Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет18/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139
«Күншуақ». Оқушыларды топқа бөлу, тақтаға түрлі-түсті шуақ шашып 
тұрған  күннің  суреті  ілінеді.  Оқушыларға  кірген  бетте  өзіне  ұнаған  түсті 
шуақты  таңдап  алу  ұсынылады  (осы  әдіс  арқылы  оқытушы  баланың  сол 
сабақтағы  көңіл  күйін  де  аңғаруына  болады).Таңдап  алынған  түсіне 
байланысты топқа бөлінеді. 
 

Шынтақпен сәлемдесу»: 
Мақсаты: сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. 
Оқушы саны: барлық сынып оқушылары.  
Уақыт: 2-3 минут. 
Дайындық: оқушылар емін-еркін қозғалатындай жағдай жасау үшін алдын 
ала парталар мен орындықтарды жылжыту қажет.  
Барысы: 


48 
Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, бір оқушыдан бастап бір, 
екі, үш ретімен санауды сұрайды. 
Содан соң: 
Әр  «бірінші»  оқушы  қолдарын  желке  тұсында  айқастырады  ал 
шынтақтары екі жаққа жазылады;  
Әр  «екінші»  оқушы  шынтақтары  екі  жаққа  жазылатындай  етіп  қолдарын 
мықындарына қояды;  
Әр «үшінші» оқушы еңкейіп қолдарын тізелеріне қояды, шынтақтары екі 
жаққа қарауын ескертеміз. 
Енді  әр  оқушы  бір-біріне  шынтақтарын  тигізіп  неғұрлым  көп  оқушымен 
сәлемдесіп  шығуы  керектігін  және  осы  жаттығуға  қанша  уақыт  берілетінін 
ескертеді. Мұғалімнің өзінің де қатысуы оқушыларға еркіндік береді. 
3.«Жеміс бағы» 
Мақсаты:  Сабақтың  мақсатын  айқындау  (оқушылардың  сабақтан  не 
күтетінін, қандай күдіктерінің барын анықтау). 
Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары 
Уақыт: 5-7 минут 
Дайындық: алдын ала лимон мен алманың пішінінде әзірленген түрлі-түсті 
қағаздар,  скотч,  маркерлер.  Тақтада  «Алма  ағашы»  мен  «Лимон  ағашы» 
суреттері ілінген. 
Барысы:  мұғалім  оқушыларға  бүгінгі  сабақтағы  күтетін  және  күдіктерін 
неғұрлым нақты етіп жазуларын сұрайды. Оқушылар «алмаға» бүгінгі сабақтан 
не  күтетінін  (нені  білгілері  келетінін),  «лимонға»  қандай  күдіктері  барын 
жазып,  «алма  ағашы»  мен  «  лимон  ағашына»  іледі  (күтетіні  мен  күдіктеріне: 
сабақтың  өту  әдістері,  іс-әрекет  түрлері,  сыныптағы  атмосфера,  оқушылар 
арасындағы  қарым-қатынас,  оқушының  көңіл-күйі  жатады).  Тапcырманы 
мұғалімнің  өзінің  де  орындауы  оқушылардың  өздеріне  деген  сенімділігін 
арттырады.Оқушылардың  барлығы  тапсырманы  орындаған  соң  оқушылардың 
жазғанын  мұғалім  дауыстап  оқып,  сабақты  қай  бағытта  жүргізу  керектігі 
жөнінде қорытынды жасайды. 
Жаңа сабақтың презентациясындағы белсенді әдістер: 
1. «Автобус аялдамасы» әдісі. 
Мақсаты:  берілген  тақырыпты  шағын  топтарда  талдау,  өз  беттерімен 
меңгеру. 
Оқушы  саны:барлық  сынып  оқушылары  шағын  топтарға  5-7  адамнан 
бөлінген.  
Уақыты: 20 - 25 мин.  
Алдын  ала  дайындық:А3  беттер,ватман,  плакат,  флипчарт  беттері,  түрлі-
түсті маркерлер.  
Барысы:  мұғалім  меңгерілуі  керек  тақырыпты  сыныптағы  топтардың 
санына байланысты бірнеше тақырыпшаларға бөледі. Әр тақырыпша бойынша 
4-
5  сұрақ  жазылған  бетті  топтардың  қасындағы  қабырғаға  жапсырады.  Әр 
топтың  мүшелері  сұрақтарға  жауап  іздеп  өзара  талдайды.  Алдарында  жатқан 
плакатқа  сызба  немесе  сурет,  қысқаша  негізгі  ұғымдар  жазуға  болады. 
Мұғалімнің қалауы бойынша тақырыптың күрделігіне байланысты тапсырманы 


49 
орындауға берілетін уақытты алдын ала хабарлайды. Мысалы, 5 минут. Уақыт 
біткен соң әр топтың мүшелері өздері жазып отырған плакатты немесе беттерін 
сол  жерге  қалдырып,  сағаттың  бағытымен  келесі  «аялдамаға»  барады.  Келесі 
тапсырма бойынша берілген қабырғаға ілінген сұраққа жауап іздейді (3 минут). 
Өздеріне  дейінгі  топ  мүшелерінің  жұмысымен  танысады,  олардың  бастап 
жазған  түсіндірмелерін  жалғастыруға  болады  немесе  өздері  қалаулары 
бойынша  толықтырады,  бірақ  түзетуге  болмайды.  Осы  әрекет  бірнеше  рет 
қайталанған  соң,  әр  топ  өз  «аялдамаларына»  қайта  оралады.  Толтырылған 
парақтағы  түсіндірмені  қорытындылап,  ортаға  шығып  өз  тараулары  бойынша 
тұсаукесер жасайды. 
Екерту: бұл әдістің басқа әдістерден (тақырыпты бірнеше абзацқа бөліп әр 
оқушы  өз  абзацын  оқып,  түсіндіру)  тиімділігі  –  әр  топ  мүшелері  бүкіл 
тақырыпты меңгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет