Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет23/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139
ДЖИК  СО  стратегиясы  –  ұжымдық  оқыту  әдісі.  Мақсаты:  жалпы 
мәселені  алдымен  жұпта  сосын  ұжымда  талқылау.  Қолданылуы:  Алдымен 
сынып  4  топқа  бөлініп  отырады  –  бұл  жұмыс  немесе  бастапқы  топтар  деп 
аталады.  Бірдей  мәтін  бөлігін  алған  оқушылар  енді  сарапшы  немесе  жанұя 
топтарын  құрады,  яғни  сарапшы  топтар  басқа  топ  құрады,  мәтіннің  бірдей 
бөліктерін  талдайды.  Төрт  логикалық  бөлікке  бөлінген  мәтіннің  1-бөлігін 
бірлер,  2-бөлігін  екілер,  3-бөлігін  үшіншілер,  4,5-бөліктерін  бесінші  және 
төртінші  топқа  бөлінетін  оқушылар  алады.  Келесі  кезекте  бастапқы  топтар 
қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. 
INSERT  немесе  түртіп  алу  стратегиясы  –  түртіп  алу  әдісі.  Қолдарына 
қарындаш  алып,  «v»-  білемін,  «+»  -  білмеймін,  «-»  -  мен  үшін  жаңа  білім 
(ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің 
мазмұнын  түсінеді.  Бұл  әдіс оқығанын  саналы  түсінуге,  өз  ойын  басшылыққа 
алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, 


59 
білмейтіндерін  сұрауға  әзірленеді.  Бұл  әрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін 
бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. 
Куббизм  стратегиясы  –  ойын  арқылы  оқыту.  Кубиктің  алты  жағына 
жазылған  сөздер  бойынша  жұмыс  жасайды.  Қандайда  бір  затты  жан-жақты 
талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. 
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.  
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма 
бойынша өлең құрастырады.  
Кім?- Ана 
Қандай? -Мейірімді, ақылды 
Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді. 
Түйін -Ағайын — алтау, ана –біреу. 
Синоним- Адам 
Геометриялық  фигуралар  стратегиясы  –  бұл  стратегияның  құралдары 
геометриялық  пішіндер.  Мақсаты:  оқушының  сөздік  қорын,  әдеби,  мәдени 
сөйлеу  тілін,  күрделі  ойлау  қабілетін  дамыту.  Себебі  бала  оқылып  отырған 
мәтіннің  кейіпкерлерінің  мінез-құлқына,  сипаттама  бере  отырып  қорытынды 
жасайды.  Кейіпкерлерді  түрлі  фигуралардың  сипатына  қарай  ұқсастығын 
табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. 
Белгілі  тақырыптағы  ойды  сын  тұрғысынан  қарай  отырып,  ой-толғау, 
суреттей  алу,  еске  түсіру,  болжау  оқушыны  да,  жаңа  бір  әлемнің  жаңалығын 
ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы 
қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы 
ғана  болса,  қазіргі  сын  тұрғысынан  шыңдалған  ойлаудың  арқасында  оқушы 
білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан 
сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі маңызды құбылыс [13]. 
Командалық  оқыту  «Team  teaching»  –  бұл  оқушылардың  оқуын 
жетілдірудегі  ортақ  мақсатқа  жету  үшін  екі  оқытушының  бірлесе  жұмыс 
атқаруы. Бірлесе оқыту екі педагогтің жұптаса өзіндік тәжірибені дамыту мен 
оқытудың үздік түрі болып табылады. 
Топтық оқытуда екі мұғалімнің оқыту тақырыптары тең дәрежеде бөлінеді. 
Оқыту  мақсаттары  кіріктірілген  оқыту  бағдарламасында  көрсетіліп,  ол 
басшылыққа  алына  отырып,  сабақ  барысындағы  іс-әрекеттер  талқыланады. 
Сабақ типтеріне сай екі мұғалімнің: қазақ тілі және әдебиет пәндерінен сабақ 
беретін  мұғалімдердің  сабақ  барысындағы  рөлдері  айқындалып,  оқушыларға 
жеткізу  әдістемелері  мен  тәсілдері  ортаға  салынады.Топтық  оқыту 
әдістемесінде  екі  мұғалімнің  рөлі,  атқаратын  іс-әрекеттері  тең  дәрежеде  өтуі 
қажет.  Жоспарлау  кезінде  жекелеген  оқушылар  мен  топтарға  көмек,  қолдау 
тиімді бөлінуін қадағалауымыз керек. Екі мұғалім арасындағы ынтымақтастық 
пен байланыс сынып атмосферасына әсер етеді, сондықтан мұғалім арасындағы 
ауысу қалыпты өтуі шарт.  
Сабақ  барысындағы  іс-әрекетті  анықтай  отырып,  оқушыларға  берілетін 
тапсырмалар  жиынтығы  да  қарастырылады.  Мұғалім  бағыт  беруші  рөлін 
ойнайды,  ал  ол  оқушыларға  сыни  тұрғыда  және  зерттеушілік  дағдыларын 
қалыптастыру  сияқты  нақты  тапсырмаларға  құрылады  .  Оқушылардың  нақты 


60 
міндеттері  айқын,  оларға  қойылатын  талаптар  да  сондай  болуы  шарт.Бұл 
оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруда әсер етеді. 
Пәндік-тілдік  кіріктірілген  оқыту (CLIL)  әдісінЕуропалық  комиссия                             
2004-
2006  жылдарға  арналған  Еуропада  көптілді  білімді  дамыту  іс-қимылдар 
шеңберінде  ұсынған.  Аталмыш  әдіс  үздіксіз  өзгеріс  үстіндегі  жаһандану 
заманында  мектеп  түлектерінің  бәсекеге  қабілеттіліктерінің  бір  белгісі  болып 
табылатын  тілдерді  және  басқа  тілдерде  пәндерді  игеру  жүзеге  асыру  үшін 
әзірленген. 
CLIL  әдісітілдік  пән  емес  мұғалімдерінің  пәндік  мазмұнды  екінші  және 
үшінші тілде оқытуды білдіреді.Халықаралық тәжірибе мұндай әдістің орынды 
пайдаланған  жағдайда  жақсы  нәтиже  беретінін  көрсеткен.  Өйткені,  пән 
мазмұны  мен  тілді  оқыту  өзара  терең  байланысты  болады.  Екеуі  де  ойлау 
қабілеті  мен  оқуды  жақсарту  үшін  маңызды.Мағыналық  мазмұнды  талқылау 
мақсатымен  басқалармен  өзара  әрекеттесу  үшін  тілді  пайдалана  отырып, 
адамдар өздерінің ойлау қабілеттерін жақсартады, бұл өз кезегінде олардың оқу 
қабілетін  жақсартуына  септігін  тигізуі  мүмкін.  Осылайша  бала  біріншіден, 
«математика», «тарих» немесе химия сияқты пәндік салаларға тән академиялық 
тілді, оған тән терминология мен грамматикалық ережелерді игереді, екіншіден 
екінші немесе үшінші тілде тиісті мәнмәтінде өмірдегідей тікелей араласу үшін 
пайдалануға үйренеді. 
CLIL  әдісін  қолдануда  4  «С»  ескеру  қажет:  сontent  (мазмұны), 
сommunication  (жанасушылық),  сognition  (ойлау  қабілеттері),  сulture 
(мәдениеттану  білімдері).  Сонымен  қатар,  CLIL  әдісінің  ұстанымдарында  5 
аспектті айырықша айқындайды: 

мәдени аспект; 

әлеуметтік аспект; 

тілдік аспект; 

пәндік аспект; 

оқыту аспекті. 
Әр аспект оқушылардың жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік тілдік ортасына 
сай  іске  асырылады.  Оқу  материалын  таңдау  анықтаған  курс  құрылымына 
байланысты  болады.  Мәтінді  өндеу  тапсырмалары  пәндік  мазмұнын  түсінуге, 
оқушыларды  түсіну  процесіне,  мәтіннің  басты  мақсатын  талқылауға  оны 
тексеруге бағыттайтындай болу керек.  
Тапсырмалар  тілдік  формалардың  ерекшелігін  көрсетіп,  оқушыларды 
оларды  жасай  алуға,  қолдана  алуға,  өз-өзін  бағалау,бір-бірін  бағалау  сияқты 
түрлі бағалау мен тексеру түрлерін пайдалануға дағдыландыру керек. 
Тапсырмалар 
оқушыларды 
өзіндік, 
шығармашыл 
әрекетіне, 
коммуникативтік  тапсырмалар  олардың  ауызша  және  жазба  қарым-қатынас 
жасауға ынталандыру керек. 
Кіріктірілген оқытуда  грамматикаға қарағанда лексика мен мазмұнға баса 
назар аударады. 
«Диалогтік оқыту» оқушылардың ойын толық, ашық, әрі нақты жеткізуге 
көмегін тигізеді. Оқушылар арасында сұхбаттың пайда болуына сабақ кезінде 
орындауға  қызықты  тапсырмалар  өз  септігін  тигізеді.  Мысалы,  қазақ  тілі 


61 
сабағында  «сан  есім»  тақырыбын  қарастыратын  болсақ,оқушылар  қолына 
берілген  материалдарда:  «Сан  есімдерді  қолданып,  көршіңмен  жұп  болып 
«Кездесу» ойынын ойна»; «Сан есімдерді пайдаланып, анаңның немесе әкеңнің 
мерейтойына  арнап  құттықтау  жаз  да,  оны  ашық  хат  бетіне  түсір»  және 
т.б.қызықты тапсырмалар кездесуі балалардың пәнге деген қызығушылықтарын 
арттырады.  Берілген  тапсырмаларды  қызу  талқылып,  шығармашылықпен 
орындауларына  түрткі  болады.  Берілген  тапсырма  бойынша  жағдаяттық 
сұрақтардың  қойылуы  ол  тапсырманы  орындау  барысында  топ  ішінде  қызу 
пікірталастың  тууына,  оқушылардың  ортаға  түрлі  пікірлер  тастауына  себепші 
болып, олардың сөйлеу мәдениетін дамытады. 
Диалог  –  оқушының  өзін  еркін  және  жайлы  сезінетін  ортасы.  Жанға 
жайлы,  жағымда  көңіл-күй  сыйлайтын  әңгіме  алаңында  әрбір  оқушы  өзін 
жақсы  сезініп,  шешіліп  сөйлеп,  құнды  пікірлермен  алмасып,  шығармашылық 
қабілеттерін  шыңдай  алады.  Диалогтік,  комуникативтік  атмосфера  оқушының 
жаңа  тақырыпты  игеруіне  себепкер  болып  қана  қоймай,  бала  бойында  жеке 
тұлғаға  тән  қасиеттердің  қалыптасуына  да  жағдай  жасайды.  Диалог  –  бұл 
ақиқатты  бірлесіп  іздейтін  жол.  Диалог  кезінде  адам  бойында  кездесетін 
сыйластық, жанашырлық, түсінісушілік секілді тамаша қасиеттер қалыптасады. 
Диалог  барысында  әрбір  оқушы  тақырыпты  қалай  қабылдап  отырғандығы 
көрсете алады, сондай-ақ, басқа балалардың осы тақырыпқа деген мүлдем басқа 
ой-пікірлері  мен  тың  көзқарастарының  бар  екендігін  көре  алады.  Диалогтік 
оқыту ұстаздарға шәкірттерінің білім деңгейінің қандай дәрежеде тұрғандығын 
бірден байқауға мүмкіндік береді. 
Диалог  барысында  оқушылар  сыни  ойлауға,  қолдағы  бар  ақпаратты 
қолдана отырып, нақты жағдаяты талдау арқылы пікірлерді салыстыруға, дұрыс 
шешім  қабылдауға  үйренеді.  «Диалогтік  әдістер»  қолданылған  сабақтарда 
оқушылар  көбірек  ойланып,  жиі  сұхбаттасады,  ойлау  және  сөйлеу 
мәдениеттерін  белсенді  түрде  қалыптастырады.  Нәтижесінде  оқушылар  жаңа 
білім  алады,  оны  тәжірибеде  қолдануды  үйренеді.  Топтық  жұмыс  барысында 
оқушылар  сұхбаттасу  кезінде  өзін-өзі  бағалауға,  бірін-бірі  бағалауға 
дағдыланады.  Кластер  құру  тапсырмасы  берілген  кезде  оқушылар  арасында 
диалог  қызу  түрде  жүреді.  Зерттеушілік  жұмыс  барысында  топтағы 
оқушылардың әрбіреуі өз пікірін айтып, кластерді қорғау  жоспарын жасайды. 
Бірігіп  жасалған  жұмыс  нәтижесін  көрсететін  «оқушы-оқушы»  диалогі  пайда 
болады.  Оқыту  диалогінде  бір  ғана  көшбасшы  болады.  Ол  –  мұғалім.  Ал 
оқушылар  диалогінде  көшбасшылық  оқушыдан  оқушыға  ауысып  отырады. 
Кейде ол мұғалімнен оқушыға да ауысып отыруы мүмкін.  
«Диалогтік  оқыту»  әдіс-тәсілі  қолданылған  сабақтарда  оқушылардың 
өздерін  мүлдем  өзгеше  ұстағаны  байқалды.  Олар  бір-бірлерінен  қысылып-
қымтырылмай көп сұрақтар қойып, өздері сирек араласатын сыныптастарынан 
көмек  сұрай  алды. Бір-бірімен  мүлдем  араласпайтын  екі оқушының  қазақ  тілі 
және әдебиеті сабағында бірігіп постер жасап, оны қалай қорғау керектігін жұп 
болып талдап отырғанын байқауға болады. 
Бір  қарағанда  диалогсіз  оқытудың  болуы  мүмкін  емес  секілді  көрінеді. 
Алайда, диалогтің компьютерлік тестілеу, интернет-емтихандар, қашықтықтан 


62 
оқытудың  көмегімен  кейін  қарай  ысырылып  қалу  қауіпі  де  жоқ  емес.  Бір 
бойына  жанды  сөз,  қызу  пікірталас,  ашық  эмоция,  кері  байланыс,  танымға 
деген қызығушылықты сыйдырған диалогті «өнер атаулының биігі» деп айтсақ 
та артық болмас емес пе? Өнер болғанда да, ата-бабаларымыздан мұра болып 
қалған, әрбіріміздің бойымызда кездесуі міндет болып саналатын өнер емес пе? 
Қорытындылай келсек, «Диалогтік оқыту» әдісі дегеніміз: 
-  
оқушының сұраққа дұрыс жауап беруге үйренуі; 
-  
оқушының сұхбат жүргізуге үйренуі;  
-  
оқушының өз ойын жеткізуге үйренуі; 
-  
оқушының сөздік қорының баюуы, дүниетанымының кеңеюі. 
Оқыту  диалогі  –  мұғалім  мен  оқушы  іс-әрекетінің  ең  маңызды 
бөлігі.Сондықтан,  сұхбаттың  бұл  түріне  күнделікті  өмірдегі  сұхбаттан  гөрі 
өзгеше көзқарас қажет [14].  
Мұндай  жұмыс  түрлері  мұғалімнен  жоғары  әдіскерлік  шеберлікті,  жоғары 
кәсіби деңгейді талап етеді.  
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  білім  берудің  мақсаты  –  қазіргі  қоғам 
талабына  сай  алынған  терең  білім,  ойын  еркін  білдіру,  тиімді  шешімдер 
қабылдауға  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Мақсатты  жүзеге  асыру  үшін,  түрлі 
тәсілдер, әдістер және инновациялық технологияларды қолдануымыз керек. Әр 
ұстаздың  жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  жаңа  технологияларды 
пайдалануы  білім  сапасын  тереңдетіп,  кіріктірілген  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
пәніне деген қызығушылығын арттыра түседі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет