618
Шартты рефлексті қалыптастыру үшін бірнеше ережені орын-
дау керек.
1. Шартты, бейтарап тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштің
алдын алу керек. Организмге керісінше, əсер еткен жағдайда
шартты рефлекс пайда болмайды, қалыптаспайды.
2. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының нейрондары бел-
сенді күйде, əрекетке бейім болу керек. Егер тəжірибедегі мал
ұйқылы-ояу болса, шартты рефлекс не қалыптаспайды, не оның
қалыптасуы өте ұзаққа созылады.
3. Шартты рефлекс қалыптасу үшін рефлекс орталығының
қозғыштық деңгейінің де маңызы зор. Егер ит тоқ болса, демек
шартсыз рефлекс орталығының қозғыштығы төмен болса, онда
қоректік шартты рефлекстің қалыптасуы өте қиын болады.
4. Мал ауырса, патологиялық процеспен байланысты жаңа
қозу ошағы пайда болады да, шартты рефлекстің қалыптасуын
қиындатады.
5. Шартты рефлексті қалыптастырғанда шартты тітіркен дір-
гіштің күшіне көңіл бөлу керек. Əлсіз тітіркендіргішке шартты
рефлекс қиын қалыптасады. Күші орташа тітіркендіргішке реф-
лекс шапшаңырақ қалыптасады. Тым күшті тітіркендіргіш теже-
лу процесін тудырады, оған рефлекс пайда болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: