Салалас-құрмалас сөйлем, зерттелуі, Қ



Дата24.04.2023
өлшемі26,95 Kb.
#86074
түріҚұрамы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Осөж №2.1
Салалас-құрмалас сөйлем, зерттелуі, Қ.Жұбанов зерттеуі бойынша
Орындаған: Ертаева Г.
Тобы: ҚтӘ-301
Тексерген: Айтпенбетова А.

Ақтөбе, 2023 ж



Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз құрамы кемінде екі немесе бірнеше сөйлемнен құралатын, құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлемді айтамыз. Олар өз ішінде жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады. Жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрғанына қарай сөйлем де сол жалғаулық атымен аталып топталады. Алайда аталған топтардағы жалғаулықтардың мағыналық жағынан белгілі бір ұқсастықтары болғанымен, қолданылу орнына, контекске қарай олардың әрбіреуінің өзіндік ерекше дербестіктері өте көп ұшырасып отырады. Ал құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді.
Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация(жалғаулықсыз) және жалғаулық шылауларарқылы байланысады. Жалғаулықсыз(іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов)). себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).
Жалпы салалас құрмаластар жайында ғалымдар көп пікір айтқан. А.Байтұрсынов салалас құрмалас сөйлемдер түрін 5-ке бөлді. Мұндағы «жайылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы» сияқты атаулармен берілген салалас сөйлемдер кейінгі зерттеулердегі мезгілдес, қарсылықты, талғаулы, түсіндірмелі деп аталып жүрген салалас құрмаластарға сәйкес келеді. Ахаңның салалас құрмаласқа келтірген мысалдары, оның жіктелуі бүгінгі көзқараспен дәл келмесе де, кейінгі ғылым үшін бастама болды.
Н.Сауранбаев салаластарды жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлмеген. Оның салалас құрмалас деп танығаны - қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықты салаластар. Ол жалғаулықсыз салаластың барлық түрін тек іргелес құрмалас деп атаған. Сондай-ақ, кезінде автор үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемнің бір түрі деп қарады. Ал екінші кітабында ол пікірін теріске шығарды. Қ.Жұбанов та салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолын көрсетіп, мағыналық қатынастарына қарай оларды: ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт-жағдай салалас деп 5-ке бөлді.
Бертін келе 1971 жылы Қ.Мамытбековтың «Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөніндегі» мақаласы жарық көрсе, Ж.Құсайынова салалас құрмаластың бір түрі – түсіндірмелі туралы арнайы зерттеу еңбек жазды.
Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас сөйлем деп екіге бөледі. Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсетіледі. Ғалым қазіргі құрмалас сөйлем аталатын категорияны «күрделі сөйлем» деп атап, салалас сөйлемдерді мағыналарына қарай – ыңғайлас, ереуіл /қарсылықты/, талғама, себеп- салдар, шарт-жағдай деп бес түрге бөледі. Ғалым мұндай жіктеумен ғана шектелмей, құрмалас сөйлемдердің түзілу тәртібін ғылыми түрде түсіндіреді.
Құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» деп атаған Қ.Жұбанов оны салалас және сабақтас деп жіктеп қарастырады]. 1936 жылы орта мектептің 5-7 сыныптарына арналған «Қазақ тілінің программасында» құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен амал-тәсілдері көрсетіліп, мағыналық түрлеріне тоқталған. Құрмаласты жасайтын амал-тәсілдер салаласта: алғашқы сөйлем баяндауышы құрамындағы еді көмекші етістігі, шартты рай тұлғасы, көсемшенің –п тұлғасы, да, және, сосын дәнекерлері, сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ, сөйтсе де, я, әйтпесе, не болмаса, үйткені, неге десең т.б. жалғаулықтары, осы, сол, бұл есімдіктері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты рай тұлғалы етістіктерге негізделген. Салалас құрмаластарды өз ішінде ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт жағдай деп бөледі де, сабақтастарды анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш бағыныңқылы деп саралайды.
Профессор Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем жайындағы толық көзқарасы оның өзі құрастырған, орта мектептің V–VII сыныптарына арналған «Қазақ тілінің програмы» (1936) құралында айқын тұжырымдалған. Бұл программа – қазақ тілі материалдарының ғылымға негізделген алғашқы жүйелі программасы ретінде танылады. Себебі мәселе мынада еді. Отызыншы жылдардың бас кезінде жарияланған кейбір программалар мен түрліше құралдар әр тектес мектептерге (қазақ жастары фабрика-завод мектептерінің оқу жоспары мен програмы, бастауыш политехникалы үлкендер мектебі, т.б.) арналған еді. Сондықтан да оларда қазақ тілінен жүйелі түрде білім беру мақсаты көзделмеген, осыған орай бұлар орта мектеп оқушылары мен оқытушыларының қажетіне сай келмейді. Ал Жұбановтың программа осы жағын ескеріп, қазақ тілі грамматикасына қатысты мәселелерді әр класс бойынша ғылыми-методикалық негізде алғаш дұрыс жүйелей білген. Құрмалас сөйлем синтаксисінің (32 сағат) осы ретпен жай сөйлемнен кейін VII сыныпта өтуі көзделген. Автор, басқа грамматикалық мәселелер тәріздес, құрмалас сөйлем тақырыптарының кейбіреуіне де жол-жөнекей түсініктеме беріп, мазмұнын аша кетеді. Бұдан оның сол кездерде қазақ тіліне арналған жүйелі түрдегі оқулықтың жоқтығын ескеріп, әдейі осылай талдама-түсіндіру әдісін де қолданғандығын аңғарамыз (Осы 1936 жылы өзі құрастырған программаға сәйкес орта мектептің V сыныбына арнап «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығын жазды. Аяқталмай қалған)
Аталған программада құрмалас сөйлемнің ең алдымен салалас түрін жасайтын түрліше амал-тәсілдер саралана көрсетілген. Ал сабақтас сөйлемнің жасалуы программада, негізінен алғанда, қатыстық сөздері бар шартты рай тұлғалы етістіктерге негізделген (Кімді айтсаң, сол келеді; Ол қандай болса, мен де сондай). Осыған орай да бағыныңқылар сөйлем мүшелерінің атымен аталған ( бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы, т.с.с.).
Қазақ тілінің өзге салалары тәріздес, профессор Қ.Жұбанов тіліміздің синтаксистік құрылысын зерттеуде үлкен теориялық білімінің кеңдігін танытып отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://pdnr.ru/c27891.html

  2. Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер»


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет