____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_
Білгенге маржан!
Ғарышқа ұшырарда ғалымдар тек маймылдың ғана тапсырманы екі айда
меңгеріп, адамдардан гөрі тез істейтінін дәлелдеген. Мысалы жылдамдықты
тексеруде «нысананы өшіруде» маймылға 19 минут, ал адамға бір сағат қажет
екені анықталды.
Есіңе сақтаңыз!
1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді ғарыш
айлағы болып келеді [7].
Сабақтың тақырыбы: «Тағам және сусын»
Оқу мақсаты:
Т4 Мәтіндердің түрлерін және стильдік ерекшелктерін айыра алады
Т6 Әңгіменің тақырыбына қарап мазмұнын болжайды.
36
О5 Оқу түрлерінің стартегиялары.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
Сөз бен сөйлемдерді интонация арқылы ажырата алады .
Оқушылардың көбі жасай алады:
қарапайым сөздерді және сөйлемдерді фонемалық
білімдерін пайдаланып оқиды және жиі қолданылатын
сөздерді тани біледі.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
қарапайым мәтіндер мен суретті кітаптарға жауап ретінде
комментарий айта біледі, сұрақ қоя біледі.
Тілдік мақсат:
Негізгі терминдер мен сөз тіркестер:
Ата, әже, немере, ит, мысық, тышқан, тартады, тарта алалмайды.
Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
Содан кейін кім келеді?
Кімді шақырады?
Кімнің соңынан кім тартады?
Шалқан қандай болады?
І. Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері»
Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау.
«Еуропа қалашығына саяхат» жасау
1 шапалақ – қол алысып амандасады
2 шапалақ – құлақтарымен амандасады
3 шапалақ – арқаларымен амандасу
4 шапалақ құшақтасып амандасу.
Жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатымен сұрақтар қою:
1. Сүт қандай? (сұйық )
2. Сүтті пісіріп, ашытқы қосып әдейі ашытып жасалатын тағам (айран)
3. Тұз қосып кептірілген, сүттен жасалған тағам. (құрт)
4. Сиыр бұзаулағанда алғашқы сүт (уыз)
5. Сүтке майдың сары суын қосып, ұзақ уақыт қайнатып жасалған
жұмсақ, сарғыш тағам (ірімшік)
6. Айранды ұйытып ............ жасайды. (қатық)
7. Сиырдың сүтін қандай ыдысқа сауып аламыз? (шелек)
«Сүт қалай ұйықтады?» ертегісін бейне таспадан көрсету
Ендеше біз бүгін сендермен Тағам және сусын тарауы бойынша
«Сыныпта дәмхана құру» тақырыбын өтеміз.
Дәмхана адамдар неге барады?
37
Дәмхана қандай тағамдар мен сусындар болады?
Дәмханада кімдер жұмыс жасайды?
Даяшының қызметі жайында кім айтып береді?
(Б) Оқушыларға рөлдік ойын ойналатын жерді көрсету. Заттарды қалай
қолдану керектігін түсіндіру. Оқушыларға қалай тапсырыс беріп, қалай
тапсырыс қабылдау керектігін көрсету.
(Т) Қарапайым тағам әзірлеу үшін оқушылар сол тағамның рецептіне
қарайды, қандай ыдыстардың қажет екендігін шешеді. Ингредиенттерді өлшеп
салып, келесі қадамдарды орындайды.
3) Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс «Сүт қалай ұйықтады?» өлең-ертегімен оқып танысу
Жаңа сабақты түсінгендерін байқау. Ой-толғаныс
1. Сұрақтар қою:
-
Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?
-
Ертегіде қандай нақыл сөз келтірілген?
-
Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.
2. Мәтінмен жұмыс. а) іштей оқу, б) дауыстап тізбектеле оқу
3) Суретпен жұмыс:
-
Суретке қарап ертегідегі сүттің іс-әрекетін қарасөзбен әңгімелеу
4) Дәптермен жұмыс.
Топтастыру.
а) Сүт тағамдары: айран, қатық, сүзбе, ірімшік, уыз, құрт.
ә) « Дұрыс сөз тіркесін тап» Дұрыс тіркесті тауып дәптерге жазу:
балдай ,тәтті, құрт, тұздалған, қышқыл
туралған, айран, кепкен,қара, ашыған
сүт, жайылған
б) Ұйқас сөз табу.
Мысалы:
Тоқты, -------------- Бота,
Тепті допты. ----- Үйренді нота.
Айран,
Қалдым қайран.
Осы сияқты айран, сүзбе, құрт, уыз сөздерімен ұйқас құрастыруды
тапсыру..
4) Қарама-қайшы пікірлер
Ұйқының пайдасы
Ұйқы адамның күш-қайратын қалпына келтіреді. Адам ұйықтағанда жұмысқа
уақытылы бара алмайды.
Ұйқының зияны
Көп ұйықтаған адам енжар болады.
Ештеңе жасағысы келмейді. Сабаққа, тынығады. Ертеңінде сергек болып
тұрады. Еріншек, жалқау болады.
Сергіту сәті: «Қара жорға » музыкалық жаттығу
(ТЖ) Ертегіні топтарда көрініс ретінде қойғызу.
1-
топ ертегінің басын сахналайды.
38
2-
топ ертегінің ортасын сахналайды.
3-
топ ертегінің соңын сахналайды.
4-
топ ертегіні өздерінше жалғастыруы керек.
Сабақтың бекіту кезеңі
-
Оспанхан Әубәкіровтің ертегісінің негізгі ойы не? Автор балаларға
қандай ой тастайды?
-
Ертегі сендерге ұнады ма?
-
Өздерің қалай ойлайсыңдар «ұйқы» адамға қажет пе?
Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма: Ертегіні мәнерлеп оқу, өз сөзімен әңгімелеп айта білу.
Бағалау: өзін-өзі бағалау.
Не қиын болды? Не оңай болды?
Шығарманың негізгі желісі оқушылардың есінде қалғандығын айтқызу[8].
Сабақтың тақырыбы:«Менің отбасым және достарым»
Өмірбаянды жоспарлау»
Оқу мақсаты:
Ж1. Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу.
Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.
Ж3. Жоспар құру. Өз бетінше мәтінге жоспар құрады, тақырып қояды.
А4.Астарлы мағынаны анықтау. Сөйлеу қабілетін дамытады және көп
мағыналы сөздерді қолдана бастайды.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар білуге тиісті:
Мәтін жазып, өз ойларын айту.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөйлеу барысында көркем және күрделі сөздерді қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
Пікірталастарға қатыса алады
Кіріспе
А) Шаттық шеңберіне тұрып оқушылар сол жағында тұрған досына мақтау
сөздерін айтады ал келесі бала оған рахметін білдіріп, өзінен кейінгі оқушыға
айту арқылы жалғастырады.
Балалар, бүгін біз сендермен болашаққа саяхат жасаймыз. Қазір біз осы
шеңбер ішінде бір-біріміздің қолымыздан ұстап, «Болашақ көлігіне» отырып,
көзімізді жұмып, саяхатқа аттанайық. (1 минут тыныштық)
Негізгі бөлім
(Ж) Оқушылар көзін ашады. Ашқан кезде шеңбер ортасында әртүрлі
мамандық иесінің суреттері жатады.
39
Әр оқушы өзінің арманындағы мамандықты таңдайды. Таңдаған
мамандықтары бойынша сұрақтарға жауап береді.
Бұл мамандықты таңдаған себебім___________________________________
Осы
мамандықпен
өз
болашағыңды
қалай
елестетесің___________________
Арманыңа жету үшін не істер едің?
Болашақты елестету қажет пе?
(Т) «Менің арманымды тап» ойынын ойнайды.
Қалаулары бойынша әр топтан оқушылар шығып, өз армандарын сурет
немесе қимыл арқылы көрсетеді, қалған оқушылар тауып айтады.
(Ж): «Болашағымның айнасы»
Әр оқушыға кестедегі адам өмірінің 3 кезеңі беріледі, әр кезең тұсына өз
болашақ өмірі туралы жазып шығады.
40
(Ж): Дәптермен жұмыс: Әр оқушы 2 етістіктен таңдап алып, келер шақта
сөйлем құрастырады. Қасындағы досына сөйлемін оқып береді, бір-бірін
тыңдап, қатесі болса түзетеді.
Қорытынды
(Т): Ойнау, жұмыс жасау, оқу етістіктерін келер шақта 3 топ ауызша
жіктеп шығады.
Рефлексия.Стикерлерді тақтаға жабыстыру арқылы сабаққа кері байланыс
жасайды[9].
Сабақтың тақырыбы: «Бізді қоршаған орта»
Оқу мақсаты:
Т2. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
А4. Диалогқа қатысушылардың айтқанын түсінеді.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады:
Жауабында жаңа сөздерді (орман, тау, көл, өзен) қолдана алады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Зат есім мен сын есімді тіркестіріп қолдана алады. (қалың орман, биік тау,
терең өзен, үлкен көл)
Оқушылардың кейбірі орындай алады:
Көрсеткен суреттерді атай алады.
Тілдік мақсат:
Негізгі терминдер мен сөз тіркестер:орман, тау, өзен, көл, байлық, т.б.
Сабақтың басы
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Шаттық шеңбері
«Жүректен жүрекке» Оқушылар мұғалімнің көмегімен келесі сөйлемдерді
қайталай отырып, бір-біріне тілектерін білдіреді.
Сәттілік тілеймін!
Жақсы көңіл-күй тілеймін!
Сабақтың ортасы
«Миға шабуыл»
Оқушылар суретке қарап отырып сабақтың тақырыбын ашуға тырысады.
41
(
Т)Қазақстан туралы не білесіңдер? Картадан Қазақстанды көрсете аласыңдар
ма?
(Ж) Оқушылар жұптасып өзгелерден сұрау үшін үш сұрақ құрастырады.
Мысалы: Қазақстанның астанасы қай қала?
(
Т)Жұптар кезекпен қарапайым сұрақ қояды .
(
Т)Қазақстанның Туы туралы сұрау. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |