2.Діни топтардың жалпы ерекшеліктері мен түрлері
Әлеуметтік топтардың жоғарыда аталған жалпы ерекшеліктерін діни
топтардан да кӛруге болады. Негізінде діни топтар әлеуметтік топтардың
ерекше түрін құрайды. Дін социологиясындағы діни топтар мәселесі бір
діннің қандай әлеуметтік топтарда ӛмір сүретіндігін және қандай әлеуметтік
топтардың тууына себеп болатындығымен тығыз байланысты болады.
Шын мәнінде әрбір дін әлеуметтік топ болып табылатын қоғамда пайда
болады және жайылады. Ӛйткені әлеуметтік ӛмірде біз дінді әрдайым бір
кӛпшіліктің, жамағаттың, үмметтің, топтың, адамзат қауымдастығының
ішінен таба аламыз. Бұған қоса діннің адамдарды бір бірімен
байланыстыратын және біріктіретін ықпалы бар. Бір дінге сенетін адамдар
бір бірлікті және қауымдастықты құрайды. Діни топтарды тұтастай етіп
қарастырған кезде діннің негізгі екі әлеуметтік топ ретінде ӛмір сүретіндігін
анықтауға болады. Оның бірінші формасы діннің органикалық жамағат
ішінде пайда болғаны. Бұған «табиғи діни топтар» делінеді. Екіншісі болса
«таза діни топтар» деп аталады.
Қоғамдық ӛмірде кіздесетін топтардың кейбірі табиғи тұрғыдан бар
болған топтар. Олардың мүшелерін қан, отбасылық, туысқандық, кӛршілік
секілді органикалық жамағат байланыстары біріктіреді. Мәдениет пен
ӛркениеттің ең тӛменгі сатыларындағы азық іздеу, терімшілік, баспана,
құрал-сайман мен қару жасау, аңшылық пен соғыс т.б. ортақ іс-әрекеттер мен
қажеттіліктер органикалық байланыстармен бір-бірімен тығыз қарым-
қатынастағы, табиғи және бір-біріне жақын орналасқан топтардың мүшелерін
одан да жақындата түседі. Бұл факторлардың арасында діннің де ӛзіндік ролі
бар. Осылайша қандастық немесе кӛршілікке негізделген бұл топтар,
сонымен қатар сенім мен құлшылық бірліктерін де құрайды. Міне осылайша
органикалық жақындықтармен діни байланыстар шым-шытырық араласып
кеткен мұндай топтар «табиғи діни топтар» деп аталады.
Діни топтардың осылайша екіге бӛлінуінің себебі, табиғи діни топтар
алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдардағы политеистік халықтық дін
сипатында кӛрінсе, «таза діни топтар» немесе «діннен пайда болған топтар»
дамыған және монотеистік діндері бар қоғамдық сипатта кӛрінеді.
Табиғи діни топтар: Отбасы. Ру. Аймақтық ұйымдар (ауыл, қала).
Тайпа және ұлт. Жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты құрылған
ұйымдар.
Отбасы. Отбасы органикалық жамағат байланыстарымен мен діни
байланыстар бір бірімен араласып кеткен табиғи діни топтардың
характеристикалық бір мысалы болып табылады. Негізінде дін секілді отбасы
институты да барлық қоғамдарда кездесетін негізгі әлеуметтік элемент болып
табылады.
Шын мәнінде отбасы адамзат тарихының әсіресе алғашқы кезеңдерінде
ең алдымен діни жамағат ретінде кӛрініс табады. Мысалы, германдық
отбасысының мүшелерін байланыстыратын фактор қандастық емес
«қасиетті» немесе «киелі» күштердің ықпалы болып табылады. Сол секілді
кӛне Египет пен Израильде және тіпті барлық алғашқы және политеистік
халықтардың діндерінде де отбасылық байланыс киелі негізге барып тіреледі.
Қазіргі таңда да отбасылар белгілі бір деңгейде діни функциялардың
орындалуында айтарлықтай ролі бар екендігін кӛруге болады. Отбасылық
тип үстем болған қоғамдарда отбасы бірлігі сенім мен құлшылықтың да
бірлігі болып табылады.
Құдайлардың қасиетті үйленуі кӛне грек, жапон т.б. кездесетін және
адамзаттқа қатысты оқиғаның тәңірлерге де қатыстылығын бейнелейтін
назар аударарлық оқиға болып табылады. Сонымен қатар бойдақтық та кейде
діни мәнге ие болады. Мысалы Ацтек, иудаизм, манихеизм, буддизм және
христиандық. Отбасында діни маңызы бар тағы бір оқиға да ӛлім болып
табылады. Кӛне Перу, жапон, Қытай т.б. ӛркениеттерде, кӛбінесе ұлттық
діндерде аталарға табыну култьі маңызды орын алады. Демек отбасылық
сезім қаншалықты күшті болса ата-бабаларға табыну да соншалықты күшті
болады.
Әулет. Ру. Клан. Отбасынан үлкенірек органикалық топқа әулет немесе
ру жатады. Клан деген сӛз кельт тілінен алынып, ұл немесе бала дегенді
білдіреді.
Табиғи діни топ ретінде клан ӛздерін белгілі бір ӛсімдік, жануар немесе
заттан пайда болған деп есептейтін адамдар тобын білдіреді.
Әулеттің мүшелері тең құққа ие болады. Әулеттің бүртұтастығында да
діннің үлкен орын алатындығын айтуға болады.
Аумақтық топтар: ауылдар мен қалалар. Діни топтар тек қана
отбасылық немесе қандастық сипатта болмайды, сонымен қатар тұрғылықты
жайға қатысы да бар. Ауылдық жерлердегі адамдар қалалық жерге қоныс
аударуда және бұл жерде де діннің айтарлықтай үлесі бар.
Тайпа және ұлт. Қандастықпен бірге кӛршілік факторы да рол
ойнайтын органикалық жамағаттың бірі де тайпа болып табылады. Негізінде
әрбір тайпаның ӛзіне тән діні болады және жалпы алғанда политеисттік
діндер тайпалық діни мәнге ие болады.
Қандастық пен кӛршілік факторларымен қоса ортақ тарих пен
дәстүрлері бар әлеуметтік топтың біріне ұлтты жатқызуға болады. Шын
мәнінде ұлттар ең алдымен туыс, дәстүрі, тілі, мәдениеті мен діні бір
адамдардан құралады. Сол себепті де ұлттардың ӛзіне ғана тән діни формасы
болады. Яғни ұлттар табиғи және органикалық топтық байланыстармен
күшейген әлеуметтік топқа жатады. Мысалы «ұлттық діндер» бір ұлтқа тән
сенім мен құлшылықтың типтік үлгісі болып табылады. Сондай-ақ бір
ұлттың мүшелерінің кӛптеген діндер мен мазхабтарға мүше болатындығын
(діи плюрализм) да кӛруге болады. Ал бұл жағдай болса кӛптеген әлеуметтік
проблемаларға себеп болады.
Кӛп жағдайда ұлттық діндерде бір қаланың тәңірісі уақыт ӛте келе
басқалар тарапынан да қабылданып бір ұлттың дініне айналғандығын кӛруге
болады. Мысалы Ассириялықтарда Ассур құдайы ең бірінші Ассур
қаласының құдайы болып, кейін қала мемлекеттің астанасына айналған соң
ол да ұлттық құдай кейін империядағы құдайға айналды. Нәтижеде қаланың
аты мен құдайдың аты бірдей атпен атала бастаған. Басқа мысал, Мемфис
қаласының құдайы болып кейін империяның құдайына айналған Амон Раның
жағдайы да осындай. Кей кездері мұндай құдайлар тек империяның ғана
құдайы емес құдайлардың құдайы да болған. Рим діні де әуелі қаланың діні
болды. Кейін рим империяға айналған соң ол Жерорта қалаларының
құдайларына айналды.
Бір ұлт мүшелерінің ортақ дінге ие болуы олардың әлеуметтік
тұрғыдан бірігуі мен діни тұрғыдан да бірігуіне мүмкіндік береді. Бұған
иудаизмді мысал ретінде келтіруге болады. Сол секілді неміс халқы да
хистиандықты қабылдау арқылы бір ұлт тӛңірегінде топтаса алды. Түркі
халықтары да ислам дінінің аясында ӛздерінің ұлттық менталитеттерін
қалыптастыра алды. Бұл туралы З.Гӛкалп ислам түріктердің ұлттық бірлігі
мен мәнін қалыптастыруда және оны сақтауда негізгі ролді атқарғандығын
атап кеткен. Сондай-ақ ол ислам дінінен ажыраған түріктер ӛз
менталиеттерін де жоғалтып, басқа мәдениет, басқа ұл, басқа діннің ішінде
ассимиляцияға ұшырағандығын да баса кӛрсеткен.
Жалпы ұлттық діндер алғашқы дәуірлердің діндері болып табылады.
Уақыт ӛте келе осы діндер ӛзгеріске ұшырайды.
Жас пен жыныстық ерекшеліктерге қарай құрылған ұйымдар. Табиғи
байланыстар мен діни байланыстар біріккен топтасудың бірі түрі. Себебі
бірдей жастағы және бірдей жыныстағы адамдар тығыз қарым-қатынастағы
діни топ құра алатындығын жоққа шығара алмаймыз. Алғашқы
мәдениеттерде мұның мысалын кӛруге болады. Шығыс және батыс Африка,
Полинезия, Меланезия, Австралия, Мексика және Америка аборигендері мен
кӛне Греция мен Римде де жартылай немесе толықтай жас ерекшеліктеріне
қарай құрылған құлшылық топтарын кӛруге болады. Спарталықтарда жас
ерекшеліктеріне қарай алты топ болды. Исламдағы ихуан ас-сафада да жас
ерекшеліктеріне қарай бӛлу орын алған. 15-30, 31-40, 41-50, 50-ден жоғары
болғандар бӛлек топтасқан. Замандастар арасындағы достық рухани және
діни байланысқа да айналады.
Жыныстық ерекшеліктерге келер болсақ, Жаңа Гвинеяда әйелдердің
кӛптеген ұйымдары болғандығын кӛруге болады. Кейде жыныстық
ерекшеліктер мен жас ерекшеліктері бірігіп кеткен тұстары да болады. Кӛне
Грецияда Геркулес ерлердің, Афродита да әйелдірдің пірі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |