Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ас қорыту ағзаларының қызметін зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет134/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   542
8.3. Ас қорыту ағзаларының қызметін зерттеу əдістері

Ас қорыту процесін зерттеу тарихын екі кезеңге бөлуге бо-

лады. И. И. Павловқа дейін ас қорыту ағзаларының қызметі қа-

рапайым əдістермен зерттелді. Мысалы, Реомюр (XVІІ-XVІІІ ғ.) 

қабырғасында арнаулы тесіктері бар металл түтікшелерді қо-

ректік заттармен толтырып, жануарлардың (ит, құс, қой) ас қо-

рыту жолына ауыз қуысы арқылы енгізген. 14-30 сағаттан кейін 

тəжірибедегі хайуанаттар сойылып, олардың ішіндегі түтікшелер 

алынып, тексерілген. Л. Спаланцани өз тəжірибелерін осындай 

түтікшелерді азықпен емес, губкамен толтырып жүргізген. Мал-

ды сойғаннан кейін түтікше ішіндегі губканы сығып, бөлінген 



165

сұйықтың құрамын тексерген. Қоректік заттардың ас қорыту 

жолындағы өзгерістерін зерттеу мақсатында малға белгілі 

құрамда азық беріп, оларды бірнеше сағаттан кейін сойып, жын 

құрамындағы өзгерістерді анықтаған (Гмелин, Элленбергер, т. б.).

Ас қорыту процесін зерттеу əдістерінің дамуындағы үлкен 

өзгеріс В. А. Басов пен Блондло есімдерімен байланысты. 

1842 жылы орыс хирургі В. А. Басов, кейінірек Блондло иттің 

қарнына көбек (фистула) қою əдісін ұсынды (70-сурет). Бұл 

жасанды тесік арқылы кез келген уақытта қарын жынын алуға 

мүмкіндік туды, бірақ бұл əдіспен таза қарын сөлін алуға бол-

майды.  


70-сурет. Қарынға көбек (фистула) қою операциясының кезеңдері

Таза қарын сөлін алу үшін Р. Гейденгайн мен И. П. Павлов 

оқшауланған қарын қалталарын жасау əдісін ұсынды (71-сурет). 

Гейденгайн тəсілін қолданғанда жүйке талшықтары қиылып 

кетеді де, қарын қалтасы мен негізгі қарын арасында тек гумо-

ральды байланыс қана сақталады. Демек, қарын қалтасы негізгі 

қарында жүретін процестерді толық бейнелей алмайды. Осымен 

байланысты Гейденгайн тəсілінің кемшіліктерін ескере отырып, 

И. П. Павлов қарын қалтасын жасаудың жетілдірілген жолын 

ұсынды. Оның тəсілімен дайындалған қарын қалтасы мен негізгі 

қарын арасындағы жүйке байланысы үзілмейді, сондықтан бұл 

əдіс қарын қызметінің заңдылықтарын толық ашуға мүмкіндік 

берді.

И. П. Павлов пен оның оқушылары хирургиялық жолмен ас 



қорыту бездері өзектерін (сілекей бездері, ұйқы безі, т. б.) дененің 


166

сыртына шығару, өңеш, қарын, ішек қабырғасына көбек орнату 

əдістерін ұсынды. Арнаулы операциядан өткен мал ұзақ уақыт 

бойына тəжірибелерде пайдаланылды, сондықтан И. П. Павлов 

бұл əдісті созылмалы тəжірибелер əдісі деп атады.

Көбек қою əдісі ас қорыту, зат алмасу процестерін зерттеу-

де кеңінен қолданылады. Бұл əдісті малға қолдану жолдарын 

жетілдіруде И. П. Павловтың ізбасарлары (А. Д. Синещеков, 

А. А. Алиев, т.б.) үлкен үлес қосты. Қазіргі кезде ас қорыту ағза-

ларының қызметін зерттеуде күрделі биохимиялық, гистохимия-

лық тəсіл дер кеңінен пайдаланылып жүр. Ас қорыту ағзалары ның 

түрлі қызметін зерттеу мақсатында баллонграфиялық, радио те ле-

ме триялық əдістер мен күрделі электр аспаптары, рентген сəу-

лелері де қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет