Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Қан плазмасындағы белоктардың мөлшері (г %)



Pdf көрінісі
бет25/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

3-кесте. Қан плазмасындағы белоктардың мөлшері (г %)

Жануарлар

Альбуминдер

Глобулиндер

Жылқы

Сиыр


Қой

Ешкі


Шошқа

Ит

Тауық



2,7

3,3


3,1

3,9


4,4

3,1


2,3

4,6


2,3

4,1


2,7

3,9


2,1

2,8


Қандағы белоктардың арақатынасы малдың жасына, физио-

логиялық күйіне (буаздық, сүттену), жұмыстың түріне, малдың 

саулығына қарай өзгеруі мүмкін. Мысалы, жаңа туған төлдің 

қанында гамма-глобулин болмайды. Олар тек төл уыз емгеннен 

кейін ғана қанда пайда болады. Төл өсе келе оның қанында гло-

булин көбейіп, альбумин азаяды. Сүттенудің алғашқы кезеңінде 

глобулиннің мөлшері өсіп, оның соңында – кемиді. Қандағы 

глобулиннің мөлшері мал жұқпалы аурумен ауырғанда, орган-

дар қабынғанда күрт көбейеді. Оған себеп, түрлі қорғағыш де-

нелер мен антитоксиндер β - жəне γ - глобулиндерден тү зі леді. 

Қорғаныш  денелер  (антиденелер)  организмге  түскен  ан   ти   ген-



35

дердің (бөгде заттардың) табиғатына қарай лизиндер (бөг 

де 

заттарды еріткіштер), антитоксиндер (токсиндерді – улы зат-



тарды бейтараптағыштар), агглютининдер (бөгде заттарды же-

лімдегіштер), преципитиндер (бөгде заттарды тұндырғыштар) 

бо лып  бөлінеді.

Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер 

де (амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) жатады. 

Пропердин липидтер мен күрделі қанттардан (полисахаридтен) 

құралған белокты кешен. Ол 1954 жылы анықталған. Пропердин 

вирус белоктарымен байланысып, оларды залалсыздандырады, 

бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы 

күресудің туа біткен факторы болып саналады.

Қан плазмасы құрамында несепнəр, несеп қышқылы, пу-

рин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты бе-

лок алмасуының өнімдері болады. Бұл қосылыстарды қалдық 

азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының 

қарқынына, организмнің физиологиялық күйіне байланысты 

өзгереді. Қандағы қалдық азот мөлшері 20-65 мг% шамасында 

(жылқыда - 30-58, сиырда - 30-65, қойда - 25-45, шошқада - 20-

44, итте -20-45, тауықта - 20-60). Қалдық азоттың 40-50 пайызын 

несепнəр құрайды.

Қан плазмасында орта есеппен 40-260 мг% шамасында глю-

коза түрінде көмірсулар болады. Глюкозаның қандағы мөлшері 

жылқыларда 60-110 мг%, сиырда - 40-100, қойда - 40-65, шошқада 

- 40-250, қоянда -100, итте - 70-100, құста - 130-260 мг%. Қан 

құрамындағы глюкозаның мөлшері ішкі секреция бездерінің 

қызметіне, жүйке жүйесінің физиологиялық жағдайына, орга-

низмнің тіршілік əрекетіне қарай өзгеріп отырады. Глюкоза 

қанда еркін, не белоктармен кешенді байланыс түрінде болады. 

Байланыстағы глюкоза мөлшері 40-50 пайыз шамасында.

Қан құрамында аз мөлшерде (15-50 мг%) гликоген жəне сүт, 

пирожүзім, сірке қышқылдары сияқты көмірсулар алмасуының 

аралық өнімдері болады. Бұл аталған өнімдердің ішінде сүт 

қышқылының мөлшері басымырақ: жылқыда - 18, бұқада - 12, 

шошқада - 40, итте - 24 мг%. 

Қан плазмасы құрамында майлар мен олардың аралық алма-

су өнімдері - глицерин, май қышқылдары да кездеседі. Қандағы 

майдың мөлшері онша көп болмайды, бірақ азық құрамындағы 

майдың шамасына қарай оның 0,7 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.

Органикалық қосылыстармен қатар қан плазмасының кұра-

мында 0,9 пайыз минералды тұздар болады. Айта кетер жайт, қан-




36

дағы катиондар мен аниондар арақатынасының тұрақтылығы өте 

мықты сақталады. Бұл организм торшалары мен ұлпаларының 

қозғыштығы мен басқа да физиологиялық қасиеттерін қалыпты 

жағдайда сақтау үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет