11.12. Аралшық без (ұйқы безі)
Ұйқы безі əрі экзокриндік əрі эндокриндік қызмет атқарады.
Ішкі секрециялық қызметті 1869 жылы Лангерганс ашқан
«аралшықтар» атқарады. Без аралшықтарының шығару өзегі
болмайды, олар қанмен мол жабдықталып, симпатикалық жəне
парасимпатикалық жүйкелермен жүйкеленеді.
Лангерганс аралшықтарында альфа-, бета- жəне дельта
секрециялық торшалары болады (133-сурет). Теңіз тышқанында
тағы С-торшалар кездеседі. Альфа-торшалар глюкагон, бета-
торшалар - инсулин, ал дельта-торшалар - соматостатин
гормонын түзеді. Сонымен қатар бездің шығару өзектерінің
инк рециялық торшаларында липокаин гормоны бөлінеді. Альфа-
торшаларды аллоксан, ал бета-торшаларды - кобальт тұздары
зақымдайды.
Инсулин 1921 жылы Ка-
нада ғалымдары Бантинг пен
Бест бөлген гормон. Оның
химиялық табиғатын Санджер
(1945–1956) анықтаған.
Достарыңызбен бөлісу: |