Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет4/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
ТЫҢДАЛЫМ
АЙТЫЛЫМ
ОҚЫЛЫМ
ЖАЗЫЛЫМ
Коммуникативтікдағдылардыдамыту
7
 
1-
сурет – Коммуникативтік дағдыларды дамыту сұлбасы.  
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен. 
 
Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  кіріктіріп  оқытқанда,  оқушылардың  тіл 
заңдылықтарын,  коммуникативтік  әрекеттерді  әдебиет  мәтіндеріндегі  түрлі 
өмірлік  жағдаяттарға  «тікелей  қатыса»  отырып  меңгерту  мүмкіндігі  өте  зор. 



Осындай  кіріктіре  оқыту  арқылы  оқушылардың  сөйлеу,  жазу,  оқу,  тыңдау 
әрекеттерін  танымдық  қызығушылықтарын  дамыта  отырып  қалыптастыру 
жолы қалыптасады.  
«Кіріктірілген  қазақ  тілі  мен  әдебиеті»пәнін  оқытудың  мақсаты, 
міндеттері,  ұстанымдары  мен  әдістері,  танымдық  талдаудың  шығармашылық 
деңгейге  өсу  барысында  іске  асырылатын  мағыналық  бағдарлары, 
байланыстары, технологиялық шарттары жаңа жүйеде қалыптасады.  
«
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнін  кіріктіріп  оқытудың  мақсаты  – 
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға 
дағдыландыру.  Оқушылар  әңгіме,  поэзия,  драма,  сондай-ақ,  ғылыми  және 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  материалдарын  (газет-журналдар,  т.б.)  сын 
тұрғысынан  оқи  отырып,  өз  түсініктерін  дамытады.  Оқу  арқылы  танымдық 
дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады. 
«
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнінің  кіріктіріп  оқыту  бағдарламасының 
мақсаты  –  оқушыларға  өз  ойын  жеткізу  жолдары,  әңгімелерді  баяндау  және 
өздерінің  қызығушылықтары,  жоспарлары  туралы  диалог  барысында  айту; 
тілдесім мен аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын 
білдіре  отырып  жауап  беру;  көркем  және  көркем  емес  (нұсқаулық,  жарнама) 
мәтіндерге  мақсатқа  сай  қорытынды  және  анализ  жасау;  қысқа  жүйелі 
мәтіндерді  жазу  барысында  қажетті  және  қызықты  ақпараттарды  пайдалана 
білу дағдыларын меңгерту.  
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқыту бағдарламасында оқу 
пәнінің  мазмұнын  анықтаудың  негізі  болып  табылатын  оқыту  мақсаттарының 
жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған.  
Мазмұны  тұрғысынан  оқу  бағдарламалары  оқушыны  өзін-өзі  оқыту 
субьектісі  және  тұлғааралық  қарым-қатынас  субьектісі  ретінде  тәрбиелеуде 
нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру 
құндылықтарының  өзара  байланысы  мен  өзара  шарттылығына  негізделген 
тәрбиелеу  мен  оқытудың  біртұтастығы  қағидатын  және  нақты  пәнді  оқыту 
мақсаттарының  жүйесі  бар  мектепті  бітіргеннен  кейінгі  нәтижелерін  іске 
асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке 
ғана  емес,  сонымен  қатар  кең  ауқымды  дағдылардың  қалыптасуына 
бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының 
құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, 
сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі 
тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу 
және  шешімдер  қабылдау  сияқты  кең  ауқымды  дағдыларын  дамытуға  негіз 
болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде 
де,  келешекте  мектепті  бітіргеннен  кейін  де  жетістігінің  кепілі  болып 
табылады. 
Экономикадағы  заманауи  инновациялар,  еңбек  нарығындағы  өзгерістер 
оқушылардың  күрделі  міндеттерді  шешу  үшін  немесе  оларды  шешудің  жаңа 
тәсілдерін  табу  үшін  жағдаятқа,  идеялар  мен  ақпараттарға  талдау  жасау  және 
бағалауға,  алған  білімі  мен  тәжірибесін  жаңа  идея  мен  ақпаратты  жинақтау 



үшін  шығармашылық  қолдануға  мүмкіндік  беретін  дағдылар  жиынтығын 
меңгеру  қажеттілігіне  себепші  болады.  Жігерлілік,  алғырлық,  өзгерістерге 
дайындығы,  байланысқа  бейімділігі  сияқты  тұлғалық  қасиеттер  өзекті  болып 
отыр.  
Нақты  пән  бойынша  күнделікті  білім  беру  процесінің  мазмұны  оқу 
мақсаттарына  бағынады  және  оқушылардың  меңгерген  білім,  білік  және 
дағдыларын  кез  келген  оқу  процесінде  және  өмір  жағдаяттарында 
шығармашылықпен  пайдалану  даярлығын  қалыптастыруға,  жетістікке  қол 
жеткізуде  қажырлылықты  дамытуға  бағытталған,  өмір  бойы  білім  алуға 
ынталандырады.  
Кең  ауқымдағы  дағдылармен  бірлікте  жеке  қасиеттердің  дамуы: 
«қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтық  жауапкершілік»,  «құрмет», 
«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім 
алу»  сияқты  білім  берудің  басты  құндылықтарына  оқушыларды 
дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі 
мен  күнделікті  іс-әрекеттерін  ынталандыратын  тұрақты  тұлғалық  бағдары 
болуы тиіс.  
«
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнінің  кіріктіріліп  оқыту  бағдарламасы 
бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет 
тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, A2, B1, 
B2, С1) негізге ала отырып айқындалған және әр деңгейдің соңындағы күтілетін 
нәтижелер түрінде берілген. 
С1 – Жоғары деңгей: 
Әртүрлі  тақырыптар  бойынша  көлемді  мәтіндерді  түсінеді,  олардың 
астарлы мағыналарын ажырата алады. 
В2 – Ортадан жоғары деңгей: 
Нақты және абстрактілік тақырыптар бойынша күрделі мәтіндердің, оның 
ішінде кәсіби мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне алады.  
В1 – Орта деңгей: 
Оқуда,  бос  уақытта  кездесетін  әртүрлі  тақырыптар  бойынша  әдеби  тілде 
берілген нақты хабарлардың негізгі ойларын түсіне алады.  
А2 – Базалық деңгей: 
Өмірдің негізгі салаларымен байланысты тіркестер мен жиі пайдаланатын 
сөйлемдерді түсінеді.  
А1 – Қарапайым деңгей: 
Нақты  міндеттерді  орындауға  қажетті  таныс  фразалармен  сөйлемдерді 
пайдалана алады.  
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқу арқылы оқушылар: 
-  
сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады; 
-  
тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді; 
-  
ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;  
-  
коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді және 
өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйренеді; 
-  
қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, 
қызығушылығын арттырады [3]. 


10 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқыту бағдарламасы «қалай 
білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, 
жауапты,  ой-өрісі  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған 
қағиданы  ұстанады.  Мұғалімдер  оқушылардың  бойында  бұл  қасиеттерді 
қалыптастырып,  дамытуда  оқытудың  түрлі  стратегияларын  қолданады.  Атап 
айтқанда:  
-  
оқушылардың  жеке  пікірін  тыңдай  білу,  олардың  бұған  дейін  алған 
білімдері  мен  қалыптасқан  түсініктерін  одан  әрі  дамыту  үшін  оларды 
қолданудың маңыздылығын құптау; 
-  
мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы 
оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 
-  
мәселелерді  шешу  әдіс-тәсілдерін  оқушыларға  түсінікті  жолмен  құру 
және көрсету; 
-  
оқушылардың  білім  алуына  «Оқыту  үшін  бағалау»    арқылы  қолдау 
көрсету; 
-  
оқушылардың  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуіне  және  зерттеу  әдіс–
тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;  
-  
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; 
-  
оқушылардың  жеке,  топтық  және  тұтас  сыныптық  жұмыс  түрлерін 
ұйымдастыру [4]. 
«
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнінің  кіріктіріліп  оқытуда  қолданылатын 
принциптер:  
-  
оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту. 
Оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру; 
-  
оқушыларға  дебат  тақырыбын  таңдауға,  зерттеуге  және  «жақтаушы, 
даттаушы»  топтарын  құруға  мүмкіндік  беру  –  аргументтерді  қолдана  білу 
дағдыларын  қалыптастырады,  өз  ойын  жеткізуге,  таңдауға  және  келісімге 
келуге, шығармашылыққа мүмкіндік береді; 
-  
тапсырмалар  (белсенді  іс-әрекеттер)  арқылы  оқу  материалын  өмірмен 
байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру; 
-  
оқу процесінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болғанына назар 
аударылады,  мұғалім  оқу  материалын  дайын  күйінде  бермейді,  ашық  сұрақ 
қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға 
бағыттайды; 
-  
оқылым  және  жазылымға  негізделген  сабақтарды  тиімді  құру  сын 
тұрғысынан  ойлауға  мүмкіндік  береді,  яғни  ол  қызығушылықты  ояту, 
мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады. Әр кезеңде белгілі бір 
оқыту  мақсатын  қоя  отырып,  мұғалім  оқушыларға  мақсатқа  жетуге,  мәселені 
анықтауға, талқылауға, жауаптарды іздеуге, қорытынды жасай отырып, өз ойын 
білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйретеді; 
-  
интерактивті  оқыту  әдіс-тәсілі  арқылы  оқушы  интелектісіне  әсер  ету, 
яғни  ақпарат  мұғалімнен  оқушыға,  оқушыдан  мұғалімге  беріліп  отыруына 
мүмкіндік  береді.  Белсенді  оқытуда  оқушылар  өз  пікірін  айта  білуді  және 
өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді; 


11 
-  
ұжымдық  оқыту  технологиясы  жаңа  идеяларды  ұсынуға  және  жаңа 
мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады [4]. 
«
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнінің  кіріктіріліп  оқытуда  қолданылатын 
педагогикалық тәсілдер. 
Республикамыздың жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, 
т.б.) «білім алу жолдарын білетін», өз бетімен білім алуға ұмтылатын, шешім 
қабылдауға  қабілетті,  ынталы,  қызығушылығы  мен  жауапкершілігі  жоғары, 
өзіне  сенімді,  өзінің  және  өзгенің  іс-әрекетіне  талдау  жасай  алатын  жеке 
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. 
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі 
педагогикалық  тәсілдер  мен  технологиялар  қолдана  алады.  Атап  айтқанда, 
олар: 
-  
оқытудың коммуникативтік (қарым - қатынастық) тәсілдері (тыңдалым,  
айтылым, оқылым, жазылым); 
-  
зерттеушілік  тәсіл  (оқушылар  «не  білемін?,  нені  білгім  келеді?,  нені 
үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді); 

Жүйелі-әрекеттік тәсіл; 

дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, 
өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);  
-  
саралап  оқыту  технологиясы  (оқушыларды  қабілеті,  мүмкіндігі, 
ерекшелігіне қарай оқыту); 
-  
мұғалім мен оқушының «субъект - субъектілік» дидактикалық қатынаста 
білім іздеу процесіне бірдей енуі; 
-  
оқу  проблемаларын  шешу  барысында  мұғалім  мен  оқушының 
ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын 
шешудің  әдіс-тәсілдерін  оқушыларға  дамыта  оқыту  ұстанымына  сай  жолмен 
құру және көрсету; 
-  
оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен 
қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту; 

ойын әдісі; 

«оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау; 
-  
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;  
-  
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  тиімді  қолдану  арқылы 
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру; 
-  
тәжірибелік,  шығармашылық  оқу  әрекеттеріне  (түрлі  шығармашылық 
жұмыстар жасау) ынталандыру; 

оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу; 

оқушыларды  зерттеушілік  әрекетке  және  зерттеушілікке  негізделген 
белсенді оқуға ынталандыру;  
-  
оқушыларға  алдын  ала  берілетін  түрлі  стильдегі  жазба  мәтіндердің 
үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді); 
-  
оқушылардың  оқу  әрекетін  жеке,  топтық  және  ұжымдық  формада 
ұйымдастыру  (оқушылар  бірін-бірі  өзара  оқытуға,  бірін-бірі  бағалауға,  пікір 
алмасуға, т.б. үйренеді); 


12 
-  
оқыту  барысында  «не  білемін?  не  білгім  келеді?  нені  үйрендім?»  
түріндегі кері байланысты жүзеге асыру [4]. 
Басты  назар  білім  мен  сол  білімді  қолдану  процесіне  аударылады. 
Оқушылардың  білім  алу  барысындағы  табыстылығы  мен  алдағы  қадамдарын 
анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістік критерийлерін алдын 
ала белгілеу керек. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды(АКТ)қолдану 
құзыреттілігі  оқушылардың  жұмыста,  бос  уақытында  және  қарым-қатынаста 
технологияларды  біліктілікпен  және  шығармашылықпен  пайдалануын 
қамтиды.  Бұл  АКТ-ны  пайдаланудың  бастапқы  дағдылары  арқылы 
қалыптасады. 
Оқушылар  кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасындағы  барлық  пәндерді 
оқу  барысында  ақпаратты  табу,  құрастыру  және  басқару,  мәліметтер  және 
идеялармен  бөлісу,  бірлесіп  әрекет  ету,  түрлі  жабдықтар  мен  қосымшаларды 
пайдалану арқылы білім, білік дағдыларын арттырады, өз жұмысын бағалауды 
жетілдіре отырып, АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады. 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген оқу бағдарламасында төмендегідей 
көрініс табады:  

онлайн  сабақтар  арқылы  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық 
технологияларды қолданады; 
-  
АКТ  арқылы  презентация  жасайды,  салыстырады,  бағалайды, 
жетілдіреді, зерттейді және бірлесе отырып пікірлерін дәлелдейді; 
-  
АКТ арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады [2]; 
-  
сабақтарда  оқытудың  сапасын  арттыру  үшін  жаңашыл  әдістер  мен 
ақпараттық технологияларды пайдалану; 
-  
интернет  ресурстарымен  жұмыс  жасайды  (мысалы,  веб-сайттағы 
ақпаратты  оқу,  керекті  материалды  іріктеу,  жеке  құжат  немесе  файл  ретінде 
көшіру және сақтау); 
-  
мәтін  және  слайдтармен  жұмыс  істеу  үшін  қарапайым  бағдарламадан 
күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);  
-  
ақпаратты  өңдеп,  электронды  түрде  жеке  құжат  ретінде  сақтау  үшін 
жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану; 

электронды оқулықтарды пайдалану; 

тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану; 

ақпаратты саралап, зерттей алу [2]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет