Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметті атқаруда орталық



Pdf көрінісі
бет465/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   542
20.9. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметті атқаруда орталық 

жүйке жүйесіндегі қозу жəне тежелу процестерінің арасында 

байқалатын əсерлестік

Жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет ерекшеліктері үлкен ми 

жарты шарларындағы қозу мен тежелудің өзара əрекеттестігіне 

байланысты. Өз кезегінде бұл процесс белгілі заңдылықтарға 

сəйкес атқарылады. ОЖЖ-нің барлық бөлімдерінде қозу мен 

тежелу процестерінің арасындағы мерзімдік жəне ауқымдық 

арабайланыс иррадиация (жайылуы, таралу) жəне индукция 

(əрекеттестік) түрінде қалыптасады.

Үлкен ми жарты шарлары қыртысының əрекеттері қозу жəне 

тежелу процестерінің таралуы, алмасуы нəтижесінде атқарылады. 

Бұл күрделі процесс бірнеше сатыда жүреді (234-сурет).

Алдымен қозу мен тежелудің жайылу (иррадиация) жəне шо-

ғырлану (концентрация) процесі жүреді. Иррадиация деп қозу 

не тежелу процесінің өзінің бастапқы пайда болған аймағынан 

ми қыртысының басқа бөлімдеріне таралуын, жайылуын айта-

234-сурет. Ми қыртысындағы қозу жəне тежелу процестерінің арақатынасы: 

А – қозу иррадиациясы; Ə – тежелу иррадиациясы; Б – қозудың шоғырлануы; 

В – тежелудің шоғырлануы; Г – оң индукция; Д – теріс индукция



622

ды. Бұл процестердің белгілі бір шекке дейін жайылып, қайтадан 

бастапқы пайда болған орталығына оралуын - шоғырлану дейді.

Қозу процесінің жайылуына мысал ретінде шартты реф-

лекстердің жалпылану сатысын алуға болады. Шартты рефлекстің 

қалыптасуының бас кезінде тек нақтылы шартты сигналдар емес, 

оларға ұқсас кез келген тітіркендіргіш шартсыз реакция тудыра-

ды. Оның себебі шартты сигнал əсерінен пайда болған қозу про-

це сі ми қыртысының көп аймағына таралып, ми қыртысындағы 

шартсыз рефлекс орталығымен көптеген орталықтар уақытша 

байланыс түзеді. Шартты рефлекс қалыптастыру барысында 

қозудың жайылуы бірте-бірте шектеле түседі де, қозу процесі 

шартты сигналды қабылдауды қамтамасыз ететін нейрондар то-

бында шоғырланады. Бұл процесс нақтылы шартты сигналдан 

басқа тітіркендіргіштерді демемеу, бекітпеу салдарынан жəне 

ішкі тежелудің туындауы нəтижесінде қозудың шектелуінен ту-

ындайды. Сыртқы тежелудің ми қыртысының уақытша байланы-

стан тыс аймақтарында жайылуы арқылы қалыптасқан уақытша 

байланыс тұрақталады, бекиді. 

Ми қыртысында да ОЖЖ-ің басқа бөлімдеріндегі сияқты қозу 

жəне тежелу процестерінің индукциясы байқалады. Олардың 

арасында белгілі теңдестік қалыптасады да, не оң, не теріс индук-

ция туындайды. Нақтылы бір орталықтың қозуы маңайындағы 

орталықтарда тежелу туындатса, оны теріс индукция, ал, 

керісінше, тежелген орталық маңайындағы орталықтарда қозу 

туындаса, оны оң индукция дейді.

Индукция өзінің табиғаты, бейнеленуі жағынан иррадиацияға 

кері процесс. Иррадиация нəтижесінде бір мағыналы процесс 

(мысалы қозу не тежелу) таралатын болса, индукция, керісінше, 

қарама-қарсы сипаттағы процесті тудырады жəне иррадиация-

ны шектейді, жүйкелік процестердің шоғырлануын қамтамасыз 

етеді.


Қозу мен тежелу процестерінің арасындағы күрделі мерзімдік 

жəне ауқымдық əрекеттестік үлкен ми жарты шарларының талдау 

жəне жинақтау қызметінің негізінде жатады. Ми қыртысындағы 

талдау процесі қозумен, ал жинақтау процесі - тежелумен байла-

нысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет