Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


-   онлайн режимде сабақтар өткізу;  -



Pdf көрінісі
бет6/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
 
онлайн режимде сабақтар өткізу; 
 
онлайн режимдегі тапсырмаларды орындау (тестер, есептер); 
 
әртүрлі деңгейдегі онлайн олимпиадалар мен байқауларға қатынасу; 
 
мәліметтер қоры ретінде пайдалану. 
Тәжірибе  алмасу  ретінде  онлайн  сабақтарға  қатынасу  әсіресе  жас 
мамандар  жұмысына  методикалық  үлкен  көмек  берері  сөзсіз.  Сонымен  қатар 
оқушылар сабақта бейнематериалдар пайдаланады. Рефераттар жазу барысында 
оқушылар  өз  беттерімен  Интернет  кеңістігінің  материалдарын,  электрондық 
оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады. Қазақ тілі мен әдебиеті 
кіріктірілген  пәнінен  оқушыларды  сынақ  пен  емтиханға  дайындау  барысында 
интернетпен жұмыс үлкен рөл атқарады. Ол тек әртүрлі тестер мен мәліметтер 
алатын  ақпарат  көзі  ғана  емес,  даярлық  жұмыстарында  онлайн  режиміндегі 
тесттерді орындау арқылы оқушыны тестпен жұмыс істеу дағдысына, уақытты 
үнемдеуге  және  қорытындысын  талдау  арқылы  сол  бойда  қатемен  жұмыс 
істеуге  көп  көмегін  тигізеді.  Оқушылар  бір  тестілеуден  жақсы  нәтижеге 
жеткенше  бірнеше  қайтара  өтеді.  Бұл  тестілердің  барлығы  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті кіріктірілген пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына 
сәйкес  келеді.  Ол  оқушылардың    интеллектін,  логикалық  ойлауын  және 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал  жасайды. Қазақ тілі мен әдебиеті 
кіріктірілген пәнінде  дарынды  оқушылармен жұмысты да интернет  көмегімен 
тиімді  ұйымдастыруға  болады.  Осы  бағытта  соңғы  уақытта  жиі-жиі 
ұйымдастырылып  жүрген  республикалық,  облыстық  олимпиадалар  мен 
байқауларға  қатыстыру  арқылы  оқушылардың  көптеген  жетістіктеріне  қол 
жеткізуге болады. Сабақты қызықты формада ұйымдастыруға, кейбір өндірістік 
процестерді  бейнелейтін  дидактикалық  материалдардың  шексіз  көзі  болып 
табылатындықтан  ғаламтормен  жұмыс  әрбір  мұғалімнің  шығармашылық 
ізденісіне көп көмегін тигізері сөзсіз. 
Электрондық оқу құралдары. 
Дәстүрлі  сабақтағы  ең  қажетті  басшылыққа  алынатын  сабақ  элементі 
болып  табылатын  оқулық  құралы  секілді  қазіргі  жаңа  технологиялы 
сабақтардың  барлығында  дерлік  электронды  оқу  құралдары  пайдаланылады. 
Электронды  оқу  құралдары  –  жаңа  сабақты  түсіндіру,  тірек-сызбалары, 
тақырыптық  тапсырмалар,  тақырыптық  тест  жұмыстары,  логикалық 
тапсырмалар,  жаттығу  тапсырмалары  секілді  бірнеше  сабақ  элементтерін 
қамтитын  кешенді  электронды  жинақ.  Оқушылар  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
сабақтарында  арнайы  компьютерлік    бағдарламалар  мен  электрондық 
оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді.  Бұл 


16 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға,  олардың ой-танымын 
кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен,  ізденімпаздықпен жұмыс жасауына 
көп  көмегін  тигізеді.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  бойынша  компьютерлік 
тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Қазақ 
тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  электронды  оқу  құралдарын  пайдалану  сабақ 
барысында  оқушылардың  жеке  жұмыс  жасауына  мүмкіндік  туғызады.  Яғни 
деңгейі төмен оқушы аз да болса өз бетімен орындағанына риза болатын болса, 
қабілеті жоғары оқушылар  басқа оқушылар деңгейімен шектеліп  қалмай одан 
әрі  күрделі  деңгей  тапсырмаларын  орындап,  өз  жетістіктерін  көрсету 
мүмкіндігіне ие болады. Еліміздің мектептер мен колледждерінде қазақ тілі мен 
әдебиеті  кабинеттерін  жаңа  электрондық  құралдармен  жабдықтау  жүргізіліп 
жатыр. Бұлардың қатарына көптеген электронды өлшеу құралдары бар «Хайпер 
Хим»,  «СПАРК»,  «ПАСКО»  т.б.  кешендерді  жатқызуға  болады.  Осының 
ішіндегі  «Хайпер  Хим»  бағдарламасы  тек  электронды  өлшеу  құралдары  ғана 
емес,  сонымен  қатар  «электронды  периодтық  жүйе»  т.б.  көптеген  электронды 
шапшаң есептегіш-көрсеткіш бағдарламалармен қамтылған. Бұл бағдарламалар 
бұрынғы  әртүрлі  кестелер  мен  анықтама  кітаптарына  бөлінетін  уақытты 
үнемдеп, оқушылардың сабақ барысында тақырыпқа сай мәліметпен неғұрлым 
көп  қамтылуына  жағдай  жасайды.  Соңғы  жылдары  ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялар  саласында  ауқымды  ілгерілеу  жұмыстары 
байқалып  отыр.  Барлық  пәндер  бойынша  электронды  оқулықтар  жасалып, 
кеңінен  таралуда.  Оқу-тәрбие  процесіне  электрондық  оқыту  ресурстарын 
енгізу,  электрондық  оқулықтарды  пайдалану,  әр  пәнді  оқытуда  мультимедиа 
мүмкіншіліктерін  қолдану,  демонстрациялау  әдісін  компьютер  негізінде 
жабдықтау,  оқу  және  жобалау  бағдарламаларын  енгізу  қажеттілігі  туындады. 
Осылардың  негізінде  оқу-тәрбие  процесін  ақпараттандырудың  жұмыстары 
басталды.  Ақпараттық  технология  және  жүйелік  бірігу  түрлі  мүмкіндіктерге 
жол ашады. 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кіріктірілген  сабағында  АКТ-ны  қолдану  тек  оқу 
процесін  жеңілдетіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оқушының  да  көптеген 
қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда: 

оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады; 

әртүрлі  мәселелерді  шешу  жолдарын  іздестіру  арқылы  танымдық 
қабілетін дамытады; 

логикалық ойлау қабілетін дамытады; 

жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады; 

қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді. 
Қазіргі  таңда  барлық  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кіріктірілген  пән 
кабинеттерінде интерактивті тақта кеңіненқолданылып жүр және ол оқытудың 
тиімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр. 
Оның мүмкіндіктері төмендегідей: 
1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі; 
2. дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді; 
3.  оқушы  мен  мұғалімнің  шығармашылығында  әңгімелерін  әрлеуге 
көмектеседі; 


17 
4. дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;  
5.  интерактивті  тақта  кітапханасы  арқылы  кез-келген  сурет, 
материалдарды алу мүмкіндігі бар; 
6. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді 
экранда үлкейту мүмкіндігіне ие. 
Еліміздің білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) арналған 
кіріктірілген  оқу  бағдарламасы  мақсаттарының  бірі  –  жеке  тұлғаны 
әлеуметтендіру,  яғни  түрлі  әлеуметтік  топтармен  тіл  табысуға  қабілетті 
азаматтарды  тәрбиелеу.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  ынталандырушы  және 
қолдаушы  ортаны  құра  отырып,  қажетті  тілдік  дағдыларды  дамыту  керек. 
Мұндай  ортада  оқушылар  тілдесімнің  түрлі  формаларын  қолдана  отырып,  өз 
пікірін 
еркін 
білдіре 
алады. 
Оқыту 
процесінде 
оқушылардың 
сыныптастарымен,  мұғалімдермен  және  көпшілікпен  ауызша  және  жазбаша 
қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануын мадақтап отыру қажет.  
Ұжымдық  оқыту  технологиясының  мақсаты  –  қиын  істерді  атқаруда, 
топтық жұмыстарда, келісімге келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білу 
де қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру.  
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқытуы үш тілде білім беру 
саясатына сай мазмұнға негіздеп жүзеге асырылады. Қазақ тілінің мұғалімдері 
үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру үшін, мұғалімдер оқушыларға қазақ 
тілі, орыс тілі және ағылшын тілінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау 
жасата отырып, барлық үш тілге де құрметпен қарауға тәрбиелейді. Жоғарыда 
көрсетілгеннің  барлығы  тілді  меңгертуді  және  мазмұнға  негіздеп  оқытуды 
дамытуға бағытталған.  
Қазақ  тілі  мұғалімдері  бағдарламадағы  басқа  да  пәндермен  байланыс 
орнату  үшін  олардың  тақырыптарын  /  мәтіндерін  /  дағдыларын  / 
тапсырмаларын / оқыту мақсаттарын өз сабақтарына пайдалана алады. Мұндай 
байланыс  оқушылардың  басқа  пәндерді  меңгеруге  қажетті  ғылыми  тілдерін 
дамытуға  көмектеседі.  Мысалы,  тақырыпты  әртүрлі  мақсаттарға  пайдалану, 
салдар  мен  себепті  анықтау,  факті  мен  көзқарасты  ажырату,  тақырыпты  жан-
жақты  талқылау,  әртүрлі  ресурс  көздерінен  алынған  мәліметтерді  бағалау, 
ақпаратты  анық  таныстыру  барысында  қажетті  сөздер.  Тіл  мамандары  пән 
мұғалімдерімен  сол  пәндерде  кездесетін  мәтіндер  мен  тапсырмалар  туралы 
кеңесе  алады  және  бірлесе  отырып,  пәнді  игеруге  қажетті  сөздерді  анықтай 
алады [4].  
«
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнінің  кіріктіріліп  оқыту  бағдарламасында 
тұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесінде  оқушының  білім  алу  деңгейін 
жоғарлатуда, сапасын жақсартуда әрбір сабақтың алатын орны маңызды. 
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі әр пән бойынша ұйымдастырылып 
өткізілетін әрбір сабақтың мақсаты: 
-  
оқушыда  өзінің  әлеуетті  танымдық  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру 
тетіктерін қалыптастыру; 
-  
оқушыда өзін-өзі дамытуға ұмтылыс тетіктерін қалыптастыру; 
-  
жаңа  әдістерді  қолдана  отырып,  өзінің  тұлғасында  ерекше  жақтарын 
ашуға, дамытуға оқушының өзі қатысуына бейімделу тетіктерін қалыптастыру; 


18 
-  
оқушы  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін,  ортасын,  білім  мазмұны  мен  өзінің 
танымдық  күш-қуатын  білімді  сапалы  меңгеруге  қарай  бағыттауда  өзін-өзі 
реттеп отыра алу тетіктерін қалыптастыру; 
-  
өзінің өмірлік тәжірибесін қалыптастыруда, білім алу процесінің керекті 
жерінде қолдануға, өз ойы мен білім алу әдістерінің тиімділігіне сенімді болып, 
өзін-өзі әрдайым қорғай алу тетіктерін қалыптастыру; 

адамгершілік  қасиеттерге  және  еңбексүйгіштік  пен  білім,  ғылыми 
ізденгіштікке өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерін қалыптастыру. 
Тұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесіндегі  сабақтарды  әзірлеу,  ұйымдастыру, 
өткізу, оның нәтижесін талдау барысы: 
-  
деңгейлі  оқыту; 
-  
саралай оқыту; 
-  
жекелей оқыту; 

Субъективтік-тұлғалық оқыту қырларынан қарастырылады. 
Сонымен  қатар,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  кіріктіріліп  оқыту 
бағдарламасын жүзеге асырудың әрекет бағдарлы тұғыр да маңызды орында. 
Оқушының  психикасы  –  әрекеттің  ерекше  формасы.  Яғни,  материалдық 
өмірдің даму барысында ішкі әрекетке, сананың қызметіне айналатын сыртқы 
материалдық қызмет дамуының жемісі. 
Әрекеттің құрылымдық ерекшеліктері мен ішкі деңгейлері «қозғалыс – іс-
әрекет – қызмет» триадасы түрінде де, өзара сәйкестігі бірқалыпты емес болып 
келетін «әрекет, процесс, зат, мотив» түрінде де кездеседі.  
Әрекеттің  ішкі  дифференциалды  құрылымы  пайда  болуы  –  ұжымдық 
қызметтің салдары. Адам әрекетінің құрылымы өзгергенде, оның санасының да 
ішкі  құрылымы  өзгереді.  Әрекеттің  сыртқы  және  ішкі  түрлері  бар.  Әрекет 
теориясының қазақ тілін оқыту процесіне байланысты танылуы арқылы әлі де 
жаңа бағыттар мен жаңа әдістер табылуы болашақтан күтіледі. 
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. 
Өйткені,  қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының 
парасаттылығымен  анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі  болашақтың 
талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, 
ой-өрісі  кең,  саналы,  еркін  азамат  етіп  тәрбиелеу  қажеттілігі  де  осы  себептен 
туындап отыр. Оқушы бойындағы тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығы 
да міне, осында. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет