Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет395/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   542
17.1. Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері 

мен қызметі 

Сомалық (тəндік) жүйке жүйесі органимзнің сыртқы ортамен 

афференттік жəне эфференттік байланыстарын, ал вегетативтік 

жүйке жүйесі ішкі ортаның тұрақтылығын, организмнің бейім-

делу реакцияларын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе зат алмасу 

процесінің қарқынын да реттейді. Сомалық жүйке жүйесінің эф-

фекторы қаңқа еті болса, вегетативтік жүйке жүйесінің эффек-

торы ішкі ағзалардың бірыңғай салалы еттері, жүрек еті, əр түр лі 

бездер болып табылады. Вегетативтік жүйкелердің басты қыз ме ті 

- қозу толқынын орталық жүйке жүйесінен ішкі ағзаларға өткізу.

Вегетативтік жүйке жүйесіне сомалық бөліммен салыс тыр-

ғанда бірнеше морфологиялық ерекшеліктер тəн.

1. Вегетативтік жүйкелер орталық жүйке жүйесінің тек қана 

белгілі бір бөлімдерінен ғана басталады. Мысалы, пара 

сим-

патикалық жүйке орталықтары ортаңғы мида, сопақша мида жəне 



жұлынның құйымшақтық бөлігінде, ал симпатикалық жүйкелер 

орталығы жұлынның көкірек–беломыртқалық бөлігінің бүйір 

мүйіздерінде орналасады. Ал сомалық жүйке орталықтары мидың 

бағандық бөлігі мен бүкіл жұлын бойында орын тебеді.

2. Сомалық жүйкелермен салыстырғанда, вегетативтік жүйк-

елердің қозғыштығы жəне қозу толқынын өткізу жылдамдығы 

төмен. Мысалы, вегетативтік, жүйкелерде қозу толқыны секун-

дына 1-30 м жылдамдықпен өтсе, сомалық жүйкелерде 60-120 м 

жылдамдықпен тарайды.

3. Вегетативтік жүйкелерде миелин қабығы болмайды, олар 

үлпексіз жүйкелер, ал сомалық жүйкелер үлпекті, миелинді жүй-

келер.



523

4. Вегетативтік жүйкелердің шеткей бөлігі екі нейроннан, ал 

сомалық жүйкелердің шеткей бөлігі - жалғыз нейроннан тұрады. 

Вегетативтік жүйкелер жүйкелейтін мүшелеріне жетпей арнаулы 

түйіндерде үзіледі, сондықтан олар түйінге дейінгі (преганглийлік) 

жəне  түйіннен кейінгі (постгалийлік) талшықтарға бөлінеді. 

Сомалық жүйкелер жүйкелендіретін мүшелеріне үзілмей жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет