Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет24/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   139
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


63 
4  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  (Т2)»  кіріктірілген  пәндері  бойынша 
оқушылардың білімдерін бағалау
 
 
Бағалау – оқыту мен үйретуді жасаушы процес. Бағалау процесі оқушылар 
жетістігі  үшін  негізгі  элемент  болады:  пәннің  мазмұнын  түсіну,  білім  алу, 
дағдыларды  жетілдіру,  жауапкершілік  пен  оқыту  қызметіндегі  тәсілдерді 
қалыптастыру.  Бағалау  оқушының  ілгерілеу  ақпаратын  қамтамасыз  етіп 
қоймай, ынтымақтастықта болуына, өзіндік байланыс жасауына, жоспарау үшін 
жағдай жасауға мүмкіндік береді. 
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі – нормативті, яғни қандай да бір 
белгіленген  нормамен  салыстыру  арқылы  бағаланады.  Білім  берудің 
кіріктірілген бағдарламасына енетін пәндер бойынша оқушының жетістіктерін 
бағалау критериалды бағалау арқылы іске асырылады.  Критериалдық бағалау 
жүйесі  нормативті  бағалау  жүйесіне  жатады.  Критериалдық  бағалау  жүйесі 
Халықаралық бакалавриат мектептерінде кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі 
– 
білім  алушының  құзыреттілігін  дамытуға,  тұлғаның  қалыптасуына 
бағытталған бағалау жүйесі. 
Критериалды  бағалау  –  оқушылардың  оқу-танымдық  құзыретін 
қалыптастыруға  жағдай  жасайтын,  білім  беру  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес 
білім  беру  процесіне  қатысушылардың  (оқушылар,  мектеп  әкімшілігі,  ата-
аналар,  заңды  тұлғалар  және  т.б.)  барлығына  алдын  ала  таныс,  ұжым 
талқысынан  өткен,  нақты  анықталған  өлшемдер  арқылы  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. 
Критериалды  бағалауда  оқушы  өнімділігі  алдын  ала  белгіленген 
критерийлердің  бекітілген  жиынтығына  қарағанда  өзгеше  өлшенеді.Бұл 
оқушылардың  жетістіктері  сыныптағы  оқушылардың  жетістіктеріне  қатысты 
бағаланатын нормаға таңылған бағалаудан ерекшеленеді. Критериалды бағалау 
мұғалімдердің өз оқушылары қол жеткізген жетістіктері туралы сенімді, дұрыс, 
ақиқатқа  негізделген  пайымдаулар  жасай  алуына  және  сыныпта  тиімді 
тәжірибенің насихатталуына кепілдік береді. 
Критериалды  бағалау  моделі  барлық  мүдделі  тараптар  үшін  –  мектеп 
басшылары,  мұғалімдер,  оқушылар  мен  ата-аналар  үшін  құнды  ақпараттар 
ұсынады.  Бағалау  мүмкіндіктерін  анықтау  үшін  уақыт  бөлу,  нәтижелерді 
ақылға салып, салыстырып және жазып алғаннан кейін ақпараттың оқыту мен 
оқудың сапасын арттыру жолында дұрыс қолдану үшін берілуінің маңызы зор. 
Бағалау  өлшемшарттары–  оқытудың  мақсаты  бағаланған  және  ара 
қатынасына сәйкес белгіленген белгі (сипаттама). 
Өлшемшарттар – оқушы  жұмысының орындалған деңгейін  анықтау  үшін 
қолданылатын негізгі көрсеткіш. Пәндік нұсқаулықтарда әр пән тобы бойынша 
қорытынды  бағалауға  қолданылатын  бағалау  өлшемдері  берілген.  Өлшемдер 
бір мағыналы және айқын болуы шарт. 
Жетістік  критерийі  –  мұғалімдер  мен  оқушылардың  оқу  мақсатына 
жеткенін  мойындауына  мүмкіндік  беретін  ұстаным.  Жетістік  критерийлері 
талап  етілетін  білім  тереңдігі  мен  ауқымы  анық  болатындай  деңгейде  өзгеше 
болуы  бірақ  оқудың  нақты  қалай  көрсетілуі  қажеттілігін  белгілейтіндей 


64 
соншалықты нақты болмауы тиіс. Олар сыныпқа және сәйкес келуі қажет және 
тиіс  жағдайларды  оқу  мақсатының  бір  бөлігі  қанағаттандыратын  табысты 
қарастыра алады. 
Жақсы жетістік критерийлері нақты және өлшеулі талаптар қояды, қысқа 
және  анық  идеяларды  мазмұндайды,  ауқымды  көлемдегі  қосымша  жұмысты 
қажет  етпейді.  Оқушылар  тапсырманы  орындай  алатынын  көрсетсе,  мақсатқа 
жетуі  тиіс    «бағыттағы  жұмыс үшін»  жетістік критерийлері олар  тапсырманы 
орындай алмайтындай болмауы тиіс. Жетістік критерийлері олардың не жасай 
алатынын сипаттау керек. 
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені 
қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының 
құзыреттілігін,  оның  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту,  қоршаған  ортамен 
дұрыс  қарым-қатынас  жасау,  өзін-өзі  дамыту,  өзіндік  білімін  көтеру  сияқты 
мақсаттар  қойылған.  Критериалды  бағалау  бұл  мақсаттар  мен  міндеттердің 
барлық талаптарына сай орайластырылған. 
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: 
-  
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; 
-  
анық, айқындылығы; 

бағаның әділдігі; 

өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі7 
Критериалды  бағалау  сабақтың  өн  бойында  жүзеге  асып  отырады. 
Алдымен  топтық  жұмысты  бағалауда  өте  тиімді.  Өйткені  топ  жұмысын 
өлшемшарттарымен (критерийлермен) бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және 
оқушылардың  бір-бірін  бағалау  арқылы  өз  пікірлерін  ортаға  салып,  еркін 
жеткізуіне  алып  келеді.  Пікірін  еркін  айту,  басқалардың  жұмысына  бағасын 
беру  өмірге  бейімділіктерін  арттыра  берері  сөзсіз.  Бағалау  парағы  топқа 
тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар басқа топты бағалар 
алдында  өз  тапсырмаларын  орындауда  сол  өлшемшарттарды  басшылыққа 
алады. 
Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін 
тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған: 
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау: 
Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқу  процесінде  оқушылардың 
ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында 
өзара байланысты орнату үшін қолданылады.  
Жиынтық бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың 
немесе модульдің соңында, немесе таным процесінің қандай да бір сатысында 
оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.  
Қалыптастырушы бағалау: 
1.  Күнделікті  оқу  процесі  кезінде  жүргізіледі  (өздік  жұмыстар,  тесттер 
т.б.); 
2.  Оқушыға  өз  жұмыстарын  өңдеуге  және  жоғары  нәтижеге  жетуге 
көмектеседі;  
3.  Мұғалімге  оқушының  материалды  меңгергені  туралы  ақпарат 
жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. 


65 
Жиынтық бағалау: 
1.  Әрбір  бөлім  соңында  өткізіледі  (бақылау  жұмысы  немесе  қорытынды 
сынақ жұмысы ); 
2. 
Оқушыларға  әрбір  бөлім  бойынша  өз  білім  деңгейлерін  көрсетуге 
мүмкіндік береді  
3. 
Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға 
және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. 
Формативті/қалыптастырушы  бағалауды  көбінесе  «оқушының  дүниені 
тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, 
ол  оқушының  жеке  басының  дамуы  мен  қалыптасуына  көмектеседі.  Бұл 
бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік 
береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы 
білімін  диагностикалауына  мүмкіндік  беріп,  мұғалімге  оқу  процесін  басқаша 
ұйымдастыруға  көмектеседі,  ал  оқушыға  –  өзінің  білім  алуына  деген  үлкен 
жауапкершілікті сезінуді жүктейді.  
Бағалау  –  бұл  оқушының  ілгерілеу  дәрежесін  анықтаудан  гөрі  кең 
ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным процесіне қызығушылығын 
арттырып,  оны  алға  жетелейді.Осы  орайда  формативті  бағалау  басқа  бағалау 
әдістеріне  қарағанда  оқушыға  материалды  тереңірек  түсінуіне  көмектеседі, 
сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы 
туралы ойлануын дамытады. 
Суммативті (немесе жиынтық/қорытынды) бағалау бұл білімді жалпылау, 
қорытындылау  (жиынтық/қорытындылау  бағасы)  кезінде  қолданылатын, 
тараудың  немесе  блоктың  соңында,  немесе  таным  процесінің  қандай  да  бір 
сатысында  оқушының  өткен  шақтағы  жетістіктерін  қарастыру  үшін 
қолданылатын  және  сабақ оқытудан  салыстырмалы  түрде тысқары,  қандай  да 
бір  уақыт  аралықтарында  өткізіліп  отыратын  жетістіктер  деңгейінің 
қорытындысын шығаруда, есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың 
бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын 
оята қоймайды. 
Формативті  бағалау  суммативті  бағалаумен  салыстырғанда  оқушы  мен 
мұғалім  арасында  кері  байланысты  жылдам  қамтамасыз  етеді.  Формативті 
бағалаудың  маңызды  компоненттерінің  тағы  бір  түрі  –  өзін-өзі  бағалау  және 
өзара  бағалау.  Өзін-өзі  бағалау–  өзіне-өзі  баға  қоймаумен,  бірақ  бағалау 
қызметімен  байланысты  бағалау  әрекетінің  бір  түрі.  Ол  тапсырманы  орындау 
үдерісі сипаттамасымен, яғни оның оң және теріс жақтары, әсіресе, ұпайлармен 
тығыз  байланысты.  Мұғалім  оқушыға  өзін-өзі  бағалаудың  төмендегідей 
алгоритмін ұсына алады: 
1.  Тапсырманы  орындауда  нені  жасау  қажет?  Мақсат  қандай  болды? 
Қандай нәтиже алу қажет болды?  
2. 
Нәтиже алу мүмкін болды ма? Шешу жолы, жауабы табылды ма?  
3. Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателер жіберді ме? 
4. Толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме?  


66 
5.  Тапсырманы  орындау  барысында  қандай  біліктіліктер  дамыды?  Егер 
тапсырманы  орындай  алмаса,  онда  қандай  қателер  жіберілді  және  бұл 
қиындықтар неден туындады?  
Әр мұғалім сабақ барысында оқушылардың кез-келген сабақтың соңында 
міндетті  түрде  қандай  әсер  алғанын  анықтау  үшін  рефлексия  жасатып,  оны 
стикерге  жазып  ілдіру,  эссе  жазғызу,  "Екі  жұлдыз,  бір  тілек",  «Қосу,  алу, 
қызықты»,  «Білемін,  үйрендім,  білгім  келеді...»  әдістерін  және  смайликтерді 
қолдану  арқылы  қалыптастырушы  бағалау  жүргізіп  отыруы  қажет.  Мектеп 
тәжірибесінде  жеке  тұлғаның  шегініс  жасау  арқылы  күнделікті  әрекетіне 
бағалау  жасайтын  жеке  бас  күнделігінің  болуының  да  маңызы  зор.  Бұл 
күнделіктің ересек жастағы оқушылардың дамуы мен өсіп-жетілуі жөнінде көп 
мәліметтер берері сөзсіз. 
Формативті  бағалаудың  тағы  бір  маңызды  компоненттерінің  бірі  –  кері 
байланыс  әрекеті  деуге  болады.  Кері  байланыс  әрекеті  ауызша  және  жазбаша 
түрде жүзеге асырылады.  
Формативті  бағалау  шеңберінде  мұғалімдерге  оқушылардың  жетістік 
деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, 
және көптеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады. 
Формативті  бағалау  әдістемесін  қолдану  қазіргі  таңда  мұғалім  жұмысын 
бағалаудың  жаңа  жүйесінің  маңызды  өлшемшарттары  (критерийлері)  болып 
табылады.  
Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады, жаңа ұғымдарды 
енгізумен  бірге  белсенді  қайта  құруды  елестету,  «менімен  сәйкес  келетін» 
білімді  меншіктеу  сияқты  жаңа  мағына  туындайды,  ұзақ  мерзімді  білім 
қалыптасады.  Оқушылар  өз  ойларын  сөзбен  жеткізуге  тырысады  немесе 
графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері 
мен  ойларын  басқа  оқушылармен  бөліседі,  (әртүрлі  көрсетілімдермен 
танысады) өз жеке бастарының көзқарастарын сараптайды. 
Барлық  сабақтың  аясында  нәтижелері  жазылып  отырылатын 
қалыптастырушы  бағалау  жүре  бермейді.  Оқушылар  баға  алмас  бұрын, 
дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алуы керек. Оқу мақсаттарының күрделігіне 
қарай оқыту мен бағалау бір сабақ барысында немесе бірнеше сабақ бойы өтуі 
мүмкін. 
Қалыптастырушы  бағалау  үшін  қолданылатын  жаттығуды  таңдаған  соң 
мұғалім  бағалау  жөніндегі  нұсқаулыққа  сүйене  отырып,  оқушылардың  оқу 
мақсатына  «жеткенін»  немесе  әлі  де  «талпынуда»  екенін  анықтауға  арналған  
жетістік  критернийлерін  анықтайды.  Оқу  мақсатында  «талпынудағы» 
оқушылар  үшін  сол  ақпараттың  негізінде  бұдан  кейінгі  сабақтарды  бейімдей 
алады. Сабақ жоспарында мұғалім: 

тиісті оқу мақсаттарын анық,түсінікті түрде тұжырымдауға; 

сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуға; 

логикалық  жағынан  реттелген  және  оқушылар  мен  сабақ  мақсаттарына 
сай  келетін  кезеңдер,  жаттығулар  мен  тапсырмалар  туралы  толық  ақпарат 
ұсынуға; 


67 

мақсатты  білім  мен  дағдыларды  қалыптастыруға  арналған  тиісті 
стратегияларды  анықтап,  проблемаларды  алдын  ала  көре  білуге  және 
анықталған дағдыларға қатысты шешім ұсынуға; 
-
тиісті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауға тиіс. 
Мысал ретінде Назарбаев зияткерлік мектебінің төменде қалыптастырушы 
бағалауға арналған бірнеше тапсырмаларын ұсынамыз.  
Тапсырма:  Топтарға  2  түрлі  ас  мәзірі  беріледі.  Берілген  суретті  мәтінге 
айналдыру тапсырылады (мәтіндерін ақ қағазға жазып, сынып қабырғасына іліп 
қойғандары дұрыс) 5-сурет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет