Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Стреске бейімделуде гипоталамус пен эндокриндік



Pdf көрінісі
бет278/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

11.6. Стреске бейімделуде гипоталамус пен эндокриндік 

жүйенің маңызы

Стресс деген сөз ағылшын тілінен аударғанда булығу, ширығу 

жағдайы деген мағына береді. Стресс жайлы ілімді Канада пато-

физиологы жəне эндокринологы, Нобель сыйлығының лауреаты 

Ганс Селье ұсынған. Бұл ілім XX ғасырдағы ең үлкен жаңалық 

деп танылған.

Булығу күйі əртүрлі қолайсыз факторлардың (инфекция, улы 

заттар, суықтық, шаршап-шалдығу, қансырау, ауырсынту, малды 

тасымалдау, таңбалау, пішу, азық тапшылығы, т.б.) əсерінен ту-

ындайды. 

Ганс Селье созылмалы жағымсыз əсерге организм тек сол 

тітіркендіргіш туындыратын нақтылы реакциялармен жауап 

беріп қана қоймай (мысалы, суықтыққа тері тамырларының та-

рылуымен), əсер табиғатына тікелей қатысы жоқ, бейқалып, 

жалпылама реакциялармен де жауап беретінін анықтаған. Осын-

дай процестердің арқасында организм өз қызметін қолайсыз 

жағдайға бейімделуге жұмылдырады. Организмде əртүрлі жал-

пылама реакцияларды тудыратын қолайсыз факторларды Селье 

булықтырғыштар (стрессорлар) деп атауды ұсынған. Стрессорға 

əсер күші үйреншікті деңгейден жоғары, сондықтан бейімделу 

тетігінің тек жүйкелік жолын ғана емес, гормондық тетігін да 

əрекетке қосатын тітіркендіргіштерді жатқызады.



Булығу (стресс) жағдайында қан құрамындағы адреналиннің

норадреналиннің, АКТГ-ның, СТГ-ның, глюкагонның, глюко-

кортикоидтардың, тироксиннің жəне йодпен байланысқан белок -

тардың, қанттың, еркін май қышқылдарының деңгейі жо 

ға 

ры-


лайды. Сонымен қатар қанның ұйығыштық қасиеті өзгеріп, қарын 

сөлінің бөлінуі баяулайды, қан түйіршіктерінің саны көбейіп, 

жүрек соғысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды, жүректегі 

қан айналым күшейіп, организмнің қорғанғыштық қабілеті 

артады.



360

Стресс мал өнімділігін төмендетеді, оның салмақ қосуын на-

шарлатады, өнім өндіруге жұмсалатын азық шығынын артты-

рып, жыныстық жетілуді тежейді, т.б. Дегенмен, организмнің 

стрессорларға жауап реакциясы малдың жынысына, жасы-

на, жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет нұсқасына (типіне), 

стрессорлардың күшіне жəне əсер мерзімінің ұзақтығына байла-

нысты өзгереді.

Стресс жағдайын Селье жалпылама адаптациялық синдром 

(синдром ауруға тəн белгілер жиынтығы) деп атады. Оның себе-

бі - əртүрлі дағдылы реакциялар нəтижесінде организм сыртқы 

ортада қалыптасқан жағдайға бейімделеді.

Организм стресс тудыратын тосын жағдайға кездескенде 

орталық жүйке жүйесінің əрекетімен оның барлық қорғанғыштық 

қабілеті іске қосылады. Бұл процесте эндокриндік бездер (гипо-

таламус- гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі) маңызды қызмет 

атқарады. Стрессор əсерімен алдымен рефлекстік жолмен адре-

налиннің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамуске əсер етіп, 

одан кортиколиберин бөлінеді, ол гипофизден АКТГ-ның бө-

лі нуін үдетеді. Ал АКТГ өз кезегінде бүйрек үсті безінің қыр-

тысты бөлігінен зат алмасу процесінің қарқынын күшейтетін 

глюкокортикоидтардың бөлінуін жақсартады. Осының нəти 

же-

сінде зат алмасу қарқындап, организмнің төзімділігі жоғарылайды.



Булығу үш сатыда өршиді:

1) Дабыл сатысы - АКТГ мен глюкокортикоидтар секре ция-

сының күшеюімен сипатталады.

2)  Төзімділік сатысы - зат алмасу процесі қарқынының кү-

шеюімен байланысты организмнің қорғанғыштық қабілетінің 

жоғарылауымен, оның əртүрлі қолайсыз əсерлерге төзімділігінің 

артуымен сипатталады.

3)  Қажу сатысы - стрессор əсері тым күшті болып, ұзаққа 

созылса, глюкокортикоидтардың бөлінуі тиылып, зат алма-

су процесінің қарқыны басылады да, организмнің қарсыласу 

қабілеті төмендейді, ауру дендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет