Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Z мембранасын өзімен бірге тарта- ды, саркомер қысқарады. Айта кетер жайт, «сырғанаған» кезде  А



Pdf көрінісі
бет374/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Z мембранасын өзімен бірге тарта-

ды, саркомер қысқарады. Айта кетер жайт, «сырғанаған» кезде 



А дискасының ұзындығы өзгермейді, ал И жəне Н дискалары 

қысқарады.

Актин жіпшелерінің миозин бойымен сырғанау құпиясы əлі 

күнге дейін толық анықталған жоқ. Бұлшық ет жиырылуының 



молекулалық негізінде актин мен миозиннің электромеханикалық 

жанасуы жатады. Бұл процесс саркоплазмалық торда сақталатын 

кальций иондарының қатынасуымен жүреді. Тітіркенгенге дейін 

немесе босаңсу сатысында актин мономері миозинмен əрекеттесе 

алмайды. Оған тропонин кешені мен миозин молекуласының 

соңғы бөлшектерінің (фрагменттерінің) қалыпты пішіні (конфор-

мациясы) мүмкіндік бермейді. Кальций иондарының актин мен 

миозиннің өзара əрекеттесуіне əсері актин жіпшелерінің құрамына 

енетін тропомиозин мен тропониндік кешен арқылы жүреді. Ең 

алдымен, əрекет потенциалы əсерімен саркоплазмалық тордан 

кальций иондары шығып, олар тропонин белогымен қосылады да, 

32–888



498

тропониндік кешен пайда болады. Кальций иондарымен қосылу 

нəтижесінде тропониннің пішіні өзгеріп, ол тропомиозинді 

актиннің екі тізбегі арасындағы науашаға итереді де, оның 

тығындаушы əсерін тыяды. Осының нəтижесінде актиннің ар-

наулы учаскелері ашылып, оның миозин өсінділерінің ұшымен 

байланысуына, көлденең көпіршелердің пайда болуына жағдай 

туғызылады да, жиырылуға қажет рычаг пайда болады (172-су-



рет). Көлденең өсінділердің ескек тəрізді қимылдары миофи-

бриллалар бойында тіркес орналасқан саркомерлерді қысқартып, 

еттің жиырылуын тудырады. Миозиннің көлденең өсінділері 

ұшында АТФ-аза ферментінің катализдік белсенді орталығы ор-

наласады. Өсінді ұшы актин жіпшелеріне жанасқан кезде магний 

иондарының қатысуымен АТФ-аза активтеніп, АТФ-ті ыдырата-

ды. Бұл процестерде бөлінген қуат ет талшықтарын жиырылту 

үшін пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет