Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ Тақырыбы: И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі. Қазақстанның көрнекті физиолог ғалымдары. Физиологиялық зерттеулердегі қолданылатын тәсілдері. Тежелу физиологиясының ұғымы.
Орындаған: Құрмантай Ж. Тобы:ВС-503
Семей, 2016 жыл Жоспары: I.Негізгі бөлім 1. И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі. Қазақстанның көрнекті физиолог ғалымдары. 2.Физиологиялық зерттеулердегі қолданылатын тәсілдері 3.Тежелу физиологиясының ұғымы II.Қорытынды III.Пайдаланылған әдебиеттер
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты.Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.
Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады. Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.