірін цемент қаптап тұрады. Тістің ішінде көптеген 

қан тамырлары мен жүйкелер өтетін кеуекті дəнекер ұлпамен 

толған қуыс болады. Тіс сауытын жауып тұратын кіреуке тісті 

бұзылудан сақтайды. Тістің кіреукесі көшсе, не шытынаса оның 

дентині бұзылып, тісте ойық пайда болады да, оның қуысындағы 

жүйке ұштары жарақаттанады. Бұдан тіс қатты ауырады, азықты 

шайнау процесі нашарлап, ас қорыту бұзылады, малдың қоңы 

мен өнімділігі төмендейді.

Пішіні мен атқаратын қызметтеріне қарай тіс күрек тіс-

терге, кіші жəне үлкен азу тістерге бөлінеді. Күйіс малының 

үстіңгі жағында күрек тіс болмайды да, төменгі жақ сүйектің əр 

бетінде олар төрт-төрттен орналасады. Күрек тістер мен кіші азу 

аралығында тіссіз ернеу жатады. Азу тістер кіші жəне үлкен азу 

болып бөлінеді. Жоғарғы жақ сүйек азулары төменгі азулардан 

ірірек келеді.

Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің (шықшыт, бұғақ 

жəне алқым) өзегі ашылады. Алқым безі сопақша пішінді келіп, 

төменгі жақтың астында бірінші мойын омыртқаға дейін со-

зылады орналасады. Бұғақ безі тілдің астында, оның екі бүйір 

жақ шетін алып жатады. Бұл бездердің өзектері тілдің астыда 

ашылады.


Шықшыт безі көлемі жағынан екінші орын алады. Ол 

сопақша пішінді болып келеді де, төменгі жақтың арт жағын ала, 

құлақтың астында орналасады. Бұл бездің өзегі жоғарғы ұртта 

3-5 азу тістердің тұсында ашылады.

Ауыз қуысындағы тағы бір маңызды орган - тіл. Ол етті 

мүше. Тіл ауыз қуысының түбінде орналасып, əр текті бүртіктері 

бар кілегейлі қабықпен қапталады. Тілде түрлі тітіркендірулерді 

қабылдайтын  дəм сезу рецепторлары болады. Олар азық тітір-

кендіргенде қозады да, орталық жүйке жүйесіне импульстер 

бағыттап, қабылданған азықтың жарамды-жарамсыздығын 

анықтауға қажет дəм түйсігі пайда болады.

Ұрт - ауыз қуысын бүйір жағынан шектеп тұрады. Ол ерін 

тəрізді сырт жағынан терімен қапталып, іш жағынан сілекейлі 

қабықпен көмкерілген ет қабаттарынан құралады. Ұрттың 

сілекейлі қабығында ұшы ауыз түбіне қарай бағытталған конус 




168

тəріздес бүртіктер болады. Бұл бүртіктер шайнау кезінде азықтың 

түсіп кетпеуіне жəрдемдеседі.

Таңдай – көлденең бедерлі, қатты сілекейлі қабық. Ол мұрын 

қуысын ауыз қуысынан бөліп тұратын сүйекті қаптап жатады. 

Ауыз қуысының түп жағында таңдай жұмсақ пластинка тəрізді 

салбырап тұратын таңдай шымылдығымен – “тілшікпен” 

жалғасады. Таңдай шымылдығы бөбешіктің ұшымен жанасып, 

ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұрады. Жұту кезінде таңдай 

шымылдығы жоғары көтеріледі де, ауыздың мұрын қуысына ба-

ратын жолын жауып қалады. Сол сəтте көмекей қақпағы көмекей 

жолын жабады. Сөйтіп азық жентегі жұтқыншаққа түседі.

Жұтқыншақ - жарғақ етті, шанақ (воронка) тəрізді орган. Ол 

ауыз қуысын өңешпен, ал мұрын қуысын көмекеймен байланыс-

тырады. Осы жұтқыншақтың тікелей жалғасы болып келетін 

етті түтік - өңеш. Ол арқылы жентектелген азық жұтқыншақтан 

қарынға бағытталады. Өңеш мойын, кеуде жəне құрсақ бөліктеріне 

бөлінеді. Жұтқыншақтан шыққан жерде өңеш кеңірдектің үстіңгі 

жағында орналасады да, 5-мойын омыртқа тұсында ол кеңірдектің 

сол жағына шығып, одан əрі кеуде қуысына енеді. Онда өңеш 

қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағына шығып, жүректің үстімен 

қолқаның оң жағынан көк еттің арнаулы тесігі арқылы құрсақ 

қуысына еніп, қарынмен жалғасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет