(Ф. Меерсон схемасы, 1982 ж.)
босаңсып, ұзарады. Бұл процесс қуат шығынынсыз пассивті
499
актин жіпшелеріне тік бұрыш жасай бекиді де, содан соң 45(-
қа бұралады. Осының нəтижесінде өсінді басының мойыны
ширығып, серпінді күш тудырады. Дəл осындай принциппен
көлденең өскіндер көрші орналасқан актин жіпшелерін тартып,
жалпы серпінді күш туындайды (173-сурет).
Бұлшық ет жиі тітіркенсе (20 Гц жəне одан да көп) сар-
коплазмалық тордан босанып шыққан кальций иондары тітіркену
аралығында кері қайтып үлгермейді де, оның саркоплазмадағы
концентрациясы жоғарылайды. Бұл жағдай қарыса жиырылу
туындауының себебі болып табылады.
Бұлшық еттің жиырылу механизмін түсіндіруде Америка
ғалымы Дэвис ұсынған модель де көңіл аударарлық. Бұл модель-
ге сəйкес бастапқы жағдайда актин мен миозинді байланысты-
ратын көлденең өсінділердің табаны мен оның АТФ молекуласы
арқылы миозинмен байланысқан ұшында теріс зарядтар болады
да, өскін созылыңқы жазық күйде қалады (174-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: