Тақырыбы: Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының шығармалар арасын жақындастыру,оларды үндестіру,біздің халқымыздың мың жылдық рухани,мәдени-рухани дүниесін тірілту Орындағандар
Кіріспе Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылығы параллель сызықтардай емес, біріккен ұзақ үндестіктей. Екі ғұламаның туындылары Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда ойып тұрып орын алары сөзсіз. Ойшылдардың өмір сүру аралығын ширек ғасырлар қамтысада, шығармашылық ойлары бір-бірімен тұтасып жатыр. Әл-Фараби мен Абайдың бір адамдай еңбек сіңірген салалары: шығыс әдебиеті, қазақ-араб мәдениеті, қиссалар мен трактаттар, философия және дінтану. Заманнан озық туған тұлғалар , біртұтас ұлы даланың үндестігіне айналды.
.
Абай қара сөздері ғылыми ойға, философиялық толғамға тұнып тұр. Әл-Фараби ілімінің ізін Абай шығармаларының бәрінен кезіктіреміз. Табиғат танудағы Әл-Фарабидің басты еңбегі «Табиғат тағылымы» идеясы Абай шығармаларында кеңінен айтылатыны екі алып арасында желі болып тартылады да отырады. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымның көркі оның иесін танудың жолы» екендігін ескертсе, Абай «жер жүзін безендірген тәңірім шебер» деп ғалым иесіне тәубе келтіреді
.
.
«...Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне жараталысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес» (әл-Фараби. «Әлеуметтік этикалық трактаттары». 33-бет., Алматы, 1975).
Әл-Фарабидің осы философиялық ой-тұжырымын тоғыз ғасырдан кейінгі қазақ қоғамының жаңа тарихи жағдайында хакім Абай барша қазаққа түсінікті тілмен жалғастыра түседі. Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде» - «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады».
Екі дана да дүние – ғажап құбылыс екендігін, әр заттың, әр адамның өз орны болатынын, орнын тапқанда ғана қадірі артатындығын, яғни Әл-Фараби – Абай қағидасының «адам табиғаттан үйренеді» дегенге саятындығын түсіндіреді.
Әл-Фарабиді көне заманғы осы ойын Абай былай деп өрнектейді:
«Дүние ғажап сен есім, Жаһли көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – мешін» «Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң арқалан»
Ұлы ақын Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» атты өлеңінде: Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек. Еңбекті сат, ар сатып неге керек? Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек – дегені үнемі алға ұмтылу, ізденудің сипаты – «Ыстық қайрат», ізгілікті іс, жақсылыққа пейілді болу – «Нұрлы ақыл», иманды болу жолында адамдарға мейірмандылық сыйлау – «Жылы жүрек». Осы үш қасиетті ізгілікке жұмсай алғанда ғана «…толық инсаниятың бар болады» деп халқына ақыл береді. Ал ақынның мына өлеңіндегі жүрек басқаларына қарағанда өзгерек.
Әл – Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарның көзқарастары» атты кітабында да «қайрат», «ақыл», «жүрек» сиақты ұғымдар жайлы айтылады: «Жүрек – басты мүше, бұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдн кейін ми келеді. Бұлда басты мүше . Бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»
17-қара сөзінде Абай: «Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті» деп қайрат, ақыл, жүрек сияқты адамның жақсы қасиеттерін айтыстырады. «…үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет…» деген қорытындыға келеді.
«Егерде бізге осы XX ғасырда әл-Фарабиге ең жақын, рухани сабақтас адам барма десе, алдымен ол Абай дер едік. Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру - біздің халқымыздың мыңжылдық мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек, бұл зор мақсатты халықтық іс деп білу керек»Aқжан Машани
.
Қорытынды
Қорыта келе , құдайдан басқасына бас ұрмаған ойшылдарымыздың, тәуелсіз елде, мерейтойы аталып өткізілуі көңіл қуантады. Яки, 2020 жылдың 29 қаңтарында ЮНЕСКО-ның қолдауымен, Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының салтанатты түрде бастау алуы, әрі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның шешімімен Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойының тойлануы, әрі күнтізбелік мерекеге енуі, жүректі жадыратар жағымды жаңалықтар болды. Ғылым жолында тер төккен ғалымдарымыздың мерекелік шараларын,назардан тыс қалдырмай тойлап тұрсақ, өскелең ұрпақтыңда білімге құлшынысы артпақ керек
Пайданылғн әдебиеттер:
Ақжан Машани «Әл Фараби және Абай»
Сүлейменова, Пірімбек Мұханбетұлы «Әл Фараби және қазақ халқының мұрасы» 2006ж
Әбу Насыр Әл Фараби, он томдық шығармалар жинағы; Астана 2007ж